• 19 Маусым, 2017
«Спортигте» нең бар еді, құлыным?..»
Байқай бермейміз, қазіргі қазақтар тым икемделгіш болып барады. Сонда жақсылыққа икемделгіш болса жарайды ғой, бірақ қайдағы бір «әсіре қызыл – тез оңар» дейтін дүниелерге еліктегіштігімізді, құмарлығымызға не айтасың. Осының өзі Президент айтқан ұлттық кодымызды жоғалта бастағанымыздың көрінісі емес пе екен?
• 11 Мамыр, 2017
Халықты категорияларға бөліп, жіктеп талдағанда, оның негізгі бөлігі қарапайым халық екендігін көреміз. Бұл – кез келген ұлттың кем дегенде 80 пайызын құрайтын ең басым бөлігі. Ғылыми тілмен оны «масса» деп атаса, қазақ баспасөзінде «көпшілік, бұқара» деген сөздермен «тәржімалап» жүрміз.
• 21 Сәуір, 2017
Сөздің өтімділігі, тыңдаушының құлағына қонып, жүрегіне жетімділігі алдымен сөйлеушінің шеберлігіне, нақтылығына, шыншылдығына және қарапайымдылығына байланысты. Кейде шешеннің дауыс ырғағының құлаққа жағымдылығы мен анық естілуі де айтылған сөздерді тез ұғуға, ықыласпен қабылдауға ықпал етеді. Радио мен теледидардың жүргізушілерін, әсіресе, осы қасиетіне қарап қабылдайды.
• 12 Сәуір, 2017
«Қалдық қағидатынан» құлан-таза арылдық па?
Әлхамдулилла, тәуелсіздік алғанымызға 25 жылдан асып барады. Біреуден ілгері, біреуден кейін жүріп жатырмыз. Жетістігіміз көп, жетпегеніміз де жетерлік. Бірақ бәріне де шүкір дейміз, әйтеуір «жоқ» дегеннен аулақпыз. Халықтың негізгі бөлігі орта деңгейіміздегілер. Шылқығын байлар мен сіңірі шыққан кедейлер де бар, бірақ олар аз. Қоғамда ондайлардың болуы да заңды.
• 05 Сәуір, 2017
Ядролық қауіп ортақ тіл табуға итермелейді
АҚШ президенті Дональд Трамптың халықаралық саясаттағы дипломатиялық қарымын сынайтын сын сағаты туып тұр. Ол алдағы бейсенбі күні Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен Флорида штатындағы өзінің дербес үйі Мар-а-Лагода екі күндік саммит шеңберінде кездеседі. Осы саммитте Д.Трамп Қытай лидерін өзін алаңдатып отырған мәселені бірлесіп шешуге көндіре ала ма, жоқ па деген күдікті АҚШ баспасөзі жарыса жазуда.
• 14 Наурыз, 2017
Ескерткіш орнату – өте ерте заманнан басталған дәстүр. Алдымен ежелгі Грекияда қолға алынып, құдайларға ескерткіш қойылған. Одан Римде жалғасып, белгілі императорларға ескерткіш орнату дәстүрі қалыптасқан.
• 19 Қаңтар, 2017
• 13 Қаңтар, 2017
20 қаңтарда АҚШ қана емес, бүкіл әлем алаңдап әрі қызығушылықпен күтіп отырған оқиға болып, жаңадан сайланған президент Дональд Трамп өзінің қызметіне кіріседі. Алаңдау мен қызығушылықтың басты себебі – ешқашан мемлекеттік қызметті атқарып көрмеген адамның әлемдегі ең әлеуетті мемлекеттің ең жоғары лауазымының орынтағына шығуы болып отыр.