Жәнібек ӘЛИМАН
Жәнібек ӘЛИМАН«Egemen Qazaqstan»
254 материал табылды

Руханият • 03 Тамыз, 2022

Сарайшық кесесінің құпиясы неде?

Алтын Орданың ғана емес, бір кездері Қазақ хандығының астанасы болған Сарайшықта не болмаған? Тарихы мен мәдениетін естіген сайын айналып соғып, қызықтағың келеді де тұрады. Қала орнынан табылған мәдениет қалдықтарының өзі қазақ даласында қандай өркениет қалыптасқанын айғақтамай ма? Иә, өнер тудырған ескерткіштер еліктірмей тұрмайды. Соның бірі – жұрттың бәрі білетін, естіген сайын аузын ашып, көзін жұматын Сарайшықтың көзесі, Сарайшықтан табылған кесе. Жай кесе емес, әсірелеп айтқанда, жаны бар кесе.

Руханият • 02 Тамыз, 2022

Белгілі һәм белгісіз «Ақсақ құлан»

Жердегінің көбі армандайтын қанат деген жеке-дара ұғым бар. Құстан көреміз аспандап ұшқан. Жылқының жүйрігіне тән деп естиміз. Ертеректе ауылда соғым сойып жатқанда ара­гідік айтылып қалатын. «Жүйрік екен, қанат шықты» деп. Кейбір атқұмарлар ондай жабағылар сойылып кеткенде, өкінгендей кейістік танытатын.

Әдебиет • 01 Тамыз, 2022

«Кемедей теңселеді кемел ақыл...»

Мағжан Түркістанды жырласа, Жәркен Шығыс Түркістанды көп жырлайды. Мағжанның бір қиыры іспетті. Түркістан, Тұран деген түркінің қара шаңырағы, өлмес мұрат, сөнбес шырақ біз үшін. Біз ғана емес, түбі бір түркі жұртының көкейінен өшпейтін атажұрт жан-жақтағы бауырлас елдердің сана түкпірінде жеке-дара ұғымға айналып кеткен. Сонау Қазтуған, Доспамбет жыраулардың шығармаларынан, тіпті олардан да әріден тамыр тартады.

Өнер • 31 Шілде, 2022

Ерке қыз бен елік сезім...

Өсек қусаңыз бұрын базарға не көшеге бар деуші еді, қазір әлеуметтік желіге... Есеп қусаңыз тағы сонда. Ал Мағжан айтпақшы жан ісіне өлшеніп кесек тусаңыз бізге құлақ түруге тура келеді. Бізге емес, дұрысы – әнге айналған жан сөзіне.

Өнер • 27 Шілде, 2022

«Астына қанатының маржан тағып...»

Әуелі аңыз жетелейтін сияқты, өнер атау­лы құбылысқа. Кейде әннің не күйдің өзін тыңдап рахаттанасың немесе мұңға батасың, жаның жай табуы мүмкін. Кейбір туындының өзінен бұрын аңызы жүреді. Мысалы, Леонардо да Винчидің әйгілі «Джакондасынан» бұрын біздің құлаққа ол туралы неше түрлі әңгімелері жетті. Сонсоң барып қызығушылық туып, тамашалай бастадық. Ақан серінің «Қараторғай» әніне де солайынан душар болғанымызды неге жасырайық? «Астына қанатының маржан тағып» деген жалғыз-ақ жолына бүккен сыры үшін іздеп жүріп қайта-қайта тыңдадық.

Әдебиет • 24 Шілде, 2022

Адасып, жылап жүрген бағалар...

Өтежан туралы сұрай бастасаң, жастарды қайдам, үлкендер қамшы салдырмайды. «Концерт» деген өлеңі бар деп бастайды әңгімені. Мінезін, қылықтарын тізбектеп ала жөнеледі.

Өнер • 20 Шілде, 2022

Көкейді тескен «Жиырма бес»

Қазақта «Жиырма беске» арналған ән көп. Көкейді кесіп те, тесіп те түсіретін түр-түрі бар. Көкейді кесіп түсіретін, біз білетін «Жиырма бестің» бірі Үкілі Ыбырайдікі болса керек. «Күрек тісін ақситып, сұлуды құшқан ­жиырма бес» деп екпіндете шырқалады. Тағы бір «Жиырма бес» қорғасындай балқытады. Бар тамырды қуалап, аса қамырықты орындалады. Әсіресе Шәкен Аймановтың орындауында белгісіз күйге душар етеді.

Өнер • 19 Шілде, 2022

Әлинұр алдыңғы қатардан көрінді

Бұған дейін Димаш Құдайбергеннің маңдайы жарқыраса, былтыр Рухия Байдүкенова жарқ ете қалған «Славян базары» халықаралық фестивалінен қазақ өнерінің қоржыны биыл да құралақан қайтпады. Атап айтқанда, 12 жасар Әлинұр Хамзин музыкалық «Славян базары» халықаралық балалар байқауында лауреат атанып, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.

Әдебиет • 18 Шілде, 2022

Өміріне өлеңмен құн төлеген

Әдетте әдебиет туралы әңгіме айтылып-айтылып біткенге ұқсайды, кейде. Кейде адамның өзі басқа түгілі өзіне жат көрінеді. Көп ішінде, топ ішінде жалғыз қалады.

Кино • 17 Шілде, 2022

«Тақиялы періштедегі» «Япурай»

«Тақиялы періште» фильмінің байлығы баласына қалыңдық іздеген қазақ анасының күлкісі ғана емес, қазақ әндерін, соның ішінде қазақтың халық әнін де дәріптей алуында деген ойдамыз. Бұл фильмнің әр оқиғасының бұрылысы мен жықпылына тоқталуға болады. Бірақ айтпағымыз ол да емес, атақты режиссер, режиссер ғана емес әнші Шәкен Аймановтың қайталанбас дауысынан туындап отыр әңгіме.