Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
808 материал табылды

Оқиға • 13 Қаңтар, 2023

Тастағы тұяқ ізі

Мына бір фотосуреттен тасқа ойып басылған сиырдың ізін көресіз. Мүмкін бұл аша тұяқты жануарлар – бұғы, бұлан, маралдың ізі шығар. Атам қазақ бағзылық мұраны «тасқа басқан таңбадай» дейді емес пе. Мына із дәл солай тасқа басылған таңба дерсіз. Қай ғасыр, қай дәуірге тән дүние? Оны ешкім тап басып тани алған жоқ.

Руханият • 13 Қаңтар, 2023

Қазақ балуаны ұлықталды

Жуықта Моңғолияның Мәдениет министрлігі тарихи тұлға Шыңғыс ханның туғанына 860 жыл толу датасына орай мемлекетке және қоғамға еңбек сіңірген тұлғаларды іріктеп, оларды насихаттау жайлы шешім шығарды. Осы тізімге бай-өлкеліктер атынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Моңғолия спортының еңбек сіңірген қайраткері (2006), еркін күрестен Әлем кубогінің (1981) және әлем біріншілігінің қола медаль иегері (1986), атақты балуан Бақыт Однайұлының есімі ілініп, ардагер спортшыны ұлықтау рәсімі өтті.

Руханият • 12 Қаңтар, 2023

Ел ағасы Әкімжан Назарұлы туралы

Шүкір! Менің елорда төріне табан тірегеніме ширек ғасырдан асыпты. Ол тұста өлкенің өткен-кеткен тарихынан хабардар қариялар көп еді. Соның бірі – ұзақ жыл облыстық білім саласында қызмет атқарған Қамидолда Нұртаев ақсақал-тұғын. Бұл кісі қазір өмірде жоқ. Бес жыл бұрын тура тоқсан жасында бақилық болды. Марқұм көзі тірісінде біз бейбақты іздеп келіп, өзі куә болған бірер оқиғаны санамалап жаздырып еді. Әсіресе Ақмола өңіріне танымал тарихи тұлға Әкімжан Назарұлы туралы жандыра сөйлегені есімде. Біз тамсана тыңдаған едік. Содан бері бірталай уақыт өтіпті. Биыл осы тұлғаның туғанына – 120 жыл. Сонымен...

Оқиға • 11 Қаңтар, 2023

Айшолпанға мейірленген Майте

Америкалық режиссер Джеймс Кэмеронның «Аватар» фильмі алғаш 2009 жылы көрерменге жол тартқан болатын. Бұл туындының жалғасы «Аватар: Су жолы» өткен жылы қазақ тіліне аударылып, еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіліп жатыр.

Руханият • 10 Қаңтар, 2023

Алғашқы қазақ календары

Алғашқы қазақ календары 1923 жылы Орынбор қаласында жарық көріпті. Биыл бұл оқиғаға ғасыр жыл толып отыр. Осы күнтізбенің қасбетіне төте жазуымен «1923 жыл. Қазақ календары» деп таңбаланса, оның астына «Киргизский Календарь» деп орысша жазылыпты. Ал мұқабаның төменгі жағында «Оренбург. Государственное издательства. КССР. 1923» деген жазу тұр (1-сурет). Бұл календарьды басып шығарған мекеме атауы.

Руханият • 06 Қаңтар, 2023

Қағанның алтын ақшалары

Орта ғасырда Моңғол үстіртіндегі көшпелі тайпалардың басын біріктірген Есукей ноянның үлкен ұлы Темүжин 1206 жылы Онон дариясының жағасында құрылтай өткізіп, өзін «Шыңғыс хан» деп жариялады. Сөйтіп, ол ел билеу ісіне ғұндардан мирас, кейін түркілер қолданған заң-жарғыларды жетілдірумен қатар, өз атынан теңге соқтырып, айналымға салды.

Руханият • 15 Желтоқсан, 2022

Тәжі

Абай облысы Ақсуат ауданы орталығынан 90 шақырым қашықта орналасқан Елеке сазы атты жайлау бар. Бұл жерді қазір археологтер «Патшалар алқабы» деп атай бастады. Өйткені осы аумақта жеті қорым, 300-ден аса қорған бар. Бұл өлкеден соңғы жылдары сақ және кейінгі түркі дәуіріне тән артефактілер көптеп табылып жатыр.

Қоғам • 09 Желтоқсан, 2022

Мая мен Дэнсмаа

Жуықта «Egemen Qazaqstan» газетінің 1 желтоқсан күнгі №230 санында «Моңғолды мойындатқан Тұрар» атты көлемді жазба жарық көрді. Мақалада мемлекет және қоғам қайраткері Т.Рысқұловтың Коминтерн өкілі ретінде 1924 жылдың қазан айынан бастап, 1925 жылдың шілде айының аяғында дейін Моңғолияда атқарған саяси қызметі туралы баяндалыпты. Десек те, газет оқырмандарын елең еткізген дүние мақалада айтылған Тұрардың туған қызы туралы оқиға.

Әдебиет • 08 Желтоқсан, 2022

Қажымұқан мен Карл

Мына бір сурет – соңғы жылдары та­был­ған тарихи жәдігердің бірі. Сол жақ шетте отырған адам – қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайт­пасов, оның қа­сын­да­ғы эстон балуаны Карл Том­берг екен.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2022

Қазақ балуаны ұлықталды

Жуықта Моңғол елінің Мәдениет министрлігі тарихи тұлға Шыңғыс ханның туғанына 860 жыл толу датасына орай, мемлекет көлемінде қоғамға еңбегі сіңген тұлғаларды ұлықтау жайлы рәсім өткізді, деп жазады Egemen.kz.