Аймақтар • 10 Ақпан, 2021
Түркістан облысының полицейлері көршісінің дүкеніне ұрлыққа түскен жігітті ұстады, деп хабарлайды Еgemen.kz
Әдебиет • 10 Ақпан, 2021
Қазақ философиясының төрінен орын алатын, ірі ойшылдың бірегейі – Шәкәрім Құдайбердұлы. Оның білімді болғаны сонша, екінің бірі данышпанның ойын дұрыс түсіне алмауы мүмкін. Ел арасында қате түсініктердің де қалыптасып жатқаны осында жатыр. Шәкәрімді түсіну үшін әлем философтарының тұжырымдарынан, тұңғиық тарихтан хабардар болмақ керек. Ол қай заманның да білімдары жастайынан араб, орыс, түрік тілдерін өте жетік меңгерген. Соның арқасында көптің қолы жетпеген құнды еңбектерді оқып, әлі күнге дейін көптің тісі батпайтын еңбекті жазып шықты.
Әлем • 10 Ақпан, 2021
Жаһанды қалпына келтірудегі көпжақты әріптестік
Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы төменде жариялаған мақалалар топтамасында коронавирус дағдарысымен күрес мәселелері сөз болады. Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Сенегал президенті Маки Салл, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйеннің авторлығымен шыққан «Жаһанды қалпына келтірудегі көпжақты әріптестік» атты мақалада дағдарыспен күрестегі маңызды мәселелер сөз болады. Мақалада пандемиядан кейінгі әлемді қалпына келтіру үшін жаһандық әріптестік қажет екені айтылады. Сондай-ақ әлем көшбасшыларының ортақ мәмілеге келуінің маңызына тоқталған. Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің халықаралық саяси экономика профессоры Дани Родрик өз мақаласында Африкадағы және кедей елдердегі технологиялық дилемма жөнінде ой қозғайды. Автордың айтуынша, аз жұмыс күшін қажет ететін, бірақ көп өнім шығаратын заманауи технологиялар табысы төмен елдерге тиімсіз болып отыр. Айта кетейік, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
Руханият • 10 Ақпан, 2021
Қазақ тарихындағы ауыр зұлмат: Ашаршылық салдарына бүгінгі көзқарас
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев осы жылы 5 қаңтарда жарық көрген «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында еліміздің өткені мен бүгініне шолу жасап, алдағы мақсаттарымызды айқындай түсті. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін мемлекетіміздің әр саладағы жетістіктерін саралай келе, алдағы уақытта атқаруға тиіс кезек күттірмес шаруаларды арқау етті.
Әлем • 10 Ақпан, 2021
Кедей елдердегі технологиялық дилемма
Project Syndicate жобасы аясында «Egemen Qazaqstan» басылымы төменде жариялаған мақалалар топтамасында коронавирус дағдарысымен күрес мәселелері сөз болады. Франция президенті Эммануэль Макрон, Германия канцлері Ангела Меркель, Сенегал президенті Маки Салл, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гуттериш, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель, Еуропалық комиссия президенті Урсула фон дер Ляйеннің авторлығымен шыққан «Жаһанды қалпына келтірудегі көпжақты әріптестік» атты мақалада дағдарыспен күрестегі маңызды мәселелер сөз болады. Мақалада пандемиядан кейінгі әлемді қалпына келтіру үшін жаһандық әріптестік қажет екені айтылады. Сондай-ақ әлем көшбасшыларының ортақ мәмілеге келуінің маңызына тоқталған. Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебінің халықаралық саяси экономика профессоры Дани Родрик өз мақаласында Африкадағы және кедей елдердегі технологиялық дилемма жөнінде ой қозғайды. Автордың айтуынша, аз жұмыс күшін қажет ететін, бірақ көп өнім шығаратын заманауи технологиялар табысы төмен елдерге тиімсіз болып отыр. Айта кетейік, әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялау Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жарық көріп отыр.
Руханият • 09 Ақпан, 2021
І. «Мақсат алыс, өмір шақ» Абай Орыс ғалымы, этнолингвист Д.Н.Овсянико-Куликовскийдің (1853-1920) пікірі бойынша сәбидің тілі шыққанға дейін ұлттық психологиялық белгілері болмайды, ол «интернационалист».
Руханият • 09 Ақпан, 2021
Сәкеннің туған інісі Мәжиттің күйеу баласы (үлкен қызы Рымжанның күйеуі) Қарпық Құсайынов − ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы. Рухани жағынан жан-жақты білімді, ой өрісі кең, әдебиет пен музыкаға зерделі эстет жан. Ғалымдар қауымының ортасында беделді, сыйлы азамат. Зипа бойындағы ізеті, пәк сезімді тазалығы, ішкі мәдениеті жан біткенді жылы мейірмен баурайды. Осы қасиеті кісілік келбетіне жарасып-ақ тұрады. Бұл кісімен көп араластым. Қисыны келіп әңгімелесе қалсам, өзі туып-өскен Жаңаарқа елінің арғы-бергі тарихын түптен тартып, тереңнен қозғайды.
Аймақтар • 09 Ақпан, 2021
Жаңаөзен тұрғыны жұмысқа тұрмақ болып 4 млн теңгесінен айырылды
Елордалық алаяқ Жаңаөзен тұрғынынан жұмысқа тұрғызу үшін 4 млн теңге ақша алған, деп хабарлайды Еgemen.kz
Аймақтар • 09 Ақпан, 2021
Бесқайнар ауылының тұрғыны үйінде арыстан асыраған
Алматы облысының Бесқайнар ауылының 28 жастағы тұрғыны ересек арыстанды бағып келген, деп хабарлайды Egemen.kz
Әлем • 09 Ақпан, 2021
Ер адам вирус жұқтырған адамның сілекейін 70 долларға сатып алған
Түркияда автосалон қызметкері COVID-19 жұқтырған адамнан сілекей сатып алып, оны шайға араластырып, бастығына берген. Енді ол сот алдында жауап бергелі жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz