Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2528 материал табылды

Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Жүрегін тексеруді қажет ететіндердің 52,4% ғана кардиоскринингтен өтті

Елімізде автоматтандырылған «Поликлиника» ақпараттық жүйесі деректері бойынша, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында ұсыныс берілген 1 655 340 азаматтың ішінен тек 52,4% ғана қан айналымы жүйесінің ауруларын анықтайтын тексеруден өтті. Тексерілгендердің арасынан 52 488 адамда жүрек-қан тамырларының аурулары анықталды. Олардың ішінде 41 158  азамат диспансерлік бақылауға алынды.

Аймақтар • 10 Ақпан, 2020

Алматы: Қаңтар айында 11 мың адам eGovmobile қосымшасына тіркелді

Биыл, яғни 2020 жылдың қаңтарында 11 мың адам eGovmobile қосымшасына тіркелген. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан • 08 Ақпан, 2020

Алматы: Әуежай мен ауруханаларды коронавирусқа қарсы тексерді

Алматының Өңірлік штабы әуежай мен ауруханада коронавирустың алдын алу шараларының жүзеге асырылуын тексерді.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2020

Алматыға 24 қаңтар мен 7 ақпан аралығында Қытайдан 6792 адам келді

Қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Алматыда қауіпті аймақтан келушілерді бақылау жалғасын тауып, бақылауға алынғандардың барлығының жағдайы қанағаттанарлық деп мәлімдеді.

Аймақтар • 08 Ақпан, 2020

Алматы әуежайында еріктілер коронавирустың алдын алу үшін жадынамалар таратты

Алматы әуежайында еріктілер коронавирустың алдын алу үшін 3 мыңнан астам жадынама таратты. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен баспасөз маслихатында қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова мәлімдеді.

Қоғам • 07 Ақпан, 2020

Алматыда биыл жылу тарифі 18 пайызға арзандады

Бүгін қала әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қалалық департаментінің басшысы Болат Самбетов, инвестициялық бағдарламалар мен жылу-энергетикалық сектор субъектілерінің тарифтік сметасының шығындарын қайта қарауға байланысты, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, халық үшін жылу жүйелеріне соңғы тариф 18%-ға төмендегенін хабарлады. Сонымен Әкімдік пен монополияға қарсы департаментінің бастамасымен Алматыда жылу тарифі көтерілмейді.

Қоғам • 07 Ақпан, 2020

Алматыда 1 ақпаннан бастап су 4 пайызға арзандады

Алматыда 1 ақпаннан бастап тұрғындарды сумен қамтамасыз ету тарифі 4 пайызға төмендеді. Бұл жайлы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығы алаңында Ұлттық экономика минстрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Болат Самбетов хабарлады.

Аймақтар • 07 Ақпан, 2020

Тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің түйткілдері

Өткен жылы денсаулық сақтау саласында көптеген өзгеріс болды. Денсаулық сақтау кодексіне ұсынылып отырған түзетулер мен өзгерістер халық арасында пікірталасқа ұласты. Осы орайда Алматыға Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келіп, БАҚ өкілдерімен бейресми жағдайда кездесіп, медицина саласында қордаланған мәселелер төңірегінде әңгіме қозғаған еді.

Аймақтар • 06 Ақпан, 2020

Алматыда көпбалалы және мұқтаждығы бар отбасылармен бірлескен жұмыс тобы құрылды

Алматыда көпбалалы және аз қамтылған отбасылармен бірлесіп әрекет ететін жұмыс тобы құрылды. Алматы қаласының әкімінің орынбасарлары Е.Бабақұмаров, С.Тұяқбаев 5 ақпан күні «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталықтарында көп балалы және аз қамтылған отбасылармен кездесу өткізді.

Медицина • 06 Ақпан, 2020

Дертті жандар тендерді күте алмайды

Бүгінгі таңда гемофилия дейтін дерт те кез келген мемлекеттің мойнына артыл­ған әлеуметтік мәселе. Алайда, оның тауқыметі басына түскендерге ғана аян. Жуырда «Қазақстандағы гемофилиямен ауыратын мүгедектер қауымдастығы» қо­ғамдық бірлестігі аталған дертті емдеудегі қордаланған мәселелерді бүге-шіге­сіне дейін баяндай келе, Денсаулық сақтау министрлігіне, Парламент Мә­жі­лісінің депутаттарына, құқық қорғаушы ұйымдарға, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жүгінуге тура келіп отырғандарын мәлімдеді. Неге?