Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
109 материал табылды

Есірткі • 22 Қараша, 2023

Интернетте жорғалаған жұлынқұрт

Ақпараттық технологиялардың дамуы адамзат баласының орасан игілігі болғанымен, оның кесірлі қырлары байқалып отыр­ғаны өкінішті. Мәселен, ақпараттық технологиялармен ілесе кел­ген лудомания дейтін осы заманға ғана тән дерт бар. Ал одан да қасірет­­­тісі – интернеттің көмегімен саудасы жүріп жатқан, ғаламтордың өзегіне түскен сұм өрмекшідей есірткі бизнесі. Жастықтың жұлынқұрты – өрімдей ұл-қыздар­ды қыршынынан қиып жатқан нашақорлықты тізгіндеудің за­ма­­науи әдісі бар ма?

Қоғам • 19 Қараша, 2023

Қартайғанда зейнет бер

Тіршіліктің қамымен өмірдің бар тауқыметін тартып, қоғамға қал-қадірінше қызмет еткен қарт кісілер көп жағдайда зейнетке шыққанда жағада қайраңдап қалған ескексіз қайықтай, ендігі өмірге бейімделе алмай жан күйзелісіне түсіп қалатын кездері болады. Егер бүкіл бейнетіңнің зейнетін көретін кезеңде бала-шаға қайырымды, қоғам ізгі, жалғызсыратпайтын дос-жараның жеткілікті болса, ол да бір ғанибет! Дегенмен өмір біз ойлағандай ертегі емес, зейнеттегі әлеуметтік жағдай, жазмыш әрқилы болғандықтан, қоғам тарапынан қарттыққа аяңдаған жандардың қалған өмірін жақсылыққа бөлейтін әлеуметтік қамқорлық қажет.

Денсаулық • 14 Қараша, 2023

Дұрыс тамақтанып жүрміз бе?

Қарап отырсақ, түрлі қоғамдық қорлар, яки үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық зерттеу агенттіктері көптеген сауалдама жүргізіп, өз деректері мен дәйектерін алға тартып жатады. Әлбетте, мұндай бастамалар қандай мүдде мен пиғылға жұмыс істейтіні – бөлек әңгіме. Ешқашан дәл статистика­ жасау мүмкін емес десек те, осы арқылы кез келген мәселенің нобайын болжауға болады.

Медицина • 10 Қараша, 2023

Робот көмектескен ортопедиялық операция

3 қарашадан бастап Алматыдағы №4 қалалық клиникалық аурухана хирургтері роботтың көмегімен тізе мен жамбас буындарын ауыстыру операцияларын бастады. Бұл – роботтың қатысуымен жасалған еліміздегі алғашқы ортопедиялық операция.

Туризм • 09 Қараша, 2023

Туристерді арбаған Көлсай

Тянь-Шань тауларының солтүстік беткейінде, әсем орманымен хас зергердің қолынан шыққан жақұттай жарқырап жатқан Көлсай – табиғаттың ғаламат сыйы. Қанша сұқтансаң да сұлулығына көзің тоймайтын мұндай мекендер төрткүл дүниеде сирек болғандықтан, жыл өткен сайын оны тамашалауға келетін шетелдік жиһанкездер саны да көбейіп келеді, оның ішінде өз отан­дастарымыз да бар.

Қылмыс • 09 Қараша, 2023

Өнеркәсіптік ұйымдарға кибершабуыл күшейіп тұр

Биыл қыркүйек айында «Мемлекеттік техникалық қызмет» АҚ тамыз айына дейінгі нәтиже бо­йынша кибершабуылдардың айтарлықтай азайғанын, интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін пайдалана отырып, бұғатталған кибершабуыл саны 13 миллион болғанын мәлімдеген еді. Алайда нақты себептерге байланысты Мемлекеттік техникалық қызметі еліміздегі қандай маңызды мекемелерге кибершабуыл жасалғанын және оның артында кімдер тұрғанын жарияламайтыны аян.

Қоғам • 05 Қараша, 2023

Жеке деректерге төнген қауіп

Бүгінгі таңда қызметкерлердің көпшілігі жұмыс істеу үшін ChatGPT сияқты нейро желілерге негізделген тілдік модельдерді пайдаланатыны белгілі. Мысал ретінде көршілес Ресейде «Касперский зертханасы» жүргізген сауалнамаға сәйкес респонденттердің 11%-ы чат-боттарды қолданатынын мәлімдеген. Осының салдарынан олардың 30%-ы алдағы уақытта адамдардың едәуір бөлігі жұмыссыз қалуы мүмкін деп қауіптенеді екен.

Медицина • 30 Қазан, 2023

Алматылық дәрігерлер жағдайы өте ауыр науқасты аяққа тұрғызды

Таяу күндері Алматыдағы №7 Қалалық клиникалық ауруханаға осыдан 10 жылдай уақыт бұрын жамбас буыны алмастырылған пациент өте ауыр жағдайда жеткізілген болатын. Жарақаттың салдарынан цементсіз әдіспен бекітілген протез науқастың жамбас қуысына кіріп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Отбасы • 27 Қазан, 2023

Алименттен қашқан әйелдер

Ана деп айтуға келмес, алайда алимент төлеуден қашып жүрген әйелдер туған баласынан безген, бақытын басқадан іздеген ер-азаматтардан санымен ғана емес, «сапасы» жағынан да ерекшеленеді.

Қоғам • 19 Қазан, 2023

Орта жастан асқанда жұмыс табу оңай ма?

Кейде орта жасқа келгенде тәжірибелі мамандар да әлеуметтік, денсаулық, отбасылық жағдайына байланысты жұмысынан айырылып қалып жатады. Өкінішке қарай, өмірінің бел ортасынан асқанда өз кәсібінен қол үзіп қалатындардың, тіпті зейнетке шығып кеткендердің арасында да мықты қызметкерлер аз емес. Көп жағдайда қолдау болмаса, оларға қайта жұмыс табу немесе өз кәсібіне оралу оңайға соқпайды.