Талғат  БАТЫРХАН
Талғат БАТЫРХАН«Egemen Qazaqstan»
12 материал табылды

Қоғам • 11 Шілде, 2019

«Көрермен көзбояушылықты кешірмейді»

Кешегі Астана, бүгінгі Нұр-Сұлтан алыс-жақыннан алқалы жиындарға ағылған мәртебелі меймандардан босамайтын болғалы қашан. Бірде әлемдік саясат серкелері салиқалы мәжіліс құрса, бірде әдебиет, мәдениеттің әйгілі қайраткерлері алқалаған әлеуметпен кездесу кештерін өткізіп жатады. Әйтеуір Есіл жұрттағы елорданың тынымсыз тыныс-тіршілігі толғауы тоқсан оқиғаларға толы.

Руханият • 08 Сәуір, 2019

Жаһанға жайылар жыр жауһар

Ақындық қуаты құзарт Алатаудан арқырай құлайтын Жетісудың асау өзендеріндей арынды Ілияс Жансүгіров – ұлт тарихындағы ұмытылмас тұлға. Халық оған «Қазақ поэзиясының Құлагері» деп әділ бағасын баяғыда-ақ беріп қойған. Осы орайда оның ізбасар інісі Тұрсынзада Есімжановтың мына бір жыр жолдары еріксіз еске түседі: «Қазақтың маңдайына өлең бітсе, Өлеңнің маңдайына бітіп ең сен!». Орынды ода. Ақынның өзі айтқандай: «Өз ұлын, өз ерлерін ескермесе, Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді?».