Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ
Абай АСАНКЕЛДІҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
120 материал табылды

Қазақстан • 01 Қыркүйек, 2023

Ядролық қарудан арылу шарты

Тәуелсіздігін алған­нан кейін елімізге Кеңес үкі­ме­тінен атом бомбасының мол «мұрасы» қалды. Тоғызыншы тер­риторияның қай бағытта дамитыны, қандай жолды таңдайтыны да «төртінші арсеналды» қалай пайдаланатымызға тікелей байланысты еді. Еліміз бейбіт жолды таңдады, сонымен бірге әлемге қауіпсіздік пен тұрақтылықты дамыту жолында үлгі көрсетті.

Қазақстан • 02 Шілде, 2023

Елдестірмек – елшіден

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні. Халқымыз «елдестірмек – елшіден» деп, дипломатияның мән-мағынасын бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеп берген. Көпвекторлы саясат ұстанатын Қазақстан бейбітсүйгіш ел екенін талай мәрте шартарапқа паш етті.

Әлем • 26 Маусым, 2023

Ресейдегі бүлік: Себебі мен салдары

Өткен демалыс күндері бүкіл әлем Ресейге көз тікті. Тіпті елде азамат­тық соғыс өрті тұтануы мүмкін деген де әңгіме айтылды. Бірақ солтүс­тіктегі көршімізді дүрліктірген оқиға мәселенің тым ушығып кеткенін көрсетті. Дейтұрғанмен әлемдік БАҚ Ресейдегі бір күнгі бүліктің себеп-салдарын әлі талқылап жатыр.

Шаруашылық • 19 Маусым, 2023

Ауыл шаруашылығын іркіліссіз қолдау

Сенатта «Агроөнеркәсіп кешенінің экспорттық әлеуетін арттыру және импортты алмастыру жағдайында ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу мәселелері» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті.

Қоғам • 15 Маусым, 2023

Самокат тізгіндеудің әлегі

Электр самокаттардың жылдамдығын шектеу туралы заң жобасы қоғамда қызу талқыға түскені мәлім. Мұндай құжат жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін қажет. Өйткені тротуармен әрлі-берлі жүйткігендер абайсызда жарақат алуы мүмкін. Дегенмен сарапшылар тыйым салумен мәселе шешілмейтінін алға тартады.

Форум • 11 Маусым, 2023

Жасанды интеллект және жаңа технология

Астана халықаралық форумының екінші күнінде панельдік сессиялар жалғасты. Сондай-ақ брифингтер, құжаттарға қол қою және кездесулер өтті. Іргелі жиынның кезекті жұмыс күні «Энергетикалық қауіп­­сіздікті қайта қарау: айқын ше­­шімдердің шеңберінен шығу қажеттілігі» па­нель­дік сессия­мен басталады.

Әскер • 30 Мамыр, 2023

Әскерилердің бітімгерлік миссиясы

Қазақстан шартарапқа өзінің бейбітсүйгіш мемлекет, тұрақтылық пен қауіпсіздікті жақтайтын ел екенін талайдан бері айшықтап келеді. Осы бағытта атқарылып жатқан міндеттің бір парасы – бітімгерлік миссиясы. Сарбаздарымыз бен сардарларымыз БҰҰ-ның бітімгер әскері құрамында міндетін абыройлы атқарып жүр.

Әлем • 18 Сәуір, 2023

Түркиядағы жауапты кезең

Мамыр айы Түркия үшін тағ­дыр­шешті кезеңге айналмақ. Анадолыдағы ағайын 14 мамырда Президент сайлауын өткізеді. Сарапшылар негізгі тайталас қазіргі Президент Реджеп Тайип Ердоған мен Кемал Кылычдароғлу арасында өтетінін айтады. Саяси бәсекеде кімнің аты оза шаба­тыны Түркия үшін ғана емес, Еуро­паға да, әлемге де ма­ңыз­ды.

Тұлға • 11 Сәуір, 2023

Мемлекетшіл тұлға

Елге тұтқа болатын тәуекелшіл ерді уақыттың өзі тудырады! Бүгінгі мақаламызға арқау болған қайраткер тұлға Гейдар Әлиевке дәл сондай тағдыр бұйырды. Әзербайжан халқының арда ұлы тәуелсіздіктің елең-алаңындағы қиын-қыстау кезең­нен елінің туын жықпай алып шығып, өңірлік жаңғыру мен өркениеттің, мәдени, тарихи синтездің орталығына айнал­дырды. Биыл айтулы тұлғаның туғанына 100 жыл толып отыр.

Үкімет • 06 Сәуір, 2023

Сепаратистік әрекет заңмен жазалануға тиіс

Күні кеше Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар елімізде сепа­ра­тизмге жол жоқ екенін айтып, құзырлы органдар өкілдеріне осы­ған қатысты сұрақтарын қойды. Күн тәртібіне шығарылған заң жо­ба­лары қаралып болғаннан кейін сауалдар қарша борады. Әсі­ресе, Пет­ропавл қаласындағы оқиғаға ерекше назар аударылды.