Руханият • 13 Қаңтар, 2020
Басылымнан асқан байлық бар ма?
Жадымыздан өше бастаған құнды жәдігерлерді түгендеп, ел руханиятына сүбелі үлес қосып жүрген тұлғалар аз емес. Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінің мамандары жақында Петропавл қаласында тұратын коллекционер Михаил Ситниковтің жеке қорынан 24 басылымның 1238 данасын тауып, сараптама жасады. Олардың дені Ақмола, Қызылжар, сондай-ақ Омбы, Орынбор, Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларында жарық көрген басылымдар. Солтүстікқазақстандық коллекционер бұл туралы әуелі әлеуметтік желі арқылы хабар таратып, газет тігінділерін бір миллион теңгеге бағалайтынын жеткізген.
Әдебиет • 30 Желтоқсан, 2019
Қазақта жыр-күйі деген жанр – ежелден бар дәстүр. Яғни, әуелде жырланып, сосын күйге бергісіз толғау ретінде ел арасына кең тараған. Жыр-күйі – жыраулар мен жыршылар, термешілер қолданатын мақам, әуен. Әр дәуірдің, әр өңірдің бүгінде жыр, толғау, терме, дастан, қисса айтатын өзіне лайық мақам-сазы, әуені сақталған.
Қоғам • 04 Қараша, 2019
Қазақтың «Ауру батпандап кіріп, мысқалдап шығады» деген мәтелі көбіне рухани жүдеулік пен азапты дертке ұшырап, ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрден қол үзген, халықтық қалыппен қабыспайтын сиықсыз әрі сорақы жаңа салттардан көпшілікті сақтандыру мақсатында айтылып жатады. Бұл дерт ең алдымен жас ұрпақтың тамырын кеміріп, тауын шағатын құртқа, ал бүкіл ұлт үшін үлкен сорға айналды. Бүгінгі әңгімеміз – ұлттық тәрбиенің бесігі саналатын, ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасасып келе жатқан той мәдениеті төңірегіндегі түйткілдер жайында болмақ.
Руханият • 07 Қазан, 2019
Ататегін іздеуші архивке барады
Жақында Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінде Қазақстан Республикасы Президенті архивінің 25 жылдығына орай «Рухани жаңғыру: ашық қоғамға – ашық архив» дөңгелек үстелі өткен болатын. Іс-шараға аймақтық мемлекеттік архив басшылары, Назарбаев Университет, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті филиалының қызметкерлері, тарихшы-ғалымдар, Ұлттық архив пен Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Жамбыл облыстарынан архив мамандары қатысты. Төменде осы және генеалогиялық сұраныстарды орындаудың қазіргі таңдағы өзекті мәселелері туралы Нұр-Сұлтан қаласы мемлекеттік архивінің Ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Ғазиза ИСАХАН әңгімелейді.
Руханият • 01 Қазан, 2019
Қазақ ұлттық өнер университетінің Шопен залында Қаратау шертпе күй мектебінің шебері, күйші-композитор Төлеген Момбековтің өмірі мен шығармашылығы жайында естеліктер, күйші орындауындағы халық композиторларының күйлері, сондай-ақ күй майталманының төл туындылары мен бұрын жарық көрмеген терме-жырлары енген «Толғау» күй жинағының таныстырылымы өтті. Күйлердің шығу тарихы мен ноталары қатар қамтылған кітап Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша «Фолиант» баспасынан 5 мың таралыммен жарық көрді.
Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019
Өмірде көп нәрсеге онша мән бермеуден, шаң-тозаңдай ұсаққа, жүйесіз бос сөзге балап, елемей, селқос қарауымыздың салдарынан нәрлі, құнарлы топырағымыздан ажырап, ежелгі салт-дәстүрімізден, әдет-ғұрпымыздан қол үзіп қала жаздап тұрғанымыз өкінішті, әрине. Мұны айтып отырған себебіміз, дәмханалар мен мейрамханаларды, супермаркеттер мен көпшілік шоғырланатын басқа да сауда үйлерін көбіне шетелдік жылауық, уайымшыл әнсымақтардың жаулап алғанын көргенде, өзіңізді бейнебір бөтен елде жүргендей сезінесің.
Руханият • 04 Қыркүйек, 2019
Мұхтар Әуезов: «Абай жатқан бір дария, ал мен одан шөміштеп қана алдым», деген екен. Келер жылы хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойын ел ішінде, сондай-ақ халықаралық деңгейде тойлағалы отырмыз. Той демекші, бұған дейін де Абайдың әлденеше рет тойы өтті. Ал бұл мерекенің бұрынғысынан ерекшелігі, артықшылығы неде, біз Абай үшін не істей алдық, Абайдың қадір-қасиетіне жете алып жүрміз бе? Әрине ауызды қу шөппен сүрте беруге болмас, ақын еңбектерін араб, ағылшын, орыс, өзбек, қытай т.б. тілдерге аудардық, қыруар шаруалар атқарылды.
Руханият • 23 Тамыз, 2019
Өнер әкенің қанымен, ананың сүтімен дариды
Кез келген музыкалық шығарманың мән-мазмұнын жан дүниесімен ұғынып, құрақтай сыңғырлатып, бұлақтай мөлдіретіп рухани азығыңызға айналдырар тұлғаға туған халқының қашанда сүйіспеншілігі мен құрметі шексіз болмақ. Ән әлеміндегі нәзік үнді сипатымен халықаралық бәйгелерде топ жарып жүрген сондай дарын иесі – Шымкенттегі облыстық опера және балет театрының жетекші солисі, Қазақстанның мәдениет қайраткері Үралхан Сейілбекова. Ұлттық опера өнерінде ол сомдаған Қамар, Жібек, Сара, Ажар, Жансұлу рөлдері, әлемдік опера жауһарларынан Татьяна, Виолетта, Джильда, Недда, Микаэла бейнелері шынайылығымен, көркемдігімен жанды баурайды.
Руханият • 07 Тамыз, 2019
«Шешінген судан тайынбас» дегендей Қазақстан нарықтық қатынасқа толық көшкен соң мемлекет меншігіндегі мекеме-ұйымдардың бәрін жекеменшікке беру мақсатын алға қойған. Бұл – мемлекеттің бизнеске араласуын барынша азайтуды көздейтін нарық заңының талабы. Халықаралық бейбітшілік сыйлығының лауреаты, Қытайдың белгілі суретшісі Ци Байши: «Жасым қырыққа келгенде барып суретті түсіне бастадым» деген екен. Әлем мойындаған қылқалам шеберінің өзі осылай дегенде, басқа қарапайым халықтың бұл өнер туралы түсінігінің таяздығын, сауатының кемдігін сынап-мінеп жату қисынсыз секілді, әрине. Әйтсе де суретші десе тау-тасты кезіп, әсем табиғатқа алыстан қиялдана көз тіккен жай бояушы, тиын-тебенге бола әркімнің тапсырыспен портретін салып, күнін әзер кешіп жүрген қарапайым пенде деп қарайтын дүбәра көзқарастан түбегейлі арылмай, өркениетті елдердің қатарына қосыла алмаймыз.
Руханият • 25 Шілде, 2019
Әдебиеттің әлемді бағындырудағы күші
Аударма саласында қарымды еңбек етіп жүрген әріптесіміз Тұрсынбай Жандәулеттің қазірге дейін жеті кітабы, «Қазақ ұлттық идеологиясының мәселелері» атты ғылыми монографиясы жарық көрген. Қаламгер орталық телеарналарға арнап мыңнан астам фильмді, сондай-ақ отызға жуық туындыны қазақ тіліне тәржімалаған. Ол аударған кітаптардың ішінде Нобель сыйлығының лауреаты, испан жазушысы Камило Хосе Селаның романдары, Карл Поппердің екі томдық «Ашық қоғам және оның жаулары» атты күрделі философиялық шығармасы бар. «Дегдар», «Тәуелсіздік толғауы» әдеби сыйлықтарының иегері Т.Жандәулеттің осы жылы «Творение цифры: Атлантида – Казахия» атты ғылыми-фантастикалық романы орыс тілінде жарық көрді. Шағын сұхбатымызда автор осы және отандық әдебиеттің басқа да толғақты мәселелері туралы ой қозғайды.