Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023
Күріш өсіруді үйретуге мүдделі
Өткен жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Иранға барған сапарында егер барлық мүмкіндікті пайдалансақ, екі ел арасындағы сауда-саттық алдағы үш жылдың ішінде 3 млрд долларға дейін өсуі мүмкін екенін айтқан болатын. Оған қоса Қазақстан Иран азаматтары үшін 14 күн мерзімге визасыз режім енгізді. Осынау бастама алғашқы нәтижесін бере бастады.
Қоғам • 25 Қаңтар, 2023
Алматы студенттері алкогольді ішімдіктер ішу жөніндегі зерттеулерге қатысты
Мына қызықты қараңыз, Қазақстан заңнамасына сәйкес алкогольді ішімдіктерді тек 21 жастан асқандарға сатуға рұқсат етіледі. Алайда «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ Алматы Менеджмент Университеті студенттерінің көмегімен жүргізген зерттеулер мүлде басқа жәйттерді анықтап отыр. Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың 63%-ы арақ-шараптың дәмін алғаш рет 18 жасқа дейін, 31%-ы 18 бен 21 жас аралығында, тек 6%-ы ғана 21 жастан асқан соң татып көрген.
Қоғам • 24 Қаңтар, 2023
Қаржы пирамидасынан қалай сақтанамыз?
Атышулы қаржы пирамидасы алданғандардың ақшасын қайтарып жатыр. «Қайтқан малда қайыр бар» десек те, өкінішке қарай, жұртты зар илетіп кеткен қаржы пирамидаларына алданып жүргендер әлі де бар. Таныс туыстарымыздың арасынан да мұндай алаяқтардың ықпалына астындағы көлігін, үстіндегі үйін сатып кіріп кеткендер табылады. Тіпті ана дүниеге қайғыдан қаржы пирамидаларына салған миллион қарызымен аттанып кеткендерді білеміз. Сонда мұның атын қарапайым түйсіксіздік дейміз бе, әлде дүниеқоңыздық адамның екі көзін байлап қоя ма?
Медицина • 22 Қаңтар, 2023
Тиімді дәрігерлік тәжірибе алмасу
Ертеден келе жатқан ескі кеселдің бірі – талма ауруы жайлы талай трактаттар жазылған, әлі де зерттелуде. Дамыған медицинаның өзі тұқым қуалайтын дерттің дауасын толық таба алмаса да, мидың созылмалы ауруына шалдыққандардың денсаулығын озық медициналық технологиялар, операциялар көмегімен жеңілдетуге, жақсартуға болады.
Қазақстан • 20 Қаңтар, 2023
Үш қалада 3580 call-орталықтары жұмысын бастады
Психиатр мамандарымыз зерттей келе, адамдар қиын жағдайларға тап болып торыққанда түрлі қателіктерге ұрынатынын, тіпті өз-өзіне қол салуға дейін баратынын, бірақ тікелей психитриялық көмек көрсететін медициналық мекемелерге қаралуға қаймығатынын алға тартып келеді. Ендігі жерде денсаулық сақтау саласы сөзден нақты іске көшіп, бір айдан бері Алматы, Тараз және Семей қалаларында call-орталықтарды іске қосты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кино • 16 Қаңтар, 2023
Қалыңдығын іздеген грузин хикаясы немесе актер Фархад Әбдірайымовтың соңғы рөлі
Жаһанды жайлаған індет кезінде Қазақстан мен Грузия кинематографистері бірігіп, «Махаббаттан да маңызды» («Больше чем любовь») атты романтикалық комедия түсіруді бастаған болатын. Амандық болса, алдағы наурыз айында аталған фильмнің тұсауы кесіліп, еліміздің кинотеатрларында көрсетіле бастайды.
Медицина • 15 Қаңтар, 2023
Нәрестені неонатальді тексеруден өткізу маңызды
Қазіргі медицинаның артықшылығы – дүниеге шыр етіп келген кез келген нәресте, әсіресе шала туған шараналар перзентханада міндетті неонатальді скринингтен өтеді. Мұндай скрининг біздің елде ғана емес, басқа елдерде де жүргізіледі.
Өнер • 13 Қаңтар, 2023
Сыншылар сыйлығы қай театрға бұйырды
Қоштасқанымызға санаулы күндер ғана өткен ескі жылда Алматыда Қазақстан Республикасы Театр сыншылары қауымдастығы өзінің дәстүрлі сыйлығына қандай қойылым лайықты екендігін анықтаған-ды. Сыншылар қауымдастығының нұсқасы бойынша «Жылдың үздік балеті» атағы «Астана Балеттің» «Жібек жолы» спектакліне берілді.
Экономика • 13 Қаңтар, 2023
Тауар сертификаты – өнімнің айнасы
Қазіргі таңда Алматыда тауар өндіру көлемі артып келеді. Осыған сәйкес кәсіпорындарға берілген тауардың шығу түбін растайтын сертификат саны 2 есеге өсті.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2023
Бестөбе шахтасынан заңсыз алтын өндірген адамның мәйіті табылды
Бестөбе кенішінің жұмыс істемейтін шахтасының аумағында заңсыз алтын іздеушінің мәйіті табылды. Бұл туралы шахтаның кезекші қызметкері полицияға хабарлаған. Оның қасында бірге заңсыз алтын іздеген адамдар мәйітті сыртқа көтерген, деп хабарлайды Egemen.kz.