Қазақстан • 25 Қараша, 2021
Сенатта «Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саудасы салаларындағы заңнамалық базаны жетілдіру мен тиімді саясатты іске асыру» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті.
Үкімет • 25 Қараша, 2021
Биржалық сауданы дамыту көзделеді
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата депутаттары биржалық сауданы дамыту және жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Саясат • 23 Қараша, 2021
Таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысына қатысып, сол жиын барысында еліміздің сыртқы саясатындағы негізгі бағыттарды айқындап берді. Бұл айқындалған негізгі бағыттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сыртқы саясатқа қатысты ұстанған жолымен үйлесіп, сындарлы сабақтастық осылайша жалғасын тауып отыр. Осы орайда, Қазақстан алдағы уақытта қандай басымдықтарға мән беретініне тоқталуды жөн көріп отырмыз.
Әлем • 19 Қараша, 2021
Канадада нөсер жауын мен дауыл салдарынан өзендер тасып, біраз жерді су басып қалды. Соның салдарынан мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.
Әлем • 19 Қараша, 2021
Ауғанстан гуманитарлық апаттың алдында тұр
Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстандағы өкілі Дебора Лионс елдің «гуманитарлық апаттың алдында тұрғанын» айтып, халықаралық қоғамдастықты ауған халқына қаржылық қолдау көрсету жолдарын іздеуге шақырды.
Әлем • 19 Қараша, 2021
Жапонияда өздігінен жүретін жүрдек пойыз сынақтан сәтті өтті. East Japan Railway компаниясының бастамасымен жүзеге асқан жоба Ниигата префектурасында жұмыс күші тапшылығын жоюға бағытталған. Осылайша, келешекте Жапонияда жүргізушісі жоқ пойыздар қолданысқа енеді.
Әлем • 18 Қараша, 2021
Мыңғырған малын азайта алмай әлек
Нидерланд ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару бойынша әлемде АҚШ-тан кейін екінші орында тұр. Алақандай елде қазіргі таңда 3,8 миллион ірі қара, 12 миллион шошқа, 102 миллион тауық бар. Бұл ел өнім өндіруде ешкімге дес бермей келеді. Бірақ таяуда елде осы салаға қатысты үлкен мәселе туындады: мыңғырған малын азайта алмай әлек.
Елбасы • 17 Қараша, 2021
Елбасы ұсынысынан бастау алған ұйым
Биыл Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Бастапқыда «Шанхай бестігі» ретінде іргетасын қалаған бірлестік қазіргі таңда әлемдегі беделді ұйымға айналды. Осы орайда, ШЫҰ-ның құрылуына тікелей ықпал еткен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екенін айта кеткен жөн.
Саясат • 16 Қараша, 2021
Еуропаның стратегиялық компасы
Компас адамға жол табуға көмектеседі. Ал Еуропалық кеңестің тапсырмасы бойынша мен әзірлеген «Стратегиялық компас» Еуропалық одақтың қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері жөнінде алға жылжып, шешім қабылдауына жедел нұсқаулық есебінде қолданылады. Құжат алдағы аптада Еуропалық одақтың Сыртқы істер мен Қорғаныс министрліктерінде талқылаудан өтеді.
Әлем • 16 Қараша, 2021
Глазгода өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP26) негізгі назарды мемлекеттер жауапкершілігіне емес, жеке сектордың күшіне аударғанымен есте қалмақ. Егер әр елдің билігі өз мүдделерін үйлестірудің жолын таппай, ұжымдық әрекетке бел буа алмаса, жеке сектор мұның орнын толтыра ала ма?