Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2483 материал табылды

Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Зейнетақы қоры салымшыларды алаңдатып отырған негізгі сауалдарға жауап берді

Бүгін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жанат Құрманов зейнетақы активтерінің инвестициялық кірістілігіне қатысты баспасөз брифингін өткізіп, салымшыларды алаңдатып отырған негізгі сауалдарға жауап берді.

Қоғам • 30 Сәуір, 2020

Карантиндегі Қазақстан: ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 76 мыңнан астам дайын құжат алынған

Карантин басталғалы бері республика бойынша ХҚО-ның бірыңғай терезесінен 76 мыңнан астам дайын құжат алынса, оның ішінде 5 мыңнан астам  алматылықтың дайын құжаты бар. Бұл құжаттардың басым бөлігі карантин барысында онлайн рәсімделген, қалған бөлігі – ХҚО жабылғанға дейін.

Қоғам • 30 Сәуір, 2020

«Азаматтарға арналған үкімет» ұжымы сын сағаттарда ауызбіршілігін көрсетіп отыр

Халықтың төзімі мен сабырын сынаған күндерде бірлігін де, тірлігін де көрсетіп, бір үйдің баласындай жұмыс істеп жатқан ұйымдар бар. Елімізде талай саланың жылдар бойы іркілмеген жұмысы төтенше жағдай кезінде толас тапқанда, тынымсыз халыққа онлайн режимде ауызбіршілікпен қызмет көрсетіп жатқан мекеменің бірі – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Алматы филиалы ұжымы болды.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Қыздар университеті: «Ашық есік күнінде» 3 мыңға жуық сауал қойылды

Бүгін Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде республикалық «Ашық есік күні» өтті. Онлайн форматта оқу орнының YouTube-тағы ресми арнасында ұйымдастырылған шара барысында жалпы саны 3 мыңға жуық сауал қойылды, деп хабарлайды университеттің баспасөз қызметінің жетекшісі Жандар Асан.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Алматыда 202 ардагерге 1 миллион теңгеден төленеді

Алматы қаласында төтенше жағдай кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына әлеуметтік қолдау көрсету жалғасуда.

Аймақтар • 29 Сәуір, 2020

Алматыда 6 адам айығып, жаңадан 5 адам жұқтырды

29 сәуірдегі 9.00 сағаттағы ахуал бойынша Алматыда коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 5 адам тіркелді. 

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Алматыда «Парасатты мектеп – болашақ мектеп» атты бейне-конференция өтті

Алматыдағы Алатау ауданында орналасқан №151 Жалпы білім беретін мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесінде аудандағы мектептің басшылары қатысуымен «Парасатты мектеп – болашақ мектеп» тақырыбында бейне-конференция өтті.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Алматы: Нысандары карантиннен шыққан кәсіпкерлер аудиттен өту үшін қайда хабарласуы керек?

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның 2020 жылғы 27 сәуірдегі шешіміне сәйкес, Алматы қаласынданысандарды ашудың екінші кезеңінде азық-түліктік емес тауарларын оnline-жеткізуді (интернет-дүкендер, online-дүкендер) жүзеге асыратын компаниялардың қызметіне, сондай-ақ – ТҚС (оның ішінде, автосалондар жанындағы), дөңгелек жөндеу, көлік жуу, ұйымдық техникасын жөндеу қызметіне рұқсат етілді.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

«Карантин кезінде МӘМС» әрекетіне қатысты онлайн-мәжіліс өтті

Бүгін, 28 сәуірде Арманжан Байтасовтың Инстаграмдағы парақшасында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасының қатысуымен тікелей эфир ұйымдастырылды. Спикер оқырмандардың карантин кезіндегі емделуіне, төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істейтін дәрігерлерге берілетін жәрдемақыға және басқа да маңызды тақырыптағы сұрақтарға жауап берді.

Аймақтар • 28 Сәуір, 2020

Қыздар университетінде онлайн «Ашық есік күні» өтеді

Ертең, 29 сәуір күні Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде онлайн форматтағы республикалық «Ашық есік күні» өтеді. Сағат 14:00 мен 18:00 аралығында жүргізілетін шара оқу орнының YouTube-тағы ресми арнасында ұйымдастырылады. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметі хабарлады.