Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
157 материал табылды

Ұлттық спорт • 30 Қазан, 2024

Аударыспақ

Аударыспақ – салт ат­тылардың ер үстіндегі сайысы. Бұл ойынға күш-қайраты мол, батыл да төзімді, шап­шаң қимылдап, ат құ­лағында ойнай білетін, ат үстіндегі айқасты жақсы мең­герген жі­гіт­тер қа­ты­сады.

Тұлға • 25 Қазан, 2024

Марғұланның мұңы

Биыл ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, ғұлама-ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толып отыр. Бұл тұлғаның ұлт руханиятына сіңірген еңбегі өлшеусіз. Тарихи тұлғаның артында қалған естеліктері мен замандастары жазып алған ой-толғамдарын шолып отырып, ғалымның өмірлік мұңы барын аңғардық.

Тарих • 23 Қазан, 2024

Күлтегін кешені: бұдан бір ғасыр бұрын

Ежелгі Өтукен, қазіргі Моңғол үстірті Қанғай даласында көк түріктен қалған керемет мұра – Күлтегін жазба ескерткіші тұр. Орналасқан жері – Арғы Қанғай (Архангай) аймағы Қашаты сұ­мыны, әйгілі Қарақорым қала жұр­­тынан 47 шақырымда жат­қан атақты Орхан дариясы­ның сол қапталы Цайдам көлінің оң жақ бөктерінде.

Зерде • 09 Қазан, 2024

Мұхтар мен Әлкей

Биыл қазақ халқының дарынды тумасы, ұлттық археология мектебінің негізін қалаушы, фольклортанушы, өнертанушы, шығыстанушы, Қазақстан Ғылым академиясының академигі Әлкей Марғұланның туғанына 120 жыл толып отыр. Осы орайда мына бір ұлылар үндестігі хақында айтпай кетуге болмас. Өйткені, бұл оқиға болашаққа үлгі һәм қазіргі біздің айтып жүрген ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі іспетті.

Мирас • 03 Қазан, 2024

Ұлық ұлысты ұлықтау жорығы

Осы аптаның сейсенбісінде елорда төрінде орналасқан Ұлттық музейде Қарағанды облыс әкімдігі Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты салалас мекеме тарихи-өлке­тану музейінің ұйымдастыруымен 20 қыркүйек – 1 қазан арала­ғында Ұлық ұлыс – Жошы хандығының 800 жылдық меже­лі датасына орай атқарылған республикалық дәргейдегі «Талас – Ұлытау – Сарайшық» атты тарихи-этнографиялық экспе­ди­ция­сының қорытындысына арналған дөңгелек үстел өтті.

Дәстүр • 20 Қыркүйек, 2024

Құдалық

Аман Ауғанбайұлы дейтін жетпісті еңсеріп қалған ағамыз бар. Өзі сонау жылдары Алтайдың арғы бетінен келген. Бұл кісінің басқа қазақтардан айырмашылығы – қып-қызыл ұлтшыл. Әмбе қазағы айлы аспанның жұлдызындай жамырап кеткен солтүстік өңірде тұрады. Қашан көрсеңіз, екі аяқты көсіліп тастап, біреулермен қызылшеке дауласып отырғаны. Сондағы айтатыны: «Сендер неге қазақша сөйлемейсіңдер?».

Пікір • 18 Қыркүйек, 2024

Тарих және шындық

Үнді қайраткері Жавахарлал Неру: «Отар елдің тарихын отарлаушы жазады» дегендей, кезінде біртуар ақын Ғафу Қайырбеков: «Осы басқаның пат­ша­ларының бәрі жақсы , қазақтың хандары неге жаман?», деп кеңестік қоғамға сұрақ қойғаны да белгілі. Ра­сын­да, отарланған елдің шынайы тарихы еш­қа­шан жазылмайды.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 11 Қыркүйек, 2024

Жігіттердің қарқыны жақсы

Дүниежүзілік көшпелілер ойындарының тізіміндегі маңызды сайыс түрі – көкпар. Аталған ойынның шығу төркіні туралы зерттеуші Ә.Қалиұлы: «Қазіргі көкпар тарту әуелде әлеуметтік мәні бар әскери машықтың қажетінен туған аса құнды сайыс түрі» дейді.

Әдебиет • 29 Тамыз, 2024

Айсары әженің ерлігі

Кеңес одағы жылдары ұлт мұраты үшін еңбек еткен қаламгердің бірі – түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор, қазақ фольклоры мен көне түркі жыр мәтіндерін зерттеуші Әуелбек Қоңыратбаев. Бұл кісі 1946 жылы аталас ағайыны Қажымұқан балуанға жолығып, оның әжесі алып Айсары туралы естелігін жазып алыпты. Араб әрпімен қағазға түскен қолжазба қазір Орталық ғылыми кітапхананың сирек мұралар қорында (Қ.950, 2-дәп) сақтаулы тұр.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары • 29 Тамыз, 2024

Дүбірлі доданың жаңғырығы

Қыркүйек айының 8–13 ара­лығында Астана қаласында өте­тін аса ірі мәдени-спорттық сайыс – V дү­ниежүзілік көшпе­лілер ойыны. Қа­зіргі таңда да­йындық жұ­мыстары жүргізіліп жатыр. Дүбірлі доданың ашылу салтанаты 8 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтсе, бұдан бір күн бұрын көшпелілер ойының барлық мәдени іс-шарасы өте­тін Этноауылдың ашылуы жос­парланған.