Сенат • 16 Маусым, 2023
Бюджетті жоспарлауда олқылық болмауға тиіс
Сенат cпикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады. Сондай-ақ «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына сенаторларды сайлады.
Үкімет • 15 Маусым, 2023
Ұлттық қордың игілігі жас ұрпақ үшін
Кеше Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарады. Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жиында бірқатар заң жобасы да екінші оқылымда қабылданды.
Құрылтай • 14 Маусым, 2023
Ұлысты ұйыстырған Ұлттық құрылтай
Санаулы күннен кейін Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтпек. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дейді дана халқымыз. Ұлттық құрылтай осы тәмсілдің негізіне құрылғаны сөзсіз. Бір жыл бұрын ұлы даланың төрінде тұрған Ұлытаудың басында алғашқы жиынын өткізген кеңес үлкен шаруа атқарды. Бүгінгі мақалада бір жылда атқарылған жұмыстарға шолу жасауды жөн көріп отырмыз.
Экономика • 13 Маусым, 2023
Орнықты дамудың оңтайлы тәсілі
Астана халықаралық форумы аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ұйымдастырған панельдік пікірталас өтті. «Еуразия: орнықты даму жолында» тақырыбына арналған іс-шараға жоғары дәрежелі спикерлер қатысып, орнықты даму проблемаларын шешу бағытындағы ынтымақтастық жөнінде өзекті мәселелерді талқылады.
Қоғам • 13 Маусым, 2023
Қазіргі таңда елімізде вейп өнімдері жастардың ағзасын улап, қоғам назарын аударып отырғаны белгілі. Осыған байланысты Мәжілістің бір топ депутаты Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдаған еді.
Басылым • 12 Маусым, 2023
Басқа басылымдардан: Санкциялар және сауда соғысы
Астана халықаралық форумында (AIF) жоғары деңгейдегі спикерлер санкциялар мен сауда соғысы мәселелерін талқылады. Сондай-ақ Батыстың Ресейге қарсы санкциялық саясатының дұрыс жұмыс істемей отырғанын сөз етті.
Экономика • 09 Маусым, 2023
Экономиканың цифрлық трансформациясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шетелдік инвесторлар кеңесінің 35-пленарлық отырысына қатысушыларға ілтипат білдіре отырып, жиынның Астана халықаралық форумымен тұспа-тұс келіп отырғанын әрі биыл Шетелдік инвесторлар кеңесінің құрылғанына 25 жыл толғанын атап өтті.
Сенат • 09 Маусым, 2023
Кеше Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Палата отырысында депутаттарға жаңа сенаторды таныстырды. Сондай-ақ отырыс кезінде «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің жалған тауар белгілерін және географиялық көрсеткіштерді пайдаланудың алдын алу мен жолын кесу жөніндегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы қаралып, мақұлданды.
Үкімет • 08 Маусым, 2023
Заңсыз шығарылған активтер қалай қайтарылады?
Кеше Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Палата отырысында бірқатар заң жобасын қабылдады. Екі бөлімнен құралған жиында депутаттар 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті талқылады. Сондай-ақ заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы құжат қаралды.
Елорда • 07 Маусым, 2023
«The National Interest» журналы: Қазақстанның жаһандық дипломатиясы
Осы аптада елордада «Астана халықаралық форумы» өтпек. Іргелі іс-шара барысында көптеген маңызды тақырып талқыланады. Соның бірі дипломатия мәселесіне арналады. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстанның бәсі жоғары. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері бейбітсүйгіш, әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтауға мүдделі екенін талай мәрте халықаралық ареналарда көрсетіп келеді.