Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2462 материал табылды

Коронавирус • 08 Маусым, 2020

"Qazaqstan" ұлттық арнасы қызметкерлерінің індет жұқтырғанын растады

Бүгін "Qazaqstan" РТРК АҚ Алматы филиалының директоры Сәуле Жиреншина аталмыш телеарна қызметкерлерінен коронавирустық инфекция табылуына байланысты нақты ақпарат берді. Өйткені,  телеарнадағы әріптестерімізден індет табылуына байланысты алыпқашты әңгімелер желдей есіп тұр.

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Коронавирустан жазылған бұрынғы вице-министр журналистерге сұхбат берді

Оқырман есінде болса, сәуір айының жиырмаларында желдей ескен бейресми ақпараттар шындыққа айналып, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшылығы ауысып, орнына оған дейін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі сынды лауазымды қызмет атқарған Камалжан Надыров Алматы қаласына Бас дәрігер болып келген-ді. Алайда, Камалжан Надыров жаңа қызметіне кіріспей жатып, коронавирус жұқтырғаны анықталды. Сонымен, дертінен сауыққан Алматы қаласы Қоғамдық  денсаулық басқармасының жаңа басшысы дүйсенбі күні журналистермен алғашқы онлайн-брифингін өткізіп, БАҚ сауалдарына жауап берді.

Қазақстан • 08 Маусым, 2020

Қазақстандықтар мемлекеттік рәміздерді жақсы біле ме?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай «Зор Рух» қайырымдылық қоры Алматы қаласының әкімдігімен бірлесе отырып, «Отбасы институты» жобасы аясында жастар мен балалар арасында онлайн іс-шаралар өткізді.

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

Қырғызстанмен айқын статистика: айырмашылық 10 есеге жетті

Бір жарым жыл ішінде, яғни 2019 жылдың қаңтары мен 2020 жылдың маусымы аралығында Қырғызстаннан Қазақстан мен Ресейге кедендік бақылаудағы транзитті есепке алмағанда, 79 163 автокөлік құралы тасымалданған. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті хабарлады.

Аймақтар • 08 Маусым, 2020

8 маусым: Алматыдағы көпқабатты үйлерді залалсыздандыру кестесі

Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді, балалар және спорт алаңдарын 8 маусым күнгі дезинфекциялау кестесі.

Руханият • 08 Маусым, 2020

Мақтааралдық оқушылар олжалы болды

Алматыдағы «Аяла» қоры Алматы облысы Қапшағай қа­ла­сында орналасқан «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан Мақтаарал ауданының алты мектебінің 5-9 сынып оқу­шыларына киім-кешек жинақтамасы мен кең­се тауарлары салынған 251 рюкзак табыстады.

Туризм • 08 Маусым, 2020

Алматыда экотуризмді дамытуға 1 миллион доллар жұмсалады

Айналасы табиғаттың түрлі тамашасына толы тау бөктеріндегі Алматы билігінің әу бастағы мақсаты туризмнен табыс табу болғанымен, бұл орайдағы жобалардың көпшілігі жүзеге аса қоймағанын мойындау қажет.

Туризм • 08 Маусым, 2020

Саланы дамыту жайы талқыланды

«Экотуризм арқылы тұрақты даму­ға: алғышарттар мен мүмкін­діктер». Осындай тақырыпта Қазақ ұлттық қыз­дар педагогикалық универ­ситетінде рес­­пуб­ликалық семинар өтті. Аталған білім ордасы бұған дейін «7 жаңа турис­тік маршрут» жо­ба­сын қолға алып, ай­мақ­тық киелі жер­лер мен жәді­герлерді наси­­хаттауға ұмты­­лып отыр­ға­нына тоқ­та­ла кету керек.

Аймақтар • 07 Маусым, 2020

Алматы мейрамханалары келушілерді көптеп қабылдай алады

Алматыда 25 мамырдан бастап жазғы алаңдарды қоса алғанда, қоғамдық тамақтандырудың 3100-ден астам нысандары өз қызметін қайта бастады.

Аймақтар • 06 Маусым, 2020

Алматыда карантин режимін сақтамаған 74 нысанның қызметі тоқтатылды

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен карантин режимінің сақталуын қадағалау жұмыстары жалғасуда. Мониторингтік топ мүшелері күн сайын қоғамдық орындар, сауда орындары мен басқа да нысандарды аралап, тексереді.