Аймақтар • 25 Мамыр, 2020
Вирус Ресейден келгендерден жұғып жатыр
Соңғы күндері Солтүстік Қазақстан облысында Ресейден келгендер арасынан алты адамнан жаман індетті жұқтырғандар анықталды. Сөйтіп, осы уақытқа дейін мұнда тұрақтанған індет бірден 15 пайызға көтеріліп, 46 адамның бойынан табылып отыр
Аймақтар • 23 Мамыр, 2020
Бір көшеде екі жердегі жаяуларды екі машина соқты
Кеше Петропавлдың Чайковский көшесінен Астана даңғылына қарай бұрылған кезде «Daimler» көлігі жаяу жүргіншіге бағдаршам талабына сәйкес жол бермей, соғып кеткен. Алғашқыда талып қалған қаланың 23 жастағы тұрғыны ауруханаға жеткізілген соң есін жинап, медициналық тексерістен өткен соң үйіне жіберілді.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2020
Карантинде тигізген көмек ұмытылмайды
СҚО-дағы Ғабит Мүсірепов ауданының Червонное ауылы облыстағы коронавирустық инфекция ошақтарының біріне айналған. Осы шағын ауылдан ғана мамыр айында 3 инфекция жұқтырған адам табылды. Олар үшеу ғана болғанымен жұқтырушылар көп болатыны белгілі. Ал ауыл тұрғындарына қаладағыдай қатаң карантиндік талап орната алмайсың. Бір-бірін жақсы білетін тұрғындар індетті елемей, режімді сақтамай жүре береді. Осы жағдайды ескеріп облыстық Полиция департаментінің басшылығы жедел қимылдайтын арнайы жасақтың он қызметкерін аудандық полиция бөліміне көмекке жіберген еді.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2020
СҚО-да патрульдер құтқарушының да қызметін атқарып жүр
Өткен жылы Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес Солтүстік Қазақстанның патрульдік полиция экипаждары құтқару құралдарымен жабдықталған болатын. Қазір полицейлерде төтенше жағдай кезінде пайдаланылатын 20 құтқару жиынтығы бар. Бұл жиынтық құтқару жилеті, дөңгелек, арқан, өрт жамылғысы, металл кесетін ара мен қайшы, ауыр балға, шам және тағы басқа тұрады.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Алдымен ақсақалдарға сәлем берді
Ғани Нығыметовтың Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалғанына көп бола қойған жоқ. Қазір ол халықпен, елмен, жермен танысу үстінде. Алдымен облыстың ең шалғай аудандары - Ақжар мен Уәлиханов аудандарына барып қайтты. Алғашқы сапарын Алаштың арда перзенттерінің бірі Смағұл Сәдуақасовтың туған жерінен бастағанына солтүстікқазақстандықтардың іші жылып қалды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Қазір жастар өздеріне қайтсе де жұрт назарын аудару үшін түрлі айла-шарғыға барып жатыр. Солайша тез танылудың жолын іздейді. Бұл қазақтың «атың шықпаса жер өрте» дегенінің нақ өзі.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2020
Қоғамдық көліктерде санитарлық нормалардың сақталуы шарт
Санитарлық нормаларды сақтау шартымен қазір Солтүстік Қазақстан облысында барлық қоғамдық көліктер жүре бастады. Алайда нормаларды сақтау жиі бұзылады. Сондықтан бұл талаптың орындалуын тексеріп тұрмаса болмайды.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2020
СҚО: Соңғы 7 жылда 180 адам суға батып кеткен
Солтүстік Қазақстанда биыл жаз маусымы ерте басталып, карантиндік шектеулер азайтылып, суға түсу көбеюіне байланысты облыстық ТЖ департаментінің бастығы, полковник Рамил Камалов брифинг беріп, қауіпсіздік мәселелерін ескертті.
Аймақтар • 21 Мамыр, 2020
СҚО: Еріктілер мен полицейлер интернет-алаяқтыққа қарсы күш біріктіруде
«Қамқор» еріктілер клубының өкілдері полицейлермен бірге халыққа оңай олжа іздеушілердің қылмыстық әдіс-тәсілдері туралы ескертетін жадынамалар таратты.
Аймақтар • 20 Мамыр, 2020
Жол инфрақұрылымы жоғары деңгейде болуы керек
СҚО-да жол сапасы үлкен проблеманың бірі. Сапасыз салынған жолдар аз уақытта бұзылып жатады. Ал дұрыс жолдарды күтіп ұстауға тиісті қызметтер талапты жеткілікті дәрежеде орындамайды.