Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
808 материал табылды

Тарих • 01 Қаңтар, 2021

Желтоқсаншы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 2006 жылы желтоқсан оқиғасына қатысты Алматы қаласында бой көтерген «Тәуелсіздік таңы» атты ескерткіштің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы тәуелсіздігіміздің алғашқы хабаршысы болды. Билік осы оқиғаға ұлтшылдық деген айып тағуға тырыс­ты. Саяси бюрода мұның бұлай еместігі туралы менің дәлелдеуіммен, арнайы қабылданған қаулыны бұздыруыма тура келді. Осы оқиғаларды ұлтаралық қақтығыс деп атауға тырысты, алайда мұның бұлай емесін тарихтың өзі көрсетті. Сол кезде алаңға шыққан жастардың талап-тілегі – әділеттілік пен Қазақстанның тәуелсіздігі болатын» деген еді. Міне, биыл Елбасы айтқандай, «тәуелсіздігіміздің хабаршысы» желтоқсан оқиғасына 35 жыл  толып отыр. Бұл көп уақыт емес. Оқиға куәгерлері де, оған атсалысқан адамдар да аман-есен жүр. Сол себепті биыл небір естеліктер айтылып, өткен күндер елесі тағы бір жаңғырары хақ.  

Қоғам • 25 Желтоқсан, 2020

Бейбіт күннің қадірі

Әйгілі француз ойшылы Жан-Жак Руссо «Мықты мемлекеттің кепілі – өз азамат­тары­ның тыныштығын қамтамасыз ете алуын­да» деген екен. Осыған үндес сөзді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Мемле­кет­те бейбітшілік пен тыныштық сақталған жағ­дайда ғана дамудың даң­ғыл жолы ашы­лады» деп үнемі айтумен келеді. Сол сияқ­ты қазақтың үлкен ақы­ны Мұқағали Мақатаев «Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде, Ұйқыдағы сәби­дің келбетіне...» десе, тәуелсіздік төлі, жас жыршы Мирас Қадырмұрат бауырымыз: «Аллаға мәлім, ризықтан бұрын тыныш­тық, Ризықтан бұрын тыныш таңдардың мұңы ыстық, Атадан қалған ат басты алып алтын­нан, Бағалы елге тыныштық деген күміс құт» деп жырлапты.

Руханият • 25 Желтоқсан, 2020

Жетінші ғасырдан жеткен кітап

Елорда төрінде орналасқан Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қорында VII ғасырда жазылған, өте құнды жәдігер «Мусхаф аш Шариф – Құран Кәрім» кіта­бының факсимилесі сақтаулы тұр.

Руханият • 21 Желтоқсан, 2020

Талантты суретші, талапты ұстаз

Әйгілі суретші, әлемдік бейнелеу өнеріне кубизм бағытын әкелген қылқалам шебері Пабло Пикассо: «Суретші көргенін емес, сезінгенін бейнелейді» деген екен. Осындай талантты жастың бірі – Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылы «Балалар өнер мектебінің» ұстазы, суретші Еркебұлан Жәкішев.

Тарих • 16 Желтоқсан, 2020

Қаламгердің өжет қызы

Желтоқсан оқиғасы (1986 жыл) кезінде еңгезердей үш сақшының қоршауында, кәнігі аңшының қолына түскен еліктің лағындай үрке-қорқып, лекіте басып бара жатқан осы қазақ қызының фотосы көпке аян. Бұл адамды қазір елдің көбі таниды. Алматы қаласының тұрғыны – Анар Төлегенқызы Рахымжанова.

Оқиға • 15 Желтоқсан, 2020

Қазақ тарихының қазынасы

Елорда төрінде орналасқан Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақтың жал­пы тарихы» атты төрт томдық құнды еңбектің онлайн таныстырылымы өтіп, оған шетелдік ғалымдар мен елімізге танымал тарихшы, түркітанушы ма­ман­дар қатысты.

Руханият • 14 Желтоқсан, 2020

Музейлендірілген кітапхана бөлмесі

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде музейлендірілген кітапхана бөлмесі ашылып, көрме экспозициясына 591 дана сирек кітаптар мен музей қорынан алынған 20-дан астам этнографиялық жәдігерлер қойылды.

Руханият • 09 Желтоқсан, 2020

Мыңжылдық дала фольклоры

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты ма­қа­ласында «халық ауыз әдебиет үлгілерінің мың жылдық мұ­ра­сын жаңғырту аясында, «Дала фольклоры антологиясын» жасау және қобыз, домбыра, сыбызғы, сазсырнай тағы басқа дәс­түрлі музыкалық аспаптарымен орындауға арналған «Ұлы да­ланың көне сарындары» жинағын басып шығару қажет» деген болатын.

Оқиға • 07 Желтоқсан, 2020

Құнды туындының тұсаукесері

Astana IT University ғылыми кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының қолдауымен «Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауы аясында білім беруді жаңғырту және цифрландыру» атты альбомның тұсауы кесілді.

Кино • 03 Желтоқсан, 2020

Ясауи жайлы фильм түсірілуде

Өзбекстан Республикасы «Ózbekkino» Ұлттық агенттігі Қожа Ахмет Ясауи жайлы «Мерос» атты фильмнің түсірілім жұмыс­тарын бастады.