Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
843 материал табылды

Таным • 18 Қараша, 2020

Қазақтың коды жазылған кітап

Жақында ҰҒА академигі, Болония Ғылым академиясының корреспондент мүшесі (Италия), Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі жанындағы физикалық антропология зертханасының меңгерушісі Оразақ Смағұлов пен М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті Республикалық антропология зертханасының аға ғылыми қызметкері Айнагүл Смағұлованың авторлығымен қазақ халқының кешенді физикалық антропология анықтамасына негізделген «Қазақ халқы және ата тегі» атты аса құнды еңбегі жарық көрді.

Экономика • 18 Қараша, 2020

«Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл 216 ауылдық елді мекенде 920 жоба іске асады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында: «Қазақ «Туған жерге туыңды тік» деп бекер айтпаған. Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Сол себепті мен «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынамын. Оның ауқымы ізінше оп-оңай кеңейіп, «Туған елге» ұласады. Мәселен, «Ауылым – әнім» атты әнді айтқанда, «Туған жерін сүйе алмаған, сүйе алар ма туған елін» деп шырқайтын едік қой. Бажайлап қарасақ, бұл – мағынасы өте терең сөздер... Туған жер – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегінің түбінде әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды. Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» деген еді.

Руханият • 16 Қараша, 2020

«Тілсіз жау»

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады» дегенді бекер айтқан жоқ. Ғұлама ғалым­ның «сөз» деп отырғаны «тіл». Алғаш Кеңес өкіметі құрылған жылдары одақ құрамында ресми тіркелген 194 түрлі ұлт пен ұлыс болыпты. 1991 жылы одақ ыдырағанда бұлардың тең жартысы, яғни 50 пайызы жоғалып кеткен. Бұлар қалай жоғалды?

Руханият • 16 Қараша, 2020

Шортанбайдың жұрты

Қарағанды облысы, Шет ауданының орталығы Ақсу-Аюлыдан 15 ша­қы­рым жердегі Қатпар тауының етегінде атақты ақын Шортанбай Қанайұлының мекен еткен жұрты жатыр.

Руханият • 16 Қараша, 2020

Мұрағат – тарихи құжаттар қоймасы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының «Тарихи сананы жаңғырту» бөлімінде «Архив – 2025» бағытын негіздей отырып: «Тәуелсіздік жылдарында халқымыздың өткенін зерттеуге қатысты ауқымды жұмыстар атқарылды. Еліміздің тарихи жылнамасындағы ақтаңдақтарды қайта қалпына келтіруге жол ашқан «Мәдени мұра» бағдарламасы табысты іске асырылды. Бірақ бабаларымыздың өмірі мен олардың ғажап өркениеті жөніндегі көптеген деректі құжат, әлі де болса, ғылыми айналымға түскен жоқ. Олар әлемнің бүкіл архивтерінде өз іздеушісі мен зерттеушісін күтіп жатыр. Сондықтан ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне елеулі, іргелі зерттеулер жүргізу үшін «Архив – 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасауымыз қажет деп санаймын» деген еді. Осы орайда, елімізде жоғарыда атап өткен бағдарламалық тақырыпқа қатысты қандай жұмыстар атқарылды? Бұл сұраққа жауап беру мақсатында журналистік шолу жасап көрейік.

Руханият • 13 Қараша, 2020

Ағасы үшін жан қиған

Ертеректе, Жетісу өңірінде Жапалақ пен Жұманай деген ағайынды адамдар өмір сүріпті. Үлкені Жапалақ елге тұт­қа, ауылға айбар, жатқа сыйлы, жа­қынға қайырымды, ағайынға қамқор жан екен. Бір күндері Жапалақ жұрттың жан бағып отырған жайылымын тартып алмақшы болып келген ақ патшаның әкімгер шенеунігіне қамшы үйіріп, оны қорғаймын деп мылтық ала ұмтылған солдатты сабап, ол бейбақ өліп кетіп, басы дауға қалады.

Спорт • 13 Қараша, 2020

Үлкен спорттағы допинг дауы

Зерттеушілер допингтің пайда болуы туралы бірнеше болжам айтады. Соның ішінде көпшілікке белгілісі: ертеде голландиялықтар өз әскерлерінің шайқас кезінде жауынгерлік қуатын күшейту үшін жүзімнің сыртқы жұқа қабығынан жасалған ішімдік түрін пайдаланған. Оны «dop» («доп») деп атаған. Бұл жайт жылдар өте келе допингтің кәрі құрлықта кең таралуына жол ашқан-мыс.

Оқиға • 12 Қараша, 2020

Ізгілікке үндеген көрме

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапха­насында, Рим Папасы Иоанн Павел II-нің 100 жылдығына орай және де Папаның 2001 жылы Қазақстанға ресми сапармен келген тарихи сәтіне байланысты, сейсенбі күні «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында, Қазақстандағы Польша Республикасының Елшілігі мен еліміздегі Апостолдық нунциатурасы бірлесіп «Иоанн Павел ІІ – үнқатысу Папасы» атты көрме ұйымдастырылды.

Руханият • 11 Қараша, 2020

Алтын Орда дәуірінің алтын шапаны

Жуықта Моңғол елінің ақпарат құралдарында Алтын орда дәуіріне тән әйел адамның алтын шапаны Christie бәссауда нарығында 483 032 доллар АҚШ ақшасына сатылғаны жайлы хабар тарады.

Оқиға • 11 Қараша, 2020

Кітап тарту етті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапха­насында Nur Otan партиясы «Бірлік» қалалық филиалының бастамасымен кездесу өтті. Іс-шараға кітапхана директоры Әмірхан Рахымжанов, қалалық Nur Otan партиясының «Бірлік» филиалы төрағасының бірін­ші орынбасары Шыңғысхан Қожахметов және елордалық №17 мектептің директоры қатысты.