Өнер • 18 Қараша, 2020
Стефани Бауэрле: Қазақтың ою-өрнектерінен өмірдің өзін көрдім
Вивьен Вествуд пен Валентино, сонымен қатар Джон Ноймайер, Ролан Пети, Пьер Лакотт, Владимир Малахов, Йорма Эло, Луиза Спинателли, Сандра Вудолл сынды әйгілі дизайнерлермен, хореографтармен, суретшілермен жұмыс істеген белгілі суретші Стефани Бауэрле «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында сахналанған «Дала үні» балетіне костюмдер әзірлеуде. Айта кету керек, белгілі композитор Тілес Қажығалиевтің музыкасы негізінде хореограф Патрик де Бананың қойылымымен Тәуелсіздік тойы қарсаңында ұсынылатын «Дала үні» ұлттық балеті Қазақстанның мәдени өмірі үшін елеулі оқиға болмақ. Қоюшы-дирижері – Абзал Мұхитдин, либретто авторы – танымал қазақстандық кинорежиссер, сценарист, ақын Бақыт Қайырбеков, хореографиялық либретто адаптациясының авторы – Жан Франсуа Вазель. Төменде спектакльдің суретшісі Стефани Бауэрле осы оқиғаға орай ойларын ортаға салып, премьераға дайындық туралы айтып берді.
Руханият • 06 Қараша, 2020
Өзімізге әрдайым сын көзбен қарап үйренгеніміз жақсы-ау әрине, бірақ бұл ұстаным қанымыздағы қазақы қасиеттерді мансұқтау, ата-бабаларымыздың салып кеткен сара жолынан адасу, жалтақтау, жалбақтау сияқты сан соқтырар түрлі өкінішке қалдырмаса екен дейсің. Өйткені әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізге, тіліміз бен ділімізге, әдебіміз бен байырғы түр-тұрпатымызға тым селқостық танытып, ал өзгенікіне таңдай қағып, тамсана берудің соңы ешқашан жақсылыққа апарып тіремесі мәлім.
Руханият • 27 Қазан, 2020
Алты Алаштың мақтанышы Ахмет Байтұрсынұлы: «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек. Газеті жоқ жұрт басқа газеті бар жұрттардың қасында құлағы жоқ керең, тілі жоқ мылқау, көзі жоқ соқыр секілді» деген еді. Рухани мәдениетіміз бен елдік мәртебеміздің деңгейін бағамдауға басты өлшем болып келе жатқан осы қағидаға сүйенсек, көпшіліктің не оқып жүргеніне қарап, ой-санамыздың, тұрмыс-тіршілігіміздің түр-тұрпатын аңғаруға болатын секілді.
Руханият • 08 Қазан, 2020
Ұстаздардың Республикалық Don’t worry be a teacher байқауы мәресіне жетті.
Руханият • 07 Қазан, 2020
«Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының Камералық залында өтетін концерттік бағдарламалар балаларға арналған музыкалық шығармаларды да қамтиды, деп хабарлайды Egemen.kz
Руханият • 01 Қазан, 2020
Күнделікті өмірде неше түрлі адаммен жолымыз тоғысып қалып жатады. Жан-жағындағыларға жанашырлық танытып, мейірім нұрын себелеп жүретін қарапайым, кішіпейіл, адамгершілігі мол тұлғаларға көпшіліктің сүйіспеншілігі мен сый-құрметі әрине, қай кезде де жоғары болып қала бермек. Алайда жан дүниеңіз тек шуақты күннің шұғыласына нұрланып, өмір көшінде алдыңыздан үнемі осылай жайсаң жандар ғана ұшыраса ма? Адамдар туралы жақсы ойлау, жақсылық жасауға құштарлық барлық адамның қолынан келе бере ме?
Сұхбат • 25 Қыркүйек, 2020
Гүлмира Сарина: «Туған жерге деген сағыныш мені осындай ақ қанат әсем әндерге ғашық етті»...
Қазақтың қасиетті қара домбырасы күмбірімен жараса өрілген халқымыздың дәстүрлі ән мұрасы әсем де күрделі иірімімен, даладай кең диапазонымен, ұлттық сипатымен ерекшеленеді десек, бүгінде сол дәстүрді әуендік, орындаушылық тұрғыдан жаңғыртып, ән мәдениетінің үздік үлгісіне айналдыра білген тұлғалар некен-саяқ. Соның бірі де бірегейі – Арқа дәстүрлі ән мектебінің өкілі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер университетінің ұстазы, әнші-термеші әрі сазгер Гүлмира САРИНА.
Руханият • 22 Қыркүйек, 2020
Қилы-қилы тағдырлар болатыны сияқты адам мінезі де сан алуан. Ол – жеке тұлғаның болмысынан, сөзінен, күнделікті қарым-қатынасынан көрініс табатын ерекше мәнге ие құбылыс. Ісіне ұқыптылық, сыпайылық, сезімталдық, қайырымдылық, мейірімділік, адалдық, сабырлық, жайдарылық, кешірімшілдік, қарапайымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарытып, жан-жағына шұғыла-нұрын себелеп жүретін ішкі мәдениетке бай жанды қазақ ежелден көркем мінезді адам деп айрықша бағалаған.
Театр • 18 Қыркүйек, 2020
"Дон Паскуале" спектаклінің премьерасы онлайн форматта өтеді
"Астана Опера" мемлекеттік опера және балет театрының Камералық залы сахнасында Г.Доницеттидің "Дон Паскуале" операсының премьерасы өтпек. Спектакль көрерменге 2-3 қазанда Tengri TV-ден онлайн-режимде ұсынылмақ, деп хабарлайды Egemen.kz
Қазақстан • 18 Қыркүйек, 2020
Композиторлар одағының кезекті ХVII съезі өтті
Карантин талаптарына сай онлайн режимінде өткізілген жиынға еліміздің барлық өңірлерінен композиторлар қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz