Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
18952 материал табылды

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2019

Қиын сәтте де бірге болғанбыз!

Тәуелсіздік деген теңдессіз қуаныш, басымыздағы бақыт. Жер бетін мекен еткен халықтың арасында қырыққа жуық түркі ұлты өмір сүреді екен. Олардың жалпы саны әлем халықтарының ішінде 250 миллион шамасында екенін біліп отырмыз. Бұл көрсеткіш Ресей құрамындағы жалпы адам санымен барабар деген сөз. Осы қырықтан аса түркі ұлтының ішіндегі алтауы дербес мемлекет. Солардың бірі – менің Отаным Қазақстан. Көз алдымызда өткен тәуелсіздіктің отыз жылға таяу мезгілі әне-міне дегенше өте шығыпты. Бұл отыз жыл әлденеше ғасырлық тарихты басымыздан өткізгендей шежіреге толы, оқиғаға бай, табысқа кенелген, таңғаларлық керемет кезең болды дер едім.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2019

Тәуелсіздік һәм түркі жұрты

Қазақстан өз егемендігінің жиырма сегіз жылдығын шоң салтанатпен атап өтуде. Тәуелсіздігін жариялағаннан бергі мезгілде Республика орасан зор игілікке қол жеткізді, қуатты мемлекетке айналды. Осы жылдары Қазақстан әлемдегі бәсекелестікке қабілетті елу мемлекеттің қатарына қосылып, енді озық отыз мемлекеттің көшіне кіруге бет алды.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2019

Ел абыройын асырған жаһандық бастамалар

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап әлемдік саясаттың белді әрі белсенді мүшесіне айналды. Қазақстан сыртқы сая­сатта бірден ынтымақтастық, ядролық қаруды таратпау, қауіпсіздікті сақтау, интеграция, тұрақты даму қағидасын қолдайтынын көрсетті. Қолдап қана қоймай, жаһандық деңгейдегі бастамаларды уақтылы көтеріп, байыпты, батыл іске асыра білді.

Аймақтар • 16 Желтоқсан, 2019

40 пәтердің кілтін тапсырды

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов Семей қаласы Қарағайлы шағын ауданындағы көпсалалы мәдени-спорттық кешеннің ашы­луы­на қатысты. Осы шара барысында Әлихан Смайылов пен Шығыс Қазақстан облы­сы­ның әкімі Даниал Ахметов жергілікті 40 азаматқа жаңа пәтердің кілттерін табыстады.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2019

Түркияда тойланды

11 желтоқсанда Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні тойланды. Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен өткен ресми қабылдауға Түркия Республикасы атынан бас қонақ ретінде Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі (ТҰҰМ) төрағасы профессор Мұстафа Шентоп қатысты.

Парламент • 16 Желтоқсан, 2019

Еңбегімен ерекшеленгендерге лайықты құрмет

Мәжілісте Президент Жарлығымен мемлекеттік марапаттарды тапсыру рәсімі өтті. Палата Төр­ағасы Нұрлан Нығматулин Мемлекет басшысының атынан депутаттарға және аппарат қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Парламент • 16 Желтоқсан, 2019

Мемлекеттік наградалар тапсырды

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назар­баева Сенат депутат­тары мен аппарат қызмет­керлеріне мемлекеттік марапаттарды табыс етті.

Әлем • 15 Желтоқсан, 2019

Билл Гейтс: Үкімет мен сияқты ауқатты адамдарға салықты өсіруі керек

Әлемдегі екінші бай адам Билл Гейтс CNN-ге берген сұхбатында өмірінде 10 миллиард доллар салық төлегенін айтқан. Сондай-ақ ол «бірақ одан да көп төлеуім керек» деген. Бұл туралы lifter.com хабарлады.

Басылым басшылары • 15 Желтоқсан, 2019

Басылым басшылары - Жүсiпбек АЙМАУЫТОВ (02.1921-10.1921)

Ж.Аймауытов қазiргi Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Қызылтау атырабында туған. Әкесi Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында бiлiктi кiсiлер екен. Жүсiпбек жастайынан арабша хат танып, оқу үйренген. 15-16 жасында Павлодарға барып, орысша-қазақша екi кластық мектепке түседi. Бiр жағынан бала оқытып, қаражат табады.