Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
1436 материал табылды

Егемен Қазақстан • 25 Тамыз, 2021

Нелсон Манделаның немересі «Егемен Қазақстанға» қонаққа келді

Әлемге әйгілі қайраткер Нелсон Манделаның немересі Ндилека Мандела ел газеті «Егемен Қазақстанға» қонаққа келді. Құрметті меймандарды Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі қарсы алып, сұхбаттасты.

Әлем • 24 Тамыз, 2021

Ауғанстандағы сәтсіздіктің себебі

ЛОНДОН. «Талибан» Ауғанстанда қайтадан Ислам әмірлігін жариялады. Бұл 2001 жылғы 11 қыркүйектегі террористік шабуылдың 20 жылдығына бір ай қалғанда іске асты. Бұл оқиға жиырма жыл бұрын елге басып кіріп, «Талибан» үкіметін құлату неліктен қажет болғанын тағы бір еске салды. 

Әлем • 24 Тамыз, 2021

Балқан дағдарысының жаңа қаупі

СТОКГОЛЬМ. Ауғанстандағы жиырма жылға созылған соғыс шырқау шегіне жетіп, қауіпті кезеңде тұрғанда Балқан түбегінде қақтығыс басталып, қырғынға ұласқанына 30 жыл өткенін есте ұстаған жөн. Екі оқиға да қате жүргізілген соғыстың теріс салдары ондаған жылға созылатынының жарқын мысалы. 

Қоғам • 24 Тамыз, 2021

Ауылдан шыққан хоккейші қыз Америкада жаттықтырушы болып жүр

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы еліміздегі талантты жастардың томағасын сыпырып, халыққа таныс­тырып келе жатқаны белгілі. Таяуда жобаға енген сондай отандасымыздың бірі – хоккейші Бұлбұл Қартанбай.

Тәуелсіздік • 24 Тамыз, 2021

Бейбітшілік пен келісімнің 30 жылы

Елордадағы Достық үйінде Конституция күніне арналған «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы – бірлік, бейбітшілік пен келісімнің 30 жылдығы» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Мәжіліс депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы сараптамалық кеңесінің мүшелері, зиялы қауым мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Жиын барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, Ата Заңның нормаларымен бекітілген теңдік, бірлік, заң үстемдігі қағидаттары туралы мәселелер қозғалды.

Әлем • 24 Тамыз, 2021

Бауырластыққа негізделген қарым-қатынас

Нұр-Сұлтан қаласындағы Өзбекстан елшілігінде баспасөз мәслихаты өтті. Жиын барысында Өзбекстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев бірқатар маңызды мәселеге тоқталды.

Әлем • 23 Тамыз, 2021

Колорадо өзені суалып барады

Аризона штаты 1994 жылдан бері құрғақшылықпен күресіп келеді. АҚШ-тың Санақ бюросының мәліметінше,  штат халқының саны 2020 жылы 7,2 миллион адамға дейін өскен. Әсіресе Аризонаның екі ірі қаласы – Феникс пен Туссонның айналасында, Марикопа, Пима және Пинал округтерінде тұрғындар тығыз орналасқан.

Әлем • 23 Тамыз, 2021

Ең биікте орналасқан магистраль

Қытай көлік министрлігінің ха­бар­лауынша, Нагчу қаласы мен Тибет ав­то­номды ауданының астанасы Лхасаны жалғайтын әлемдегі ең биік автокөлік жолы пайдалануға берілді. Өткен сенбіде Нагчу мен Янгбажаин арасындағы 227 шақырымдық соңғы учаске ашылып, автобан толықтай іске қосылды.

Әлем • 23 Тамыз, 2021

Израиль ұшақтармен шабуыл жасады

Израиль ұшақтары сенбі күні кешке Газадағы Хамас ұйымының нысандарына шабуыл жасады. Бұл туралы аталған елдің әскерилері хабарлады. Израильдің мұндай қадамға баруына бұған дейінгі шекара маңындағы қақтығыс әсер еткен.

Қазақстан • 22 Тамыз, 2021

БҰҰ-ның Қазақстанға сенімінің айғағы

Таяуда БҰҰ  Ауғанстанға жәрдем көрсету жөніндегі миссиясын (UNAMA) Алматы қаласына уақытша орналастыру туралы Қазақстанға өтініш білдірді. Бұл саяси шешімнің еліміз үшін маңызы зор. Сыртқы саясатта жүргізілген көпжақты бейбіт ұстанымымыздың жемісі десек, қателеспейміз.