Қоғам • 16 Ақпан, 2021
Жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру – уақыт талабы
Демократиялық қоғамды дамытудың алғышарттарының бірі – жергілікті өзін- өзі басқару мәселесін жетілдіру – еліміздің тарихында күн тәртібінен түспей келе жатқан маңызды мәселе. Оны іске асырудың тиімді тетіктерінің бірі – жергілікті әкімдіктерге іскерлігі мен біліктілігі келіскен адамдарды сайлау.
Аймақтар • 16 Ақпан, 2021
Солтүстік Қазақстан облысы да жаман індеттен әлі толық арыла алмай тұр. Қазір өңір – «сары аймақта». Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаевтың соңғы мәліметтеріне қарағанда, КВИ-мен тіркелгендер саны 11,6 мыңдай адамды құрайды. Соның ішінде симптомдысы 7151 болып отыр. Бұл – барлық сырқаттың 61,8 пайызы. Ал сырттан әкелінгендер саны – 391, бұл 3,4%. Қалған сырқаттың бәрінде ауру белгісі болмаған.
Аймақтар • 15 Ақпан, 2021
Үй-ішілік жанжалды оқ атумен реттемек болған бұзақы ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысының Тайынша ауданы орталығының тұрғындары беймезгіл кезде гүрс-гүрс етіп атылған мылтық дауысынан шошып кетті. Оны істеп жүрген Тайынша қаласының 1995 жылы туған тұрғыны болып шықты. Отбасылық жанжалдан туған ашудан ол тіркелмеген аңшы мылтығымен бірнеше рет оқ атқан. Абырой болғанда туыстарының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.
Қоғам • 15 Ақпан, 2021
Құрбандарды толық ақтау – парыз
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде «Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін: методологиялық тұжырымдары және ғылыми-зерттеулерге жаңа көзқарас» атты ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
Аймақтар • 14 Ақпан, 2021
СҚО Қызылжар ауданы Соколов кентіндегі «Дизель» ЖШС қоймасына құлпын бұзып желтоқсан айының ортасында ұры түскен еді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 13 Ақпан, 2021
Петропавлда жүкті әйелді көлік қағып кетті
Петропавл қаласында жүкті әйел зардап шеккен жол-көлік оқиғасына қатысушы жасырынбақ болып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 12 Ақпан, 2021
Қолдан арақ жасап сатқан «іскер» ұсталды
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері де ақпанның 9-нан 12-сі аралығында республикалық «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізген. Оның мақсаты – отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу. Полицейлер профилактикалық есептерде тұрған адамдарды тексеріп, құқық бұзушылықтарды жасауға бейім тұлғаларды анықтады.
Аймақтар • 12 Ақпан, 2021
Тілсіз жау төрт адамды ажал құштырды
Солтүстік Қазақстан облысы М.Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде өрт болып, 1993 жылы туған үй иесі және оның 1992 жылғы әйелі мен олардың 2017 жылы туған ұлдары және қонып жатқан бөгде әйел – төртеуі де от құшағында қалып, қаза тапты. Өрттің күшеюіне жарылған газ балоны қатты әсер еткен. Соның кесірінен үйдің төбесі де ұшып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қоғам • 12 Ақпан, 2021
Мал бағу ережесін сақтамаудың салдары
СҚО-ның «Тайынша-Келлеровка» автожолында 31 жасар петропавлдық «Lexus» автокөлігімен жылқыға соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Аймақтар • 10 Ақпан, 2021
Петропавлда қаланың қақ ортасында жол-көлік оқиғасы болды
Кеше Петропавлдың «Егемен Қазақстан» және «Евгений Брусиловский» көшелерінің қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. Бұл қаланың қақ ортасы, деп хабарлайды Egemen.kz.