Тарих • 13 Қараша, 2022
Оразақ Смағұлов – қазақтың біртуар антропологі және елімізде антропология мектебінің негізін қалаушы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. Қазақтың жалпақ тілімен айтқанда, нағыз ғалым. Орекең биыл тоқсанның екісіне иек артып отыр. Бұған дейін антрополог ақсақалмен бірнеше дүркін жолығып, сұхбат алып, бұл жазбалар «Egemen Qazaqstan» басылымында әр жылдары жарық көрген болатын. О.Смағұлов – тек антропология саласын зерттеуші ғалым ғана емес, халқымыздың тұрмыс-салт этнографиясын, тарихи-әлеуметтік һәм генеологиялық даму сатыларын, тіпті ұлтты тұтастырып тұратын рухани ұстын-тетіктерді жетік білетін оқымысты. Академикпен әңгіме барысында өзіміз құнтап жазып алған кейбір оқиғалар мен қызық деректерді оқырманға ұсынып отырмыз.
Қоғам • 11 Қараша, 2022
Астана төрінде орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Мемлекеттік Әскери-тарихи музейінде қазіргі Түркия Республикасының негізін қалаушы Мұстафа Кемал Ататүрікті еске алу мақсатында елордадағы Юнус Эмре түрік мәдениет орталығының ұйымдастыруымен «Ататүрік жадымызда» атты фото көрме өтті.
Таным • 10 Қараша, 2022
Осыдан жырма жыл бұрын елорда төрінде орналасқан Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы дарынды балаларға арналған спорт мектеп-интернатында қызметін атқарып жүріп, Семей қаласына кезекті іссапармен бара қалдық.
Тарих • 08 Қараша, 2022
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері, қазақтан шыққан алғашқы әскери-ұшқыш, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспанованың туғанына жүз жыл толды. Бұл шара республика көлемінде өз деңгейінде атап өтіліп, туған өлкесі Атырау халықаралық әуежайына батыр қыздың есімі берілді.
Таным • 27 Қазан, 2022
54 мың жыл бұрын өмір сүрген адам
Жуықта генетик ғалымдар Ресей Федерациясының оңтүстік Сібір аймағындағы Алтай тауының қойнауында орналасқан Шағыр және Окладников үңгірлеріне ұзақ жыл жүргізген зерттеу нәтижесінде неандерталь адамның генін анықтаумен қатар, тұңғыш рет олардың геномдық сызба бейнесін жасап шықты.
Тарих • 26 Қазан, 2022
XX ғасырдың көрнекті еуразиятанушы ғалымы, тарих және география ғылымдарының докторы, пассионар теориясының авторы, ежелгі Ұлы дала тұрғындарының өмір сүру дағдысын тыңнан зерттеген тұлға Лев Гумилевтің туғанына биыл 110 жыл толып отыр.
Таным • 18 Қазан, 2022
Өткен шілде айының алғашқы аптасында кезекті еңбек демалысымызды алып, туған жер, өскен өңір Бай-Өлкеге барған едік. Осы сапарымызда, әдеттегідей аймақ орталығындағы өлкетану музейіне бас сұқтық.
Қоғам • 15 Қазан, 2022
Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған медицина саласындағы өзге ұлт өкілдері арасындағы «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауының жеңімпаздары Қарағанды жерінде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 13 Қазан, 2022
Үлкен жазушы, зерделі қаламгер Мұхтар Мағауин: «Ұлттық рухтың ұстын-тірегі, қайнаркөзі және күш-қуаты – сол халықтың қабілеті» деген екен. Сол сияқты үндінің ұлы ойшылы Рабиндранат Тагор, әрбір халық әлем қауымдастығы алдында өзінің басқаға ұқсамайтын ерекше ұлттық қабілетімен дараланып тұрмаса, ол халық жойылуға бет бұрған қасірет жолындағы ұлт екенін айта отырып: «Табиғи қабілет-зердесінен айырылған халықтың келешегі күңгірт» деп ой қорытыпты.
Сұхбат • 10 Қазан, 2022
Долда Кенешұлы: Халқымның байлығы – ұлттың рухани мұрасында
Қазақ диаспорасы қоныстанған алыс-жақын шетелдерде әлі де әдеби ортаға онша таныс емес мәдени мұралар баршылық. Мысалы, Қытай елінде туып-өсіп, сол елдегі қазақтардың ауыз әдебиеті үлгілерін және байырғы домбыра және сыбызғы күйлерін жинаумен айналысқан Долда Кенешұлы деген ағамыз бар. Бұл кісі қыруар байлық: 100-ге жуық қисса-дастан, 50-дің үстінде араб, парсы, шағатай тілдерінде жазылған қолжазба, көне кітаптар, ондаған мың шумақ өлең-жыр, халық ән-күйлері, мақал-мәтел, аңыз-әңгімелерді қолтықтап 2005 жылы атамекенге көшіп келді. Келе сала қолындағы құнды мұраларды ұлтжанды азаматтарға көрсетті. Нәтижесінде, қолындағы мол қазынаның бір бөлігі, яғни 128 сыбызғы және 300-ге тарта домбыра күйлері, 400-дей халық әні үлгілері, жазушы Ұлықбек Есдәулет, сазгер Айтқали Жайымов, домбырашы Біләл Ысқақ, сыбызғышы Еділ Құсайыновтардың атсалысуымен 2007 жылы жеке-жеке кітап болып, «Атамұра» баспа өндірісінде басылып шықты. Қазақ еліне оралған соң да мұра жинаушының еңбегі бағаланып «Достық» орденімен марапатталды. Қазіргі таңда сексеннің сеңгіріне шыққан ақсақалға елордада жолығып, әңгімелескен едік.