Айнаш ЕСАЛИ
Айнаш ЕСАЛИ«Egemen Qazaqstan»
2310 материал табылды

Медицина • 19 Желтоқсан, 2019

Қазақстанның жетекші онкологтары Тәжікстанда тәжірибе бөлісті

Бүгін Душанбеде Қазақстан медицинасының күндері басталды. Екі күндік шараға «Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты» АҚ басқарма төрайымы, Қазақстан Республикасының ҰҒА академигі Диляра Қайдарова, сүт безі ісіктері орталығының жетекшісі Әлия Абдрахманова, бас және мойын ісіктері орталығының жетекшісі Мұрат Қайбаров қатысып отыр.

Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019

Алматыдағы Қазақ мемлекеттік циркі журналистерді жаңа бағдарламасымен таныстырды

Алматының мәдени өмірінде Қазақ мемлекеттік циркінің орны бөлек, өнері – өзгеше. Бүгінде Қазақ мемлекеттік циркінің құрылғанына 50 жыл толып отыр.

Аймақтар • 17 Желтоқсан, 2019

Ақпараттық топ Алматы жастарымен кездесті

         Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты негізінде «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету», «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту» жобасы аясында жоғары оқу орындарында, колледждер мен мектептерде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету мақсатында шаралар кешенін жүзеге асыруда.

Спорт • 16 Желтоқсан, 2019

Алматыда дзюдодан Ербол Сыпатаев атындағы турнир аяқталды

Жастарды елжандылыққа тәрбиелейтін мұндай жарыстар өсіп келе жатқан ұрпақты жігерлендіреді екен.

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2019

Алматыдағы «Менің – Қазақстаным!» танымдық-ағартушылық ойындары мәреге жетті

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» тапсырысы негізінде Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету жөніндегі ғылыми-ағартушылық жобаны әзірлеуге және іске асыруға ҮЕҰ, сараптамалық қауымдастықты тарту», «Бірыңғай ортақ құндылықтарды қалыптастыру, сондай-ақ Қазақстан этностары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ілгерілету» жобасы аясында Алматыдағы колледждер студенттері арасында «Менің – Қазақстаным!» тақырыбында «Ғажайыптар алаңы» танымдық ойындар сайысын мәреге жеткізді.

Қоғам • 16 Желтоқсан, 2019

Ақылы автотұрақтан түскен ақша қайда жұмсалады?

Алматыдағы ақылы тұрақтарға қатысты түйткілді мәселелер аз емес. «А-Паркинг» жобасының айналасында әлі де шеші­мін табуға тиісті жайттар жеткілікті. Осыған орай алма­тылық БАҚ өкілдері арнайы баспасөз сапарына шығып, ақы­лы тұрақтардың жұмысына куә болып, «А-Паркинг» жоба­­сы­ның жетекшілеріне көкейдегі сауалдарын қойды. Алматы­дағы «А-Паркинг» жобасының басшылығы журналис­терге ақылы тұрақтан түсетін қаражатқа қатысты есеп берді.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019

Бақытжан Сағынтаев: «Жастар неге Алматыда тұрғанды жақсы көреді?!»

Алматы  – әлмисақтан армандар қаласы, жастар шаһары екендігі әркімге де аян. Өйткені мегаполисте өмірлік мақсаттарға жол ашатын білім ордалары мен мәдени ошақтар да жеткілікті екендігі түсінікті.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019

Алматы жастары «Ұлы дала өнері» атты жиырмадан аса көрме өткізді

Алматы қаласында қала жастары атсалысқан «Ұлы дала өнері» атты көрмелер легі өтті. Көрмеге мектеп оқушылары мен колледж студентерінің ұлттық құндылықтарымызды бейнелейтін 400-ге жуық еңбегі қойылды.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2019

Алматыда Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне шахмат турнирі өтті

Алматы шаһарында еліміздің ең үлкен мерекесін ұлықтайтын шаралар легі жағасын табуда. Мегаполистегі №4 қалалық кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай жастар арасында Халық қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтің құрметіне арналған шахмат турнирі өтті.

Қоғам • 14 Желтоқсан, 2019

Алматыдағы «Ана тілі» аруы» – «Жігіт сұлтаны» байқауында танысқан жастар үйленеді

Он тоғыз жылдан бері республикалық «Ана тілі» ұлт газеті Алматыда және еліміздің басқа да аймақтарында «Ана тілі» аруы» байқауын өткізіп келеді. Жастардың көркі мен қабілетін сарапқа салатын  бұл байқаудың Алматы қаласы студенттерінің рухани, мәдени өмірінде орны бөлек.