Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2446 материал табылды

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Алматы: Нысандары карантиннен шыққан кәсіпкерлер аудиттен өту үшін қайда хабарласуы керек?

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Алматы қаласынданысандарды ашудың екінші кезеңінде азық-түліктік емес тауарларын оnline-жеткізуді (интернет-дүкендер, online-дүкендер) жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне, сондай-ақ – ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникасын жөндеу қызметіне рұқсат етілді.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

«Карантин кезінде МӘМС» әрекетіне қатысты онлайн-мәжіліс өтті

Бүгін, 28 сәуірде Арманжан Байтасовтың Инстаграмдағы парақшасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасының қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылды. Спикер оқырмандардың карантин кезіндегі емделуіне, төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істейтін дәрігерлерге берілетін жәрдемақыға және басқа да маңызды тақырыптағы сұрақтарға жауап берді.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қыздар университетінде онлайн «Ашық есік күні» өтеді

Ертең, 29 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде онлайн форматтағы республикалық «Ашық есік күні» өтеді. Сағат 14:00 мен 18:00 аралығында жүргізілетін шара оқу орнының YouTube-тағы ресми арнасында ұйымдастырылады. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Алматылықтарға Алматы облысындағы саяжайларына баруға рұқсат етілді

Бүгін Алматы қалалық Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен брифингте қала тұрғындарына өз саяжайларына, оның ішінде Алматы облысында орналасқан саяжайларына баруға рұқсат етілгені туралы хабарланды.

Әлем • 28 Сәуір, 2020

Қазақ балалары әлем жеткіншектерімен қосылып ән шырқады

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары Алдияр Тумашинов пен Абулхаир Қуаныш Анкарадағы бас Юнус Эмре атындағы түрік мәдениет орталығы ұйымдастырған 23 сәуірдегі Ұлттық егемендік және балалар мерекесін атап өтуге қатысты. Биылғы жылы осынау дәстүрлі мерекенің ерекшелігі – Түркия Парламентінің 100 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келуінде болып отыр.

Қазақстан • 28 Сәуір, 2020

Гаухар Алдамбергенова: Ұтымды істер өрге бастайды

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гаухар Алдамбергенова Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Оқу орнының басшысы өз пікірін әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында жариялады, деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Алматыда көліктерін онлайн тіркеушілер көбейді

Елімізде орын алған ахуалға байланысты қоғамдағы дәстүрлі қатынастар электрондық жүйеге ауысқаны белгілі. «Азаматтарға арналған үкімет» МК ұсынылатын қызмет түрлерінің бүгінде 80% астамы электрондық форматқа көшті. Әрбір азамат өзіне қажетті құжаттарын онлайн түрде рәсімдеуге немесе жасауға толықтай мүмкіндігі бар.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Енді ЭЦҚ-ны төлқұжатпен қашықтан алуға болады

Карантин кезінде алматылық Веннетта Иманқұлованың жеке куәлігінің мерзімі біткен еді. Барлық шаруа онлайн атқарылатын кезде, жеке куәліксіз Электрондық цифрлық қолтаңба алуға да мүмкіндігі болмай қалған. Енді, электрондық үкімет порталында төлқұжатпен де ЭСҚ алу сервисі қосылғанын естіп, бүгін алуға кіріскен екен.

Қоғам • 27 Сәуір, 2020

Пульмонолог кеңестері: коронавирустан қалай қорғануға болады?

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар  ғылыми-зерттеу институтының Жоғары білім  алудан кейінгі және қосымша білім беру департаментінің басшысы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Қасенова ның айтуынша, COVID-19-дан болатын өлім санының дүниежүзілік статистикасы осы аурудан қайтыс болғандардың арасында артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті секілді ілеспелі аурулары бар егде жастағы адамдардың жиі болатындығын дәлелдеді.

Аймақтар • 27 Сәуір, 2020

Қазақстандағы ең жас ректор тағайындалды

«Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ құрылтайшылар жиналысының шешімімен университет ректоры болып – PhD, доцент, Қазақстан Республикасының «Талантты жас ғалым» атағының үш мәрте иегері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің грантын алған Қайыржан Әбдіхалықов тағайындалды.