Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18952 материал табылды

Фотогалерея • 01 Мамыр, 2020

Жауқазыны Жамбылдың

«Біз біргеміз!» акциясы аясында облыстық «77TV» телеарнасы төтенше жағдай кезінде ел назарын Табиғат ананың тылсым сұлулығымен қанықтыру мақсатында ерекше игі бастаманы қолға алғаны белгілі.

Қоғам • 01 Мамыр, 2020

Достық үйімен достастық орнаған

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы мен Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі арасындағы белсенді ынтымақтастық 2016 жылы 1 қазанда осы университетте Шет тілдер кафедрасы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы ашылған кезде басталды. Осы қысқа мерзім аралығында екі ұйым арасындағы әріптестіктің жаңа бағдары белгіленіп, түрлі жобалар, идеялар ұсынылды.

Тарих • 01 Мамыр, 2020

Әскерге «шақырылған» түйелер

Алдымен бұл мақаланы жазуға түрткі болған жайтты айтайы­н. Жеңістің 75 жылдығы қар­са­ңында ТМД елдерінің көрер­мендері үшін ашылған «Победа» телеарнасы бар емес пе?! Мақ­саты 1941-1945 жылдардағы кеңес және одақтас елдер армияларының қаһармандық қимылы туралы соңғы 78 жыл ішінде түсірілген деректі, көркем фильмдерді көрсету болып табылатын ол бағдарламаның әсері ғажап-ақ. Міне, таяуда солардың ішіндегі «Жау тылындағы майдан» және «Берлин үшін шайқас» атты екі кинотуындыдан көп ешкім күтпеген кадрлардың қылаң беріп, жалт ете түскені!..

Білім • 01 Мамыр, 2020

Қашықтан оқытудың тиімді тұстары көп

Бүгінде білім саласы, оның ішінде мектептер оқушыларға қашықтан білім беру бойынша күрделі, маңызды да мазмұнды міндеттер атқаруға бел буды. Сандық технологиялар дәуірінде, әрі дәл қазіргі жағдайда қашықтан дәріс беру жүйесіне көшуі заман талабы болып отыр. Білім және ғылым министрлігі еліміздегі мектептерде қашықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтан жүргізуге нақты қадамдарды ұсынды.

Абай • 01 Мамыр, 2020

Ұлы Абайды ұлықтаған ұстаз

Ұлы Абайдың 175 жылдығына орай Шығыс Қазақстан облысында кешенді іс-шаралар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Соның ішінде Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен облыс мектептері мен колледждерінде «Абайтану» курсы бойынша авторлық өңірлік бағдарлама мен оқу-әдістемелік кешені әзірленіп, материалдық-техникалық базасы жабдықталған «Абайтану» кабинеттерін ашу көзделіп отыр.

Саясат • 01 Мамыр, 2020

Елді сүйсінткен есті сөз

Ақылды адамдар оқиғаның алдын алып, уақыттан озып жүреді. Әлемді әбігерге салған тәж-тажал бастала салысымен Қазақстан Президенті Қ.Тоқаев өзге біраз мемлекеттерден бұрын төтенше жағдайды шұғыл, дер кезінде жасап, Жаратқан ием жомарттықпен сыйлаған кемел ойлы кемеңгерлікпен өте дұрыс шешім қабылдады. Соның нәтижесінде тәж-тажалдың ауыр салдарын айтарлықтай жеңілдетті.

Қазақстан • 01 Мамыр, 2020

Біз – бір халықпыз

Жылдағы дәстүрге сай, 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күнінде қазақ халқына ықылас-лебізін білдіретіндер аз емес. Өйтпегенде ше, адамдарды түр-түсіне бөлмей, әлі күнге қонағын құшақ жая қарсы алатын қаракөздеріміз шыны­мен бұған лайық. Әсіресе мұның маңыздылығы қазіргідей жер жүзінде діни және ұлттық сипаттағы шиеленістер өршіп тұрған уақытта ерекше байқалады.

Аймақтар • 01 Мамыр, 2020

Сарыарқадағы Саржалын сағынады екен!..

Семейден шығып, солтүстікке – сайын Сарыарқаға бет алғаныңызда жолай кезігетін Қарасудан кейінгі екінші бір іргелі ауыл Саржал деп аталады. Бұл өңір – кешегі Алашорда Үкіметі төрағасының орынбасары болған Халел Ғаббасов, тағы бір Алаш арысы Ахметжан Қозыбағаров, сол заманда Семейде шыға бастаған «Қазақ тілі» газетінің редакторы, ал одан кейінгі жерде «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Egemen Qazaqstan») газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқарған Шәймерден Тоқжігітовтің және тағы басқа көптеген қасқалар мен жайсаңдардың кіші отаны.

Қоғам • 01 Мамыр, 2020

Ең қадірлі құндылық

Ел бірлігі, ел ынтымағы – баға жетпес құндылық. Осынау құндылығымыз барынша дәріптелер 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні биыл елімізде өзара көмек, қайырымдылық қадамдар жасау бағытында аталып өтпек. Оның басты себебі – елдегі төтенше жағдай режімі.

Руханият • 01 Мамыр, 2020

Бірлік – халқымыздың басты байлығы

Биыл еліміз Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығын атап өтуде. Сондай-ақ біз 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін де 25-ші рет атап өтеміз. Бұл маңызды екі оқиғаның қатар келуі жай ғана сәйкестік емес, заңдылық. Оның себебі мынада: Мерекенің мәні мен мағынасы Қазақстан халқы Ассамблеясы қыз­метінің мәні мен мағы­насына толық сәйкес келе­ді, бұл – жалпыұлттық бір­­лікті нығайту, этнос­ара­лық қаты­настар­дың тұрақ­тылығы мен үйлесімі, Қазақстан халқының мәде­ниет­аралық үнқатысу мен қоғам­дық келісім негізінде бірігуі.