Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2483 материал табылды

Аймақтар • 06 Маусым, 2020

Алматыда карантин режимін сақтамаған 74 нысанның қызметі тоқтатылды

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен карантин режимінің сақталуын қадағалау жұмыстары жалғасуда. Мониторингтік топ мүшелері күн сайын қоғамдық орындар, сауда орындары мен басқа да нысандарды аралап, тексереді.

Кино • 05 Маусым, 2020

«Қазақфильм» АҚ 1 миллиард теңгеге жуық қаражат алады

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ екінші питчинг нәтижелері бойынша миллиард теңгеге жуық қаржы алады. Бұл туралы бүгін Ұлттық киноны мемлекеттік қолдау орталығы хабарлады.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Жандарбек Бекшин: Алматыда індет әлі де айылын жинаған жоқ

Алматыдай үлкен қалада коронавирус індеті ауызтықталды деп айтуға әлі де ерте. Жаңадан жұқтырып жатқандар бар, өткен тәулік ішінде ғана індет белгісі байқалған 49 оқиға анықталса, бір апта ішінде – 334 адамның вирус жұқтырғаны белгілі болды. Сонымен Алматыда бүгінгі дейін 2790 оқиға тіркеліп, 10 адам қайтыс болды.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Алматыда 7 мың адамды қабылдайтын жаңа мешіт салынып жатыр

Бүгін Алматы қаласының әкімі өзінің әлеуметтік парақшасында Алматының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт бой көтеріп жатқандығы туралы жазды.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Алматыдағы ең жасыл желекті аудан – Медеу ауданы

Биыл Алматыда 265 мың ағаш отырғызу жоспарланған. Бұл бастамада қаланың облыспен шектесетін Наурызбай және Алатау аудандарына бірінші кезекте ерекше назар аударылып отыр.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Алматы: Залалсыздандыруға 73 850 литр дайын ерітінді қолданылды

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 2020 жылдың 5 маусымы күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындарды залалсыздандырудың жай-жапсары төмендегідей.

Аймақтар • 05 Маусым, 2020

Жұма: Алматыдағы көпқабатты үйлерді дезинфекциялау кестесі

Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялаудың 5 маусым күнгі кестесі.

Экономика • 05 Маусым, 2020

Жалғыз компания Алатауды игере ала ма?

Соңғы уақытта Алматының айналасындағы ұлттық қорықтар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп бара жатқандай әсер қалдыратын, қоғамды қобалжытатын ақпараттар пайда болды. Тіпті әлеуметтік желілерде «Алатауға қолды салғаны – Алматыны алғаны...» деп басталатын «замана зарлары» жүр.

Аймақтар • 04 Маусым, 2020

Жас ғалымдардың Халықаралық жаздық мектебі онлайн режимде өтті

Алматыдағы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті магистранттар үшін Халықаралық жаздық мектеп ұйымдастыруды жақсы дәстүрге айналдырып отыр. Биыл осымен жаздық мектеп оныншы рет өткізілді. Жаздық мектепке отандық, сонымен қатар алыс және жақын шетелдердің ғылыми орталықтары мен жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдары да қатысады. Аталмыш білім ордасындағы биылғы Халықаралық жаздық мектебі пандемияға байланысты, онлайн-режимде ұйымдастырылуымен айрықшаланып отыр.

Қоғам • 04 Маусым, 2020

Алматы ХҚО-лары ашылғалы бері 23 686 қызмет көрсетті

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданғаннан кейінгі көп сұралған мемлекеттік қызметтердің рейтингін жасады.