Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Қоғам • 05 Ақпан, 2021

«Соғыс балаларының» көрген қиындығы аз ба еді?

Екінші дүниежүзілік соғыстың біткеніне 75 жылдан астам уақыт өтсе де, сол кезде тылда өмір сүрген біздің көрген азап, бастан кешкен қайғылы оқиға әлі күнге дейін көз алдымызда.

Пікір • 05 Ақпан, 2021

«Бір сәт – бүкіл ғұмыр» мақаласына орай...

«Egemen Qazaqstan» газетінде жария­ланған «Бір сәт – бүкіл ғұмыр» (№9, 14 қаңтар, 2021 жыл) атты мақаланы оқи отырып, тарихи тұл­ға­лар түскен сурет бол­ғандықтан және кей­бір ақпараттарды нақтылап, анықтап кету мақсатымен осы пікір жазбаны жол­дап отырмыз. Себебі Дінмұхамед Қонаев­тың Абай жері­не келуі туралы естелік әңгімені ба­ла кезімнен әкем мен анамнан ес­тіп өсіп едім. Себебі ол кісілер аудан­ның, ауылдың басшылығымен бірге Жидебайда Д.Қонаевқа түскі ас беру шаруаларына араласып, тіпті қоштасарда анамның қасына келіп: «Рахмет, сау бол, қарындасым», деп қолын ұстап, сосын: «Қарындасым-ау, өзің жаурап қалыпсың ғой», деген ағалық ықыласы мен пейіл білдір­генін үнемі айтып отыратын. Сол кезде құралай ерте түсіп, күн салқын болған екен.

Руханият • 05 Ақпан, 2021

Ұлылық сыры: Жамбыл мен Сәбит

Қазақтың ұлттық әдебиеті мен мәдениетінің тарихында Жамбыл Жабаевты жан-жақты білген, тығыз қарым-қатынаста болғандардың бірі – Сәбит Мұқанов. Ол Жамбыл шығармаларын жариялау және зерттеу ісіне үлкен үлес қосты. Ақын шығармаларының қашан, қалай хатқа түскені, жинақтарының құрастырылуы, өмірбаяндық материалдары қалай жиналғанынан бастап, ақындық жолының басталуы, ортасы (ұстазы, замандастары), шығармаларының жанры, тақырыбы, көркемдігі хақында бағалы еңбектер жазды. Жамбылдың салт жүріп, табиғат пен оның құбылыстарын, далада жайылған мал, жайқалған егінмен байланысты сәттерді көруге құмар болғандығын айтып, сезімін қозғаған көріністерді көркем сөзге айналдырған жырларының жазылып алынбағанына өкініш білдірген. 1946 жылы жарияланған Жамбыл шығармаларының толық жинағының жалпы редакциясын басқарып, алғысөзін жазған Сәбең ақынмен бірге жүрген кездерінде байқаған, ойға түйген жайларын естелік қылып айтып, оның шығармалары туралы ғылыми негізделген тұжырымдар жасаған. Жазушының Жамбыл туралы қазақша, орысша 15-тен астам ғылыми мақаласы республикалық газет-журналдарда басылды.

Экономика • 05 Ақпан, 2021

Тасымал ауқымы артты

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС өткен жылдың желтоқсанына дейін Павлодар стансасынан Новосібір стансасына (РФ) тағайындалған салмағы 41 тоннаға дейінгі 20 футтық ірітонналық контейнерлерге алюминий тиеуді және қабылдауды келісті.

Экономика • 04 Ақпан, 2021

Көлік салығын есептеудің ең оңай жолы айтылды

Азаматтардан өтініштердің көптеп түсуіне байланысты Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдары салығын қалай оңай есептеуге болатынын еске салды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем • 04 Ақпан, 2021

Гавайи билігі туристердің ұялы телефонына арнайы қосымша орнатуды міндеттеді

Мауи аралының билігі келген туристерге телефондарына арнайы қосымша орнатуды бұйырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем • 04 Ақпан, 2021

АҚШ үкіметіне трансгендер вице-министр келді

Джо Байден АҚШ денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары лауазымына 62 жастағы трансгендер Рейчел Левинді тағайындады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қоғам • 04 Ақпан, 2021

Қазақстанда жаңа мереке күні пайда болады

Ішкі істер министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндер тізбесіне толықтыру енгізу туралы Үкімет қаулысының жобасын дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 04 Ақпан, 2021

Алматы маңында жер сілкінді

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 4 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 10 сағат 12 минут 52 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Әлем • 04 Ақпан, 2021

Украина Зеленскийге импичмент жарияламақ

«Оппозиционная платформа — За жизнь» партиясы Украина президенті Владимир Зеленскийге импичмент жариялау рәсімін бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Ria.ru ақпараттық порталына сілтеме жасап.