Кәсіпкер • 18 Мамыр, 2023
Кәсіпкерлердің «Атамекен» ұлттық палатасы – елімізде түрлі бизнестің дамуына ықпал ету үшін Үкімет және жергілікті мемлекеттік органдармен көмек пен келіссөздерді күшейту ыңғайында құрылған қосалқы ұйым. Ол әсіресе шағын және орта бизнестің мүддесін қорғайды. Ірі бизнестің де оның көмегіне зәру болатын кезі аз емес. Еліміздің барлық облысында ұйымның филиалдары ашылған. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы да бар. Жуырда осы ұйымның өкілдері журналистердің алдына шығып, өздерінің атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндады.
Спорт • 18 Мамыр, 2023
Петропавл қаласында қыздар арасында бокстан VI жазғы республикалық спартакиада басталды. Бұған еліміздің барлық аймағынан 17 командаға біріккен 90 қыз қатысып жатыр. Соның ішінде Астана, Алматы, Шымкент сияқты республикалық маңызға ие қалалардың командалары да бар. Қатысушылар 12 салмақ санаты бойынша чемпиондық атаққа таласады.
Төтенше жағдай • 08 Мамыр, 2023
Мерекеде берекесі қашқан аудан
Ел-жұрт «Отан қорғаушы» күнін атап өтіп жатқан тұста Петропавл қаласында төтенше жағдай болды. Қаладағы тұрғын үйлердің маңайынан тұтанған қызыл жалын ондаған тұрғынды ғана емес, өрт сөндірушілерді де біршама әбігерге салды. Соңғы күндері қалада аңызақ жел көтеріліп, өрт қаупі анағұрлым артты. Ақырында сол жел қаланың «Береке» шағын ауданының шетіндегі қаңсып тұрған қалың қамысқа түскен отты аз уақыттың ішінде 9 үйдің астан-кестенін шығарған алапат өртке ұластырды.
Шаруашылық • 28 Сәуір, 2023
Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкімет үйінде «Реформалардың түпкі мақсаты – халық өмірін жақсарту» атты еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңейтілген кеңес өтіп, онда Президент агроөнеркәсіптің даму барысы туралы бірқатар мәселелерге тоқталды.
Халық • 27 Сәуір, 2023
Көші-қон мәселесі үнемі ел назарында, алайда бұл бағыттағы іс солтүстікте мардымды жүргізіліп жатыр деп ешкім ауыз толтырып айта алмайды. Еңбек күші жетпейтін солтүстік өңірге қоныс аударушылар легі қазір баяулап қалды. Былтыр барлығы 2 556 адамы бар 681 отбасы келіп қоныстанған, бірақ соның қаншасы нақты қыстап шыққаны жөнінде мәлімет жоқ.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2023
Осыдан екі жыл бұрын Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылжар өңіріне келген жұмыс сапары барысында «Киров атындағы зауыт» аумағында 1857 жылы салынған үлкен мешіттің ғимаратын жаңғырту туралы тапсырма берген еді. Кеңестік кезеңде қоймаға айналған бұл мешіттің ғимаратын сол тұста жергілікті жұрт«соборлы мешіт» деп атап кеткен екен. Ал Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін тарихи нысан қалпына келтіріліп, ислам мәдениетінің мұражайы болатыны да нақтыланған.
Денсаулық • 18 Сәуір, 2023
Жаз келе жатыр деп қуана бастаймыз, бірақ жаздың да адам мен мал үшін өзіндік зиянкестері бар екенін ескерген жөн. Күннің жылына бастауымен олар да бас көтере бастайды. Соның ішінде кенелердің белсенділігі артатын шақ осы. Оның адам мен малды шағуы кене инцифалиті, кене сүзегі, кене боррелиозы, геморрагиялық қызба секілді қауіпті жұқпалы ауруларды туғызуы мүмкін. Солтүстік Қазақстан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың айтуына қарағанда, сәуір айы басталғалы облыста үш адамды кене шаққан.
Аймақтар • 18 Сәуір, 2023
Еліміздің қай қиырынан келген қонақтар болса да, Қызылжардың ақ қайыңды ормандарын көргенде тамсанып жатады. Облыстағы ормандардың жалпы аумағы 560 мың гектар жерді құрайды.
Аймақтар • 10 Сәуір, 2023
Спорт – өркениетті қоғам өмірінің айнымайтын бір бөлшегі. Спортпен айналыспайтын, оны мемлекеттік тұрғыда қолдамайтын мемлекеттер некен-саяқ. Мемлекеттік бюджеттен қомақты қаржы бөле отырып, өркениетті елдер өз спортшыларының өнерін жетілдіреді, жарыстарда жеңуін қалап, жанкүйер болып отырады.
Аймақтар • 09 Сәуір, 2023
Өндіріс әлеуеті арта бастаған өңір
Бір кезде Петропавл қаласы өнеркәсіп өндірісі қарыштаған қаламыз еді. Бірақ онда негізінен әскери-өнеркәсіп кешенінің зауыттары ғана құлашын кең жайып тұратын. Қазір бейбіт өмірдің тауарлары да сол өндіріс деңгейіне жақын көлемде өндіріле бастады.