Үкімет • 21 Маусым, 2023
Республикалық бюджет есебі бекітілді
Кеше Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтті. Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша депутаттар Конституциялық соттың «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» жолдауын тыңдады.
Саясат • 20 Маусым, 2023
Жалған статистика жарға жығады
Мәжілісте қант қызылшасы өндiрiсiн ұлғайту, жеміс-көкөніс өнiмдерi импортын алмастыру, оларды өңдеу және сақтау мәселелері бойынша Үкімет сағаты өтті. Жиын барысында осы бағыттағы өзекті проблемалар талқыланды.
Шаруашылық • 19 Маусым, 2023
Ауыл шаруашылығын іркіліссіз қолдау
Сенатта «Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыру және импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселелері» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті.
Экология • 19 Маусым, 2023
Климаттың өзгеруі жыл өткен сайын нақты біліне бастады. Әсіресе, теңізге жақын орналасқан елдерде оның әсері орасан. Таяуда ғалымдар дабыл қақты. Төрткүл дүниеге тағы бір Эль-Ниньо ағысы қауіп төндіріп тұр.
Сенат • 16 Маусым, 2023
Бюджетті жоспарлауда олқылық болмауға тиіс
Сенат cпикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиын барысында депутаттар Үкіметтің және Жоғары аудиторлық палатаның 2022 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады. Сондай-ақ «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына сенаторларды сайлады.
Қоғам • 15 Маусым, 2023
Электр самокаттардың жылдамдығын шектеу туралы заң жобасы қоғамда қызу талқыға түскені мәлім. Мұндай құжат жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін қажет. Өйткені тротуармен әрлі-берлі жүйткігендер абайсызда жарақат алуы мүмкін. Дегенмен сарапшылар тыйым салумен мәселе шешілмейтінін алға тартады.
Үкімет • 15 Маусым, 2023
Ұлттық қордың игілігі жас ұрпақ үшін
Кеше Мәжіліс Ұлттық қордан балаларға төлем жасау мәселелері бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарады. Палата спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жиында бірқатар заң жобасы да екінші оқылымда қабылданды.
Құрылтай • 14 Маусым, 2023
Ұлысты ұйыстырған Ұлттық құрылтай
Санаулы күннен кейін Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысы өтпек. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дейді дана халқымыз. Ұлттық құрылтай осы тәмсілдің негізіне құрылғаны сөзсіз. Бір жыл бұрын ұлы даланың төрінде тұрған Ұлытаудың басында алғашқы жиынын өткізген кеңес үлкен шаруа атқарды. Бүгінгі мақалада бір жылда атқарылған жұмыстарға шолу жасауды жөн көріп отырмыз.
Экономика • 13 Маусым, 2023
Орнықты дамудың оңтайлы тәсілі
Астана халықаралық форумы аясында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ ұйымдастырған панельдік пікірталас өтті. «Еуразия: орнықты даму жолында» тақырыбына арналған іс-шараға жоғары дәрежелі спикерлер қатысып, орнықты даму проблемаларын шешу бағытындағы ынтымақтастық жөнінде өзекті мәселелерді талқылады.
Қоғам • 13 Маусым, 2023
Қазіргі таңда елімізде вейп өнімдері жастардың ағзасын улап, қоғам назарын аударып отырғаны белгілі. Осыған байланысты Мәжілістің бір топ депутаты Үкімет басшысы Әлихан Смайыловқа депутаттық сауал жолдаған еді.