Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2022
Бірнеше күннен кейін басталатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезін халықаралық қоғамдастық жіті қадағалап отыр. Діни тұлғалар мен саясаткерлердің өзара диалогі форматында өтетін жиынға зор үмітпен қарайтындар жетерлік. Рухани күш-жігер арқылы әділетті үстем етуге ұмтылатын мұндай жиындардың әлемдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауда рөлі ерекше. Осы орайда, бұған дейінгі Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті съезіне шолу жасап көрген едік.
Қазақстан • 11 Қыркүйек, 2022
Таяу күндері елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VІІ съезіне жер жаһанның түкпір-түкпірінен дінбасылар жиналмақ. Солардың қатарында әл-Азһар университетінің Жоғарғы имамы Мұхаммад Ахмад ат-Тайеб те бар. Осы орайда, Ислам әлемінің ең жоғары пәтуа шығарушы институт саналатын әл-Азһар мешіті мен университетінің басшысы жөнінде аз-кем мәлімет беруді жөн көріп отырмыз.
Үкімет • 08 Қыркүйек, 2022
Асыл тұқымды мал басы қайтсе көбейеді?
Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палатаның жалпы отырысы өтті. Жалпы отырыс барысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қарады.
Үкімет • 07 Қыркүйек, 2022
Конституциялық соттың мәртебесі айқындалды
Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен Палатаның жалпы отырысында бірқатар конституциялық заң жобасы мақұлданып, жаңа заң жобаларын жұмысқа алды. Палатаға 2022 жылғы 5 маусымда референдумда қабылданған Конституцияға өзгерістер мен толықтыруларды іске асыру мәселелері бойынша заң жобаларын бірінші оқылымда талқылау ұсынылды.
Әлем • 07 Қыркүйек, 2022
Пәкістандағы су тасқыны елге оңайға тимей тұр. Мал-жан шығынынан бөлек, оның салдары да ауырға соғуы мүмкін. Өйткені алапат су бастапқыда талайдың өмірін жалмаса, енді экономикаға орасан зор шығын әкелді.
Сұхбат • 07 Қыркүйек, 2022
Ислам – ойлануға шақыратын дін
Бірнеше күннен кейін Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі өтеді. Шартараптағы дін көшбасшыларының басын бір алаңға жинайтын іргелі іс-шараны халықаралық қоғамдастық жоғары бағалайтыны белгілі. Осы орайда съезд қарсаңында Нұр-Мүбәрак университетінің ректоры, профессор Мұхаммед аш-Шаххат әл-Джиндимен аз-кем әңгімелескен едік.
Қазақстан • 02 Қыркүйек, 2022
Әділетті Қазақстанның басты бағдары
Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Көпшілік асыға күткен құжатта ел дамуына қажетті көптеген өзекті тақырыптар қамтылды. Тоғызыншы территорияны демократияның даңғыл жолына түсіретін ауқымды бастамалар айтылды. Осы орайда, мемлекеттің өркендеуіне бағдар беретін құжатта айтылған мәселелердің маңыздыларына тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз.
Қоғам • 02 Қыркүйек, 2022
Бұрын жолдың сапасына байланысты Үкіметті жиі сынайтын едік. Сөйтсек, атқарылмай жатқан көп шаруаның астарында біз білмейтін сыр көп екен. Алысқа бармай-ақ елдегі жолға назар аударсақ жеткілікті. Біздің Үкіметтің елдегі жолды жөндеуге асықпайтыны да қауіпсіздік мәселесін ойлағаннан секілді.
Қоғам • 26 Тамыз, 2022
Жанкүйерлердің есінде болар, Қазақстан алғаш рет УЕФА-ға ауысқанда еуропалық аренада еліміздің намысын «Жеңіс» футбол клубы қорғаған еді. Содан бері аталған команда атауын бірнеше рет өзгертті. «Астана» атауымен де өнер көрсетті. Ақыры қаржылық қиындыққа байланысты клуб жабылып тынған болатын. Бірнеше жыл бұрын команда қайта құрылып, қазіргі таңда «Жеңіс» атауымен бірінші лигада ойнап жүр.
Қоғам • 22 Тамыз, 2022
Кейінгі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында қылмыстық жазадан ақталған адамдар туралы ақпарат жиі айтыла бастады. Әсіресе солардың қатарында ел ішінде саяси себепке байланысты сотталды деп есептелетіндер де бар. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қоялық. Ақталғандар үшін қуанамыз, әрине. Осы орайда, жазықсыз жандарды темір торға қамауға үкім шығарғандар қандай да бір жазаға тартыла ма деген сауал туындайды.