Әлем • 12 Қыркүйек, 2021
«Брексит» аяқталғанымен, оның мәселелері бітер емес. Таяуда Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуы қарт құрлықта қайта қызу талқыға түсті. Бұл жолғы даудың басы – шұжық.
Әлем • 09 Қыркүйек, 2021
Гвинеяда әскердің арнайы жасағы мемлекеттік төңкеріс жасап, 83 жастағы президент Альфа Кондені қамауға алды. Бұл оқиғаны халықаралық қоғамдастық айыптады.
Әлем • 09 Қыркүйек, 2021
Ауғанстанның жаңа үкіметі бекітілді
Сейсенбіде «Талибан» Ауғанстан жаңа үкіметінің құрамын жариялады. Ұйымның негізін қалаушы премьер-министр болып сайланды. Ал АҚШ тарапы түзген террористер тізіміндегі адам ішкі істер министрі қызметіне тағайындалды.
Әлем • 09 Қыркүйек, 2021
Ресейдің Төтенше жағдайлар министрі Евгений Зиничев қаза тапты. Бастапқыда оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты әріптестері хабарлаған. Кейіннен Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі Зиничевтің өлімін ресми түрде растады.
Қаржы • 08 Қыркүйек, 2021
Бірінші жартыжылдық қорытындысы бойынша елімізде 54 млн төлем картасы айналымда екен. Бұл бір ай бұрын уақытпен салыстырғанда 0,6 пайызға жоғары көрсеткіш. Ал бір жылдық деңгейден 34,4 пайызға көп. Әлбетте, карта тек ақша шешіп алуға мүмкіндік беретін құрал ғана емес, карта арқылы түрлі кешбэктер мен бонустар иеленуге болады.
Сұхбат • 08 Қыркүйек, 2021
Талғат Мұсабаев: Ғарыш саласы – елді дамытатын заманауи сала
Тәуелсіздік жылдарындағы табыстарымызды сөз еткенде Қазақстанның ғарышты игеру бағытындағы ірі қадамдарын айтпай өте алмаймыз. Осы орайда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен, тікелей қолдауымен жүзеге асырылған игі істердің тұтас тарихы қалыптасты деуге болады. Әсіресе Елбасының қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа аттануына кеңінен жол ашқан еңбегін ерекше атап өткіміз келеді. Сол азаматтарымыздың бірі – қазақтан шыққан екінші ғарышкер, Парламент Сенатының депутаты Талғат Мұсабаевпен Тәуелсіздіктің 30 жылдығын мерекелеу аясында әңгімелескен едік.
Әлем • 08 Қыркүйек, 2021
Биылғы қыркүйек айының аяғында Германияда федералды сайлау өтеді. Саяси додаға санаулы күндер қалғанда жүргізілген сауалдама Германиядағы саяси бағыттың өзгеріп бара жатқанын көрсетті.
Әлем • 07 Қыркүйек, 2021
Ауған трагедиясы және тұрақсыздық дәуірі
БЕРЛИН. «Талибан» ұйымы билікті басып алғаннан кейін Кабул әуежайында олардан қашқан шарасыз ауғандықтардың суреті геосаяси ахуалдың жүрек ауыртар тұсын көрсетеді. Батыс Ауғанстандағы одақтастарын тағдыр тәлкегіне қалдырды. Бұл АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің ескі халықаралық міндеттемелерден бас тартып, жаңа стратегия қолданатынын көрсетеді.
Әлем • 06 Қыркүйек, 2021
Тәлібтер Панджшерді бағындыра алды ма?
Ауғанстаннан жеткен мәліметке қарағанда, «Талибан» мен қарсылық күштері Панджшер аңғарының маңында шайқасып жатыр. Екі тарап та оқиға туралы қарама-қайшы ақпарат таратып отыр.
Әлем • 06 Қыркүйек, 2021
100-ге жуық археологиялық жәдігер тәркіленді
Норвегия полициясы 100-ге жуық месопотамиялық археологиялық жәдігерді тәркіледі. Аталған көне дәуір ескерткіштері жергілікті коллекционердің үйінен табылған. Бірнеше жыл бұрын Ирак билігі оларды жоғалып кетті деп мәлімдеген еді.