Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
843 материал табылды

Аймақтар • 29 Мамыр, 2020

«Тіл-Қазына» орталығы онлайн семинар өткізді

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Ақпараттық технология терминдерінің бүгіні: ұлт тілі және заман сабақтастығы» атты онлайн семинар өтті.

Тарих • 29 Мамыр, 2020

Ғатаулин қалай халық жауы болды?

Отандық тарихшы Серік Мәшімбаев 2016 жылы жарық көрген «Қосөзен аралығындағы Қазталов  тарихы» атты еңбегінде, қуғын-сүргін жылдары Қазақстанның өлкелік партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Н.Ежов мұртты көсем Сталиге жазған хатында: «...Барлық қазақ кадрлары коммунистер ұлтшылдықпен уланған, бұлардың арасында дені сау партиялық күш жоқ» деген екен. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары Қазақстан бойынша 105 мың адам НКВД-ның қанды шеңгеліне ілініп, осылардың 22 мыңы атылып кеткені жайлы деректі келтіріпті.

Руханият • 29 Мамыр, 2020

Қобда беті қазақтары: 90 жыл бұрынғы фотосурет

Мына фотосурет осыдан дәл 90 жыл бұрын Моңғол елінің батыс шебі қазақтар шоғыр қоныстанған Қызылқайың (Ұлан-құс) өлкесінде түсірілген екен. Авторы беймәлім. Суретте бес әйел тұр. Жәдігердің  артқы фонына «На память Ташинке Касымовой от Ширетовой» деген жазу оймышталып, «1930 жылы 24 желтоқсан» күні сыйға берілгені таңбаланыпты.  

Қоғам • 29 Мамыр, 2020

Бас келісім жобасы: кәсіподақтар алғаш рет күш біріктіруде

Осы жылдың наурыз айында Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмысшылардың республикалық бірлестіктері және республикалық жұмыс берушілер бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған жаңа Бас келісімнің жобасын қоғамдық талқылауға шығарды. Қоғамдық сараптама жүргізу үшін жоба барлық бастауыш кәсіподақ ұйымдары мен жергілікті кәсіподақтарға жіберілді.

Қазақстан • 28 Мамыр, 2020

Қырылмасақ, 40 миллион болар едік

Ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасқанша  халқымыз не бір азап пен аштықты басынан кешірді. Тағдыр талайына атан түйенің белі қайысатын тауқымет жазыпты. Сөйтіп жүріп, аузына тістеп ұрпағын өсірді, ұшқан құстың қанаты талатын байтақ даласын қорғады. Егер де зұлматқа ұшырап, зардап шекпегенде, бүгін біз 40 миллион халық болған болар едік. Тіліміздің мұртын балта шаппайтын, жан-жағымызға қарап жалтақтамайтын күйге жетер едік.

Әлем • 28 Мамыр, 2020

Үндістанда 47 градус ыстық болды

Үндістанның астанасы Делиде кеше қапырық пайда болып, ауа температурасы 47,6 градус ыстықты көрсетті. Мамандардың айтуына қарағанда бұл жағдай бір аптаға жалғасуы мүмкін.

Руханият • 28 Мамыр, 2020

80 жылдан кейін иесін тапқан хат

Отыз жасар ағылшын солдаты Харри Коул (Harry Cole) 1940 жылы мамыр айынының 26-сы күні анасы мен інісіне майдан даласынан жолдаған хаты арада 80 жыл өткен соң шаңырағына келіп жетті.

Әлем • 27 Мамыр, 2020

Жеңіс шеруі 24 маусым күні өтеді

Ресей Федерациясының президеті Владимир Путин елдің Қорғаныс министрі Сергей Шойгуді қабылдады. Кездесу барысында Ұлы Отан соғысы жеңісінің 75 жылдық мерекесіне арналаған шеруді алдағы маусым айының 24-і күні Мәскеу қаласындағы Қызыл алаңда өткізу туралы тапсырма жүктеді.

Әлем • 27 Мамыр, 2020

Филиппин президенті: Вакцина табылмайынша мектептер ашылмайды

Филиппин президенті Родриго Дутерте жаңа пандемияның вакцинасы табылып, ол әлем бойынша қолданысқа еніп нәтиже бермейінше, елдегі балабақшалар мен мектептерді ашпаймыз деп мәлімдеді.

Руханият • 27 Мамыр, 2020

Қазақ тіліне ілеспе аударма жасау курсы ұйымдастырылады

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен  «Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында  Нұр-Сұлтан қаласы, «Тұран» бизнес орталығында ағымдағы жылдың 1-5 маусым аралығында  мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, ілеспе аудармашылардың біліктілігін арттыру мақсатында қазақ тілінен ағылшын, ағылшын тілінен қазақ тіліне ілеспе аударма жүргізуді үйрету курсын өткізеді.