Аймақтар • 25 Шілде, 2019
Ғалымдар адам ағзасынан жүректі емдей алатын жасуша тапты
Қазір барлық елде жүрек-қан тамырлары аурулары белең алып тұрғаны баршамызға аян. Бұл дерттің «құлашын» кеңге жаюына өмір сүру салтымыз, жүріс-тұрысымыз септесіп тұр. Егер 15% жағдайда бұл кесел тұқым қуалайтын болса, қалғаны зиянды әдеттер, қимыл-қозғалыстың аздығы мен артық салмаққа және ылғи отырып істейтін қызметтің үлесінде.
Экономика • 25 Шілде, 2019
Тәжікстанмен алыс-беріс көбейеді
Шіліңгір шілденің ішінде Қазақстан кәсіпкерлері Душанбеге бір емес, екі рет қатарынан барды. Яғни, 11 шілдеде, одан кейін 18 шілдеде Душанбеге келген қазақстандық делегациялар сауда-саттықты ұлғайтуға әрекет етіп отыр.
Аймақтар • 24 Шілде, 2019
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Арыс оқушыларын Ыстықкөлге демалуға алып кетті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ыстықкөл жағасындағы спорттық-сауықтыру лагеріне Арыс қаласының 50 бүлдіршінін демалуға апарды. Таңғажайып табиғат пен саф таза ауа және көркемдігі көз сүріндірер «Қырғызстанның інжу-маржаны» аясында балаларды ұмытылмас демалыс күндері құшағына алады.
Әлем • 24 Шілде, 2019
Сочидегі тау курорты мыңыншы қазақстандық туристі қарсы алды
Ресейдегі ірі, жыл бойы жұмыс істейтін «Роза Хутор» тау курорты таяу күндері Қазақстаннан келген мыңыншы туристі құрметтеп қарсы алды. Осы маусымда Сочиге мыңыншы болып барған алматылық Қайрат Қыдырәлиевке сочиліктер қонақжайлық сый көрсетті.
Қоғам • 24 Шілде, 2019
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі көп балалы отбасыларға 2% мөлшерлемемен несие береді
Бүгінде тұрғын үй мәселесі отандастарымызды толғандырып отырған өзекті әрі күрделі мәселелердің бірі. Осы орайда, Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі талай отбасын ерен қуанышқа бөлеп, өз баспаналарына қол жеткізулері жолында көптеген шараларды жүзеге асыруда. Банк жұмыс істеп келе жатқан 16 жылдың ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесінің көмегімен 170 мыңнан астам қазақстандық азамат баспана жағдайын жақсарту мүмкіндігін алды. Әсіресе, көп балалы отбасылардың мүдделерін қорғау және олардың баспана мәселесін шешу бүгінде банктің басты міндеттерінің бірі болып отыр.
Қазақстан • 23 Шілде, 2019
Адамдардың жұмыста жиі болмауы олардың кәсіби қызметіне кері әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар, жұмыс берушіге экономикалық шығын келтіретіні аян.
Қоғам • 23 Шілде, 2019
«Жас кәсіпкер» жобасына белгілі спортшы Ардақ Назаров қосылды
Ережесіз күрестен үш дүркін әлем чемпионы және қоғам қайраткері Ардақ Назаров «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Атамекен» ҰКП жүзеге асырып отырған «Жас Кәсіпкер» жобасының бет-бейнесінің біріне айналып отыр.
Қазақстан • 23 Шілде, 2019
Қазақ кәсіпкерлері бір айда Тәжікстанға екі рет барды
Бір айдың ішінде Қазақстан кәсіпкерлері Душанбеге екі рет барған. Яғни 11 шілдеде, одан кейін 18 шілдеде Душанбеге келген қазақстандық делегациялар сауда-саттықты ұлғайтуға әрекет етіп отыр.
Руханият • 23 Шілде, 2019
Ержеткен ұл мен бойжеткен қызға қажет орталық
Былтыр жастайынан жасанды түсік жасаушылардың көбейіп келе жатқанын мәселе ретінде қозғағанымыз оқырманның есінде болар. Бұл тақырыпқа баруға Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан 16 жастан бастап қыздарға ата-аналарының келісімінсіз жүктілікті тоқтатуға рұқсат беруді ұсынуы түрткі болды. Қоғам талқысына түскен бұл ұсыныс кереғар пікірлерге және әлеуметтік желілердегі айтыс-тартыстарға арқау болды.
Экономика • 23 Шілде, 2019
Алматы – «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық жобасына қосылған алғашқы қала
Алматы қаласы «15:15-тегі саяхаттар» халықаралық туристік жобасына қосылды. Бұл – Еуропаның 40-тан астам қаласында күнделікті жергілікті уақытпен 15:15-те басталатын заманауи саяхатшыларға арналған қалалық пайдалы экскурсиялар легі. Алматы – «15:15 форматында» серуендеуге болатын Қазақстанның алғашқы қаласы болмақ.