Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2483 материал табылды

Аймақтар • 11 Мамыр, 2020

Алматыда карантин режимі сақталады

Бұл туралы Алматы әкімдігі жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабы хабарлайды.

Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Алматы: Індет жұқтыру қаупі сейілген жоқ

Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің айтуынша, алматылықтарға бетперде киіп, жеке басының қауіпсіздігі мен қауіпті індеттің алдын алу үшін дезинфекциялық және антисептикалық құралдарды пайдалану керек.

Аймақтар • 10 Мамыр, 2020

Алматыда 340 індет ошағы карантиннен шықты, қаншасы қалды?

Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің мәліметтеріне сәйкес, 9 мамырдағы жағдай бойынша қала аумағындағы коронавирус инфекциясының 340 індет ошағынан шектеу шаралары алынып тасталды, соның 14-і соңғы тәулікте алынған:

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Алматыда COVID-19-ды анықтайтын Оңтүстік кореялық мобильді скринингтік-орталық жұмысын бастады

Мегаполис тұрғындарын көліктен шықпай-ақ коронавирустық инфекцияға тестілейтін мобильді скринингтік-орталығының ашылу салтанаты 9 мамырға тұспа тұс келді. Оңтүстік кореялық МPK Clinic медициналық ұйымының Covid-19-ға қарсы орталығының ашылуы Жеңіс күнінің 75 жылдығына арналды.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Алматының аулаларында әскери әндер әуелеп тұр (видео)

Алматыда Ұлы Жеңіс құрметіне әскери әндерді тұрғын үйлердің балкондарынан орындау флешмобы іске қосылды

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

«Атам Киізбай 43 жасында соғысқа өзі сұранып, оралмаған»

Жұмыр жердің бетіндегі бүкіл халықты құлдық құрсауында ұстап, билігін жүргізгісі келген фашизм ашқан екінші Дүниежүзілік соғыстың желбірген Жеңіспен аяқталғанына биыл 75 жыл толды. Сол сұм соғыстың жалыны әлемдегі 60-тан астам елді шарпып, 40 мемлекеттің жерінде қантөгісті соғыс оты өзінің қасіретті ізін қалдырды. Ел басына күн туғанда, бүкіл халық бір кісідей жұмылып, қасиетті Отанды зұлым жау тырнағынан қорғап қалу жолында тынымсыз еңбек етті, сүйем жер үшін қасарыса қан төкті. Сол майданда ерлерше соғысқан қазақстандықтар өз алдына бір төбе. Олардың қатарында менің майдангер атам Киізбай Оспанов та бар.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Алматы ХҚО-лары енді мүлде жаңа форматта қызмет көрсете бастайды

Алматыда мамыр мерекелерінен кейін Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылады. Алайда, ХҚО енді бұрынғыдай жұмыс істемейтіні қазірдің өзінде белгілі болды.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Оқушылар даңқты панфиловшының немересімен бейнежазба арқылы жүздесті

Өткенін білмеген ұрпақтың болашағы бұлыңғыр десек, бұл күндері еліміздің әр шалғайында тағылымды шаралар легі өтіп жатыр. Осындай өнегелі оқиғалардың қатарына – Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің шығармашылық тобы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойына орай бастау алған «Отан үшін от кешкен батырдың біз ұрпағымыз» марафоны қосылады. Осы бастама аясында майданда ерлік істерімен ел жадында қалған 28 панфиловшының ішіндегі төрт қандас бауырымыздың бірі Мұсабек Сеңгірбаевтың немересі, ел үшін жанын қиған батырдың тікелей ұрпағы Төлеген Мұсабековпен кездесті.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Алматы мен Ресей оқушылары «Журавли» әніне бірлескен музыкалық клип жазды (видео)

Ұлы  Жеңіс күні қарсаңында алматылық өрендер ресейлік замандастарымен бірлесіп музыкалық клип жазды. Айтулы мерекемен құттықтаудың бұл форматы елдердегі коронавирустық инфекцияның таралып отырған сын сағатында таңдалған оңтайлы қадам болып отыр.

Аймақтар • 09 Мамыр, 2020

Бақытжан Сағынтаев: Бүгінгі ұрпақ Сіздерге бейбіт өмір үшін басын иеді

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарды Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады. Бұл құттықтауын шаһар басшысы өзінің Instagram парақшасында жариялады.