Александр ТАСБОЛАТОВ
Александр ТАСБОЛАТОВ«Egemen Qazaqstan»
139 материал табылды

Қоғам • 01 Қараша, 2019

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі қаралды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2019 жылдың 9 айында атқарған жұмыс нәтижесі талқыланған алқа отырысы өтті. Онда агенттік төрағасы Алик Шпекбаев атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Қоғам • 01 Қараша, 2019

Өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан Республикасында терроризм мен экстремистік амалдарға қарсы қылмыстық саясатты дамыту шаралары» деген тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Онда экстремистік іс-әрекет пен терроризмге қарсы іс-қимылдың саясатын жетілдіру мәселелері қаралды.

Қоғам • 31 Қазан, 2019

«Жусан» операциясы: Нақты нәтижелер

Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге де мемлекеттік органдармен және шетелдік серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан төрт мәрте, яғни осы жылдың қаңтар, мамыр және маусым айларында барлығы 595 Қазақстан азаматы қайтарылғанын, және олардың арасында 400-ден астамы бала болғанынан хабардар етті.

Қоғам • 28 Қазан, 2019

Сан мен сапа

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған алғашқы Жолдауында көптеген жайдың бетпердесін ашып айтып, жұрттың көкейінде жүрген көп мәселенің түйіні шешілеріне үміт отын жақты. Соның бірі – қарасымен сан молайтып, бірақ ісінде сапасы жоқ қайсыбір мемлекеттік қызметкерлерді қысқарту болды.

Қоғам • 25 Қазан, 2019

Қоғам қалаған сақшылар қайтсе қалыптасады?

Соңғы жылдары полиция жұмысы қоғам тарапынан түрлі сынға ұшырап, олардың халық күткен келелі істердің кетігін таппауы көпшілікті толғандыра түсуде. Мұны Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та ішкі істер органдарының қызметін жаңғырту мәселелеріне арналған кеңесте айтып, полицияның жағдайы қоғам талабына толық жауап бере алмай отырғандығын сынаған еді. Елбасы «Адамдар өздерін қауіпсіз сезіне алмайды. Біз онсыз басты бағдарымыз саналатын қазақстандықтардың жоғары сапалы өмір сүруін қамтамасыз ете алмаймыз. Сондықтан полицияны реформалау ісіне шұғыл кірісуіміз қажет», деген болатын.

Қоғам • 16 Қазан, 2019

Қызметтен заңсыз шығарса не істеуге болады?

Оқырмандардан арыз-шағымдар жиі түседі. Солардың дені қызметтен заңсыз шығарылдық, мұндай жағдайда не істей аламыз деген сұрақтарға жауап іздейді. Осы сауалдарға белгілі заңгер Шолпан Сейсембаева жауап береді.

Қоғам • 15 Қазан, 2019

Жаяу жүргіншіге де жауапкершілік жүктеледі

Жаяу жүргінші жолағында қандай да болсын жол-көлік оқиғасы орын алса, ең алдымен көлік жүргізушісі кінәлі саналады. Жүргізуші шапшаңдықты асыра сілтеді, жол ережесін сақтамады дегендей. Әрине, бұлай деп әңгіме айтудың да жаны бар. Өйткені алдымен көлік жүргізушісіне үлкен жауапкершілік жүктеледі. Алайда жол-көлік оқиғасына біржақты ғана қарау мен себеп пен салдарды жете таразыламау нақты болған жағдайдың ақиқатын қаншалықты ашады?

Қоғам • 10 Қазан, 2019

Қылмыстық процесті ізгілендіру не берді?

Заң үстемдігін қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – қылмыстық процесті жаңғырту болып табылады. Бұл мәселені кезінде Елбасы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында жан-жақты ашып көрсеткен де болатын. Нұрсұлтан Назарбаев қылмыстық-процестік заңнаманы дамытудың маңызды бөлігі қылмыстық процесті одан әрі жаңғырту екендігін айтқан еді. Ендеше осы уақыт аралығында қылмыстық процесті заман талабына сай жетілдіруде оның тиімділігі қандай болды деген сауалға жауап іздеп көрелік.

Медицина • 08 Қазан, 2019

Зардап шеккендер дәрігерлік бақылауда

Арыста зардап шеккен әскери қызметшілер одан әрі емделу үшін Алма­ты қаласындағы Әскери-кли­никалық госпитальдің бейінді бөлімшесіне ауыс­­­тырылды.

Аймақтар • 03 Қазан, 2019

Адам саудасына қарсы ынтымақтастық

«Адам саудасы және мигранттарды заңсыз әкелу нәтижесінде алынған заңсыз қаржы ағынының жолын кесу үшін халықаралық және өңірлік ынтымақтастық» тақыры­бын­да семинар өтті. Оны Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы БҰҰ ЕҚБ-мен бірлесіп ұйымдастырды.