Нәзира РАХМАНҚЫЗЫ
Нәзира РАХМАНҚЫЗЫКинотанушы
14 материал табылды

Кино • 06 Наурыз, 2018

Бүгінгі киноэкран: қайдасың, қазақ тілі?

Дәл қазіргі біздің киноэкраны­мызға қазақ тілінің еш қатысы жоқ секілді. Аталуы қазақша, кейіпкері қазақ тілінде сөйлейтін фильм күннен күнге азайып барады. Бұл тіпті қалыпты жағдайға айналғаны соншалық, күндердің күнінде қазақ тілінде түсірілген дүниені шам алып жүріп іздесек те таппай қаламыз ба деген күдікті ой туа бастады. Расында да, киноэкранымыз қазақ тілімен қош айтысуға шындап бел буғаны ма?.. 

09 Ақпан, 2018

Коммерциялық киноның «дүмпуі»

Сонымен өткен жылы түсірілген көркемсуретті фильмдердің саны отыз алтыға жетті. Шындығында, бұл – соңғы ширек ғасырда қазақ кино­сының тарихында болмаған көрсеткіш. Ал енді жаңағы отыз ал­­ты­ның ішіндегі «Оралман» (реж.­ С.Құрманбеков) және «Қа­зақ хандығы. Алмас қылыш» (реж. Р. Әбдірәш) фильмдері ғана «Қа­зақ­фильм» киностудиясында, қал­ған отыз төрт фильм жеке студия­ларда түсірілген. Яғни еліміздің бүгін­гі кинокеңістігін негізінен жеке сту­дия­лардың өнімдері қамтамасыз етіп отыр. Өткен жылдармен салыс­тырғанда фильм санының күрт өсуіне қуануымыз керек пе, әлде сан­нан гөрі сапасына мән бергеніміз дұрыс па? 

24 Қараша, 2017

Қазақ киносы және тарихи құжаттар

Жуырда Қазақ ұлттық өнер универ­ситетінде Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен аталмыш уни­верситет ұжымының ұйым­дас­тыруымен, «Қазақстан кинематогра­фиясы тарихынан» атты тарихи-құ­жат­тық көрме және дөңгелек үстел мә­с­­лихаты өтті. Көрмеге Қазақстан Рес­­публикасы Президентінің Архивінде қазақ киносына қатысты жинақталған деректі материалдардың бір бөлігі қойылып, дөңгелек үстел барысында осы құжаттарға қатысты пікір ал­ма­­сулар болды.

17 Қараша, 2017

Коммерциялық кино: ақша һәм арзан күлкі

Немістің атақты кино теоретигі Зигфрид Кракауэрдің «Коммерциялық кино мен көпшілік психологиясы өзара байланысты және ол спираль тек­тес болып келеді» деген пікірі бар. Шынында да, коммерциялық ки­но мен  көпшілік, яғни көрермен пси­хологиясының арасында қандай байланыс бар?   

03 Қазан, 2017

Қазақ киносының цифрлы топтамасы

Қазір әлем киносының Люмьер­лердің алғашқы екі-үш минуттық сюжеттерінен бастап, күні бүгінге дейін түсірілген кез келген фильмін интернеттен немесе арнайы лицензиясы бар дискілерден таба аласыз. Әсіресе Еуропа, Америка фильмдерін іздеп-табу ешқандай қиын­дық туғызбайды. Көрші Ресей елі де біраз жылдар бұрын «Мосфильм», «Ленфильм», «Свердловфильм», т.б. киностудияларында түсірілген фильмдерді заманауи цифрлы форматқа көшіріп, халыққа ұсынғаны мәлім. Әрине бұл – әлем жұрты өзінің кинотарихын көрерменге бір табан жақындатты деген сөз.  

19 Қыркүйек, 2017

Рухани айналымға түспеген фильмдер

Кино туралы сөз қозғалса, жұрттың назары әсіресе тарихи-биографиялық, комедиялық фильмдерге көбірек ауатыны белгілі. Қоғамдық пікір негізінен осы екеуінің айналасында өрбіп жатады. Қазіргі біздің жағдайы­мыз да дәл осындай. Оның себебі түсі­нік­ті ғой.  

27 Маусым, 2017

Қазақ киносы және киноархив

Бүгінгі күн ертең тарих болып қалары сөзсіз. Ертең кешегі күннің ізін іздейміз. Өнерде де дәл солай. Өт­кен күннің іздерін сол күйінде «қал­пына келтіру» арқылы жеке шы­ғар­ма­лардың ғана емес, тұтас бір ке­зең­нің тарихын мейлінше объек­тив­ті түр­де шынайы суреттеуде, зерт­теу­де ар­хивтің, ондағы сақталған ма­те­ри­ал­дардың маңызы орасан зор.

07 Маусым, 2017

Парасат пен дарақылық

Фильмнің «мінезі» де адамның мінезі секілді әрқилы болып келеді. Бір фильм бар, өн бойынан мейірім төгіліп тұрады, енді бірі мұңды, келесі бірі бас-көз демей «сойып салатын» өткір. Оның өзі де әрқилы.

15 Мамыр, 2017

Фильмде маңыздысы – дүниетаным

Қазақ киносы, ең алдымен, қазақ­тың өзіне керек. Ал енді қазаққа қандай кино керек?