Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2449 материал табылды

Медицина • 06 Ақпан, 2020

Дертті жандар тендерді күте алмайды

Бүгінгі таңда гемофилия дейтін дерт те кез келген мемлекеттің мойнына артыл­ған әлеуметтік мәселе. Алайда, оның тауқыметі басына түскендерге ғана аян. Жуырда «Қазақстандағы гемофилиямен ауыратын мүгедектер қауымдастығы» қо­ғамдық бірлестігі аталған дертті емдеудегі қордаланған мәселелерді бүге-шіге­сіне дейін баяндай келе, Денсаулық сақтау министрлігіне, Парламент Мә­жі­лісінің депутаттарына, құқық қорғаушы ұйымдарға, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінуге тура келіп отырғандарын мәлімдеді. Неге?

Аймақтар • 05 Ақпан, 2020

Алматының Алатау ауданында кезекті құжаттандыру секторы ашылды

Алматының Алатау ауданында тағы бір құжаттандыру секторы жұмыс істей бастады. Өткен аптаның соңында Азаматтарға арналған үкіметтің Алматы қаласы Алатау аудандық екінші майдан-кеңсесінде құжаттандыру секторы ашылған болатын.

Аймақтар • 05 Ақпан, 2020

Денсаулық мектебі - дәрігер мен пациент арасындағы дәнекер

1986 жылы  Оттава қаласында (Канада) өткен Бірінші халықаралық конференцияда қабылданған Денсаулықты нығайту жөніндегі Оттава хартиясында: «Біздің денсаулығымыз бен амандығымыз өзіміздің қолымызда, сондықтан денсаулықты нығайту қызметінің басты бағыттарының бірі жеке дағдыларды дамытуға көмек көрсету болып табылады» делінген.

Медицина • 05 Ақпан, 2020

Обырды жеңуге болады

Жыл сайын 4 ақпанда Қатерлі ісікке қарсы дүниежүзілік күрес күні атап өтіледі. Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бас­тамасымен дәл осы күні мамандар онкологиялық дерттердің бар екенін халықтың есіне салып, оның алдын алу, ерте анықтау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қолжетімді скринингтік тексерулердің маңызы туралы ауқымды жұмыс жүргізеді.

Руханият • 04 Ақпан, 2020

ҚазҰУ студенттері «Қайырымды қоғам» челленджін бастады

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің студенттері «Қайырымды қоғам» челленджін бастап, ауқымды флеш-моб өткізді. ЮНЕСКО аясында 1150 жылдығын бүкіл әлем тойлап жатқан ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби ескерткішінің алдында әр факультеттен 5 мыңнан астам студент жиналды.

Медицина • 04 Ақпан, 2020

Обырды жеңген қазақтар

Жыл сайын 4 ақпанда Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі. Халықаралық обырға қарсы одақтың (UICC) бастамасымен дәл осы күні мамандар онкологиялық дерттердің бар екенін халықтың есіне салып, оның алдын алу, ерте анықтау, денсаулыққа жауапкершілікпен қарау, қолжетімді скринингтік тексерулердің маңыздылығы туралы ауқымды жұмыстар жүргізеді.

Медицина • 04 Ақпан, 2020

Отандық дәрігерлер отаның жаңа түрін жасады

Алматыдағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында отандық кардиологтердің машығын байытқан тамаша шеберлік дәрісі өтті. Қазақстандық дәрігерлер алғаш рет неміс кардиологі Торстен Ханкемен бі­рігіп, крио­блация көмегімен митральды қақпақшаға хирургиялық түзету операциясын жасады.

Спорт • 03 Ақпан, 2020

Алматыда спидвейден әлем чемпионатының алғашқы финалы өтті

Кеше FIM Халықаралық Мотоцикл Федерациясының қолдауымен «Медеу» мұз айдыны мұздағы мотожарыстардан 2020 жылғы жеке әлем чемпионатының алғашқы финалын мәреге жеткізді.

Қазақстан • 03 Ақпан, 2020

«Филип Моррис» компаниясы ҚМЭБИ-ға қосқан үлесі үшін марапатталды

Мемлекетіміздің тарапынан соңғы жылдары үздік жұмыс беруші ретінде бірнеше рет марапатталған «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС Алматыдағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) дамуына үлес қосқаны үшін кезекті рет мәртебеге бөленіп отыр.


Тағайындау • 03 Ақпан, 2020

Қазақстан Шахмат федерациясының жаңа президенті сайланды

Қазақстан Шахмат федерациясының президенті қызметін 2015 жылдың шілде айынан бері Shakhmardan Yessenov Foundation ғылыми білім беру қорының құрылтайшысы және Алматы марафонының негізін қалаушы Ғалымжан Есенов атқарып келген болатын.