Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2372 материал табылды

Медицина • 07 Қаңтар, 2021

Алматылық дәрігерлер мыңнан астам науқастың денсаулығын дұрыстады

Бүгін Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Реаниматология және анестезиология орталығы жұмысына оң баға берді. Дәл осы күндері дәрігерлер 1 мыңнан астам ауыр науқастың жағдайын тұрақтандырып, оларды реанимация бөлімшесінен палаталарға көшірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021

Індет жұқтырудың 7%-ға өсуіне жағдайы жеңіл және орташа науқастар септесіп отыр

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифингте COVID-19-ға қарсы күрес бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек деңгейінде әлеуетті арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021

Алматыда тәулігіне COVID-19 жұқтырған 50 науқас ауруханаға жатқызылады

Бүгін мегаполисте өткен онлайн-брифингте Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев коронавирістық инфекцияға қатысты мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz

Коронавирус • 07 Қаңтар, 2021

Жандарбек Бекшин мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауға шақырды

Бүгін Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин азаматтардан мәжбүрлі шараларға түсіністікпен қарауды және вирустың бөлінуі тоқтағанға дейін оқшауланудан бас тартпауды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Аймақтар • 07 Қаңтар, 2021

Алматыда 7 күнде 700 адам індет жұқтырды

Бүгін Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте 2021 жылғы 7 қаңтардағы жағдайға сәйкес, Алматыдағы эпидемиялық жағдайдың күрделі екендігін хабарлады. Осыған байланысты ол қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырды.

Қоғам • 07 Қаңтар, 2021

Жекеменшік балабақшалар субсидияланды

Алматы қаласында бүгінде бала туу көрсеткіші жаман емес, көші-қон үдерісі де белсенді. Дегенмен, пандемия денсаулық саласынан бастап, білім және балабақшалармен қамту ісін қайта қарауға мәжбүрлеп отыр. Жуырда қала әкімінің жетекшілігімен білім беру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі алқалы кеңес өтті. Бірінші кезекте мектептер мен балабақшалардағы орын тапшылығын азайту, апатты мектептер мен үш ауысымды білім беру мәселелерін шешу, қашықтан оқытудың сапасы, сондай-ақ жекеменшік балабақшалардағы ата-аналардың төлемін субсидиялау шаралары қаралды.

Қоғам • 06 Қаңтар, 2021

Алматының Әуезов ауданында 6 мыңнан астам сыртқы жарық нүктелері жаңғыртыртылды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев 2021 жылы мегаполистің барлық көшелерін 100% жарықпен қамтамасыз етуді тапсырғанын бұған дейін де хабарлаған едік. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов аудан бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысы туралы баяндады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 06 Қаңтар, 2021

Биыл Алматыдағы «Рахат kz» және «Алатау» базарлары жаңғыртылады

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева хабарлады.

Аймақтар • 05 Қаңтар, 2021

Алматылық кәсіпкерлер жұртты карантинге көндігуге шақырады

Өкінішке қарай, Алматыда карантин шараларын бұзу фактілерін тіркеу әлі де жалғасып жатыр. Мониторингтік топ 2020 жылдың 8 қазанынан биылғы жылдың 2 қаңтарына дейін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігімен шектеу іс-шараларын сақтамағаны үшін жалпы сомасы 107 млн теңгеден астам сомаға 997 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады. 17 материал сотқа берілді, бірқатар кәсіпкерлерге 100 АЕК мөлшерінде  айыппұл салынды және олардың қызметі 1, 3 айға тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Медицина • 05 Қаңтар, 2021

Алматыда 60 адам жансақтау бөлімінде жатыр

Алматының эпидемиялық ахуалына келсек, мегаполис қазір «сары аймақта» тұр. Бүгінгі таңда Алматыда коронавирустық инфекцияның 18 939 жағдайы тіркелген, олардың ішінде 17 309-ы сауығып, 389-ы қайтыс болды. Соңғы тәулікте КВИ-ден 265 адам сауығып шықты, деп хабарлайды Egemen.kz