Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1165 материал табылды

Партия • 16 Ақпан, 2023

«Amanat» үміткерлерінің тізімі

Орталық сайлау комиссиясының отырысында Парламент Мәжілісінің депутаттығына «Amanat» партиясы кандидат­тарының партиялық тізімі тіркелді. Онда 90 үміткердің есімі бар.

Қоғам • 16 Ақпан, 2023

Қазақ өнерінің Түркияға көмегі: Суретші Ерболат Төлепбай зілзаладан зардап шеккендерге 10 миллион теңге аударды

Түркия мен Сириядағы табиғат апаты бүкіл әлемді дүр сілкіндіргені белгілі. Қазіргі таңда аталған екі елде болған жер сіл­кінісінен қаза тапқандар саны 40 мың адамнан асып кетті. Қайғылы жағ­дайға байланысты шартараптың түкпір-түкпірінен қол ұшын созып жатқандар жетерлік. Солардың бірі – Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, суретші Ерболат Төлепбай.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2023

Аймақтарды зерттеу – маңызды іс

Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының Ақтөбе облысы бойын­ша өңірлік өкілі тағайындалды. Өкіл ретінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Асхат Кеңесов бекітілді. Бұл туралы ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен өткен жиында институт директоры Еркін Тұқымов мәлімдеді.

Саясат • 14 Ақпан, 2023

Ынтымақтастық нығая береді

Премьер-министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Португалияға сапармен барып, осы елдің Сыртқы істер министрі Жоау Гомеш Кравиньюмен келіссөз жүргізді. Бұдан бөлек бірқатар жетекші компания басшыларымен кездесті.

Форум • 12 Ақпан, 2023

Орталық Азияның ортақ мүддесі

Түркістанда Орталық Азия Мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтті. Алқалы жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан парламенттері палаталарының басшылары қатысты.

Үкімет • 12 Ақпан, 2023

«Жел» заңы төңірегіндегі тайталас

Польша Парламенті ұзақ уақыт талқылаған жел энергиясына қатысты заң жобасын қабылдады. Құжатқа сәйкес, баламалы энергетика көздерін дамытуға арнайы жер бөлінбек. Дегенмен экологтер заңға енгізілген соңғы өзгерістер теориялық тұрғыда жақсы болғанымен, іске асуы неғайбіл екенін айтады.

Сенат • 10 Ақпан, 2023

Халықаралық құқықтық көмек нығаяды

Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Жиында бірқатар заң жобасы ратификацияланды.

Форум • 09 Ақпан, 2023

Тарихи тамырластық форумы

Түркістан шаһарында Орталық Азия мемлекеттерінің бірінші Парламентаралық форумы өтіп жатыр. Ауқымды іс-шараға аймақтағы елдер Парламент Палаталарының делегациялары қатысады. Екі күнге жалғасатын форумда олар парламентаралық қатынастарды кеңейтудің басым бағыттарын және біртұтас рухани-мәдени кеңістікті дамытудың өзекті мәселелерін талқылайды.

Сенат • 08 Ақпан, 2023

Әлеуметтік кодекс жобасы таныстырылды

Сенатта Әлеуметтік кодекс таныстырылды. Ондағы жаңа­лықтардың қатарында әр отбасында цифрлық картасының болатыны, жұмыспен қамту саласына жаңа тәсілдерді енгізу, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жетілдіру бар.

Несие • 06 Ақпан, 2023

Жеңілдетілген автонесие: кезекке тұрудың әлегі

Ақпанның алғашқы дүйсенбісі қым-қуыт тірлікпен басталды. Дәл осы күні, 6 ақпанда жеңілдетілген автонесиеге өтінім беру іске қосылған-ды. Бірақ бұл жобаның қызығы мен шыжығы басылмай тұр. Арнайы сайтқа өкпесі қара қазандай болғандардың қатары қалың. Басталмай жатып дауға қалған жобаның кемшілігі неде? Артықшылығы бар ма? Осы мәселелерге жауап іздеп көрген едік.