Әдебиет • 04 Сәуір, 2022
Бұл туралы қаншама шығарма бар, қаншама аңыз, әпсаналар уақыт құрсағын кеңітіп, әдебиетте қадау-қадау туындылар жазылды. Шыр еткен сәбидің қырық күндік шілде суынан бастап дүние салғандағы мейрам суына дейінгі аралықта қалай өмір сүрді, адамдық антына ту етіп, адалдық сертін ұстады ма, алыс жақынға несімен жұғымды болды, басқаны былай қойғанда өз бағасына жетті ме, соңына қандай із қалдырды, осының бәрін сарапқа салғанда, адам баласының қадір-қасиеті деген жалғыз ауыз сөзге сиятын секілді. Қазақ қарнының ашқанына емес, қадірінің қашқанына жылайтын халық еді ғой.
Қоғам • 31 Наурыз, 2022
«Гитлердің қалдығы» деп отыратын. Мен түсіне бермесем де, үйге келіп үлкендерге айтсам, ішек-сілесі қата күлетін. Кейінгі бір айдың көлемінде бала күнгі бастан өткерген осы әңгіме есіме түсіп жүр. Әлемде болып жатқан құбылыс атаулы бала кезде-ақ басымыздан өтіп жатпаса да, қалт-құлт еткен ұшқындары сөз арқылы санаға ізін сала бастаған екен-ау. «Гитлердің қалдығы» деген сөз 4-5 сыныпта оқитын баланың санасына төңкеріс жасамағанда ше?
Абай • 30 Наурыз, 2022
«Білімдіден аяман сөздің майын, Алты өлеңмен білдірдім әннің жайын» деп кесіп айтады хакім Абай. Ақын қазақ әні мен өлеңі қалай өрістеуі керек деген мақсатта нақты жұмыс істеп, оған өзі бастап кіріскенін байқау қиын емес. 2016 жылы «Жалын» баспасынан шыққан Абай шығармаларының екі томдық толық жинағын сүзіп шыққанда, сол алты өлеңін түгендеген болдық.
Әдебиет • 22 Наурыз, 2022
«Наурыз айы туғанда,Той болушы еді бұл маңда» деп бастап жіберсе, сіз де әнді іліп әкетесіз. Әуелі өлеңі туған бұл ән осылай тұтасып түсе салған тәрізді. Әуені мен өлеңі кірігіп кеткені сонша, қазір сөзін жеке жыр ретінде оқу қиындау. Бірден әні баурап алып кетеді.
Руханият • 15 Наурыз, 2022
Ол кісілер ауыл іргесіндегі қорымдардан топырақ томпайтқалы қашан?! Марқаш (Мархаба) апа бертінде, 2020 жылдарға таман аттанса, Имекең, Иманжан ақсақал тоқсаныншы жылдардың аяқ шенінде жөнелді-ау деймін. Біз онда жеті-сегіз жасар баламыз. Ауылдың екі қариясы да жақсы есімде. Имекең өле-өлгенше аттан түспей кетті. Тоқсанның бірнешеуіне келіп қайтты. Аяқ артып жүрген атын баласы сыртынан сатып жіберіпті.
Әдебиет • 13 Наурыз, 2022
Мағжанның өлеңі, Жайықтың дерегі
Жазушы Жайық Бектұровтың «Енеден ерте айырылған төл секілді» атты шығармалар жинағын көрген де, көрмеген де бар шығар. Жазушының көзі кеткеннен кейін Нұрмахан Оразбектің құрастыруымен шыққан еңбекке әртүрлі әдеби мақалалар мен тарихи байыптаулар топтастырылған. Жауырды жаба тоқымай, қоғамдық сананың астарына айналған саяси жағдайлардың тонын теріс айналдырып көрсете білген құнды еңбек дер едік.
Қоғам • 10 Наурыз, 2022
Біздің ауылда ертеректе үлкендер балаларын «мас келе жатыр» деп қорқытатын. «Мас келе жатыр» деген сөз кәдімгідей үрей тудыратын. Шет жағасына куә болған соң айтамыз. Тіпті түнде бала ұйықтамай қойған жағдайда әлгіндей сөзді айтса, тынышталып, үн-түнсіз жата қалғанын білеміз. «Тезірек көзіңді жұмып, ұйықтамасаң, бөжекей бізді алып кетеді. Бөжекей сені жейді-і!» дегені сияқты ғой.
Қоғам • 08 Наурыз, 2022
Жыл он екі айдың басы, мезгіл біткеннің жаңасы, маусым біткеннің дарасы көктемнің алғашқы мерекесі аналарға арналады. Көктем туа әлем жаңарады, алты ай қыс ақ кебіннің астында қалған тіршілік қайта жанданады, жыл келеді жер бетіне, жылдың келгенін дүниеге жар етуге әуелі адам келуі керек қой. Анасыз адам келе ме өмірге?! Анасыз өмір бастала ма? Анасыз тіршілік жаңара ма? Сіз бен бізді, ұл мен қызды Тәңірі ананың құрсағына салып сақтаған, бауырына салып өсірген, аялы алақанына салып мейірімге бөлеген. Ана бойынан, ана жүрегінен өнген мейірім мен махаббатқа қарсы тұрар күш жоқ жер бетінде. «Ана бір қолымен бесікті тербесе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөздің жаны осы тұстан көрінетін сияқты. Демек, алты ай қыстың тоңы жібіп, көбесі сөгілерде туатын 8 наурыз – әйелдер мерекесінен сүйкімді мейрам жоқ.
Руханият • 07 Наурыз, 2022
Сәби жүректің сөнбес махаббаты
Ел қосыла хормен шырқайтын әннің көбі анаға арналған туындылар десек, қателесе қоймаймыз. Қай отырыста болсын, той-думан, қызық-қуаныштардың көбінде, әсіресе үлкендер жағы аналарын айтып мейірленеді.
Руханият • 01 Наурыз, 2022
Әдебиет ақын-жазушы туған жерден бастала ма, жоқ әлде қолына қалам алып жазған жерінен бастала ма? Алғаш бала ақын қай жерде қолына қалам алып, жағын шынтағына сүйеп, ойланып отырып өлең жазған жер кімге болса да қызық шығар.