Экономика • 06 Қазан, 2020
Бұйырса, күзгі жиын-терін аяқталып, жұрт жаңа маусымның жемісінен ауыз тиіп жатыр. Болжам бойынша, диқандар биыл да қамба толтырып, кеусен таратарлықтай өнім жинаған. Алайда ішкі нарықтағы көкөніс пен жеміс-жидек бағасы арзандамай отыр. Әсіресе азық-түлік базарларындағы алманың құны аспандап тұр.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
Алматы облысында "ақылды" аурухана ашылды
Алматы облысында жаңадан салынған медицна нысаны пайдалануға берілді. Екі жүз науқасты бір мезетте қабылдап, ем-дом жасауға мүмкіндік беретін инфекциялық аурухана өңірдегі санаулы мерзім аралығында салынған ғимарат ретінде ерекшеленді. Құрылысты іргетасынан бастап, толықтай аяқтау үшін құрылысшыларға 55 күн жеткілікті болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Руханият • 05 Қазан, 2020
Жас ұрпақтың мейірім шуағына бөленіп өсуі мен қайырым жасауға бейім болуы – бір ғанибет іс. Яғни «Жақыңына жанашыр бол!» деген қағиданы балалардың құлағына оқушы кезінен бастап құйған жөн. Осы мақсатты Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі берік ұстанып отыр.
Аймақтар • 05 Қазан, 2020
Күн райының күрт суытуына байланысты Жетісу өлкесінде де жылыту маусымы жылдағыдан ерте басталды. Бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жылу берілсе, тұрғын үйлер де кезегімен жылытылуда.
Аймақтар • 02 Қазан, 2020
Жетісу шаруалары күзгі жиын-терін науқанына қарқынды кіріскен еді. Ендігі егінжайдағы жұмыстың негізгі бөлігі аяқталып, дәнді дақылдар мен бақша өнімдері толықтай жиналды деуге негіз бар. Қазір диқандардың бір тобы қызылша танабындағы тәтті түбір қазуға жұмылса, екінші бөлігі жүгері мен күріш алқабында жұмыс істеп жатыр. Бұл шаруада Панфилов ауданы мен Балқаш ауданы көшбасшы.
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Сарқан диқандары бір күнде 275 тонна қант қызылшасын жинады
Алматы облысында қант қызылшасын қазу жұмысы қарқын алды. Бұған дейін өңірдегі қант өндірісі алыптарының бірі – Көксу қант зауыты биылғы жылдың алғашқы өнімін қабылдауды бастаған болатын. Ал бүгін екінші өндіріс жаңа маусымды іске қосты. Яғни Ақсу қант зауыты аймақтағы Алакөл, Сарқан, Ақсу аудандарының шаруалары еккен тәтті түбірді қабылдап өңдейді, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 29 Қыркүйек, 2020
Тәтті түбір алқабында еңбек дүбірі басталды
Жетісудің жер емген диқандары қант қызылшасын қазып, жинауды бастады.
Оқиға • 29 Қыркүйек, 2020
Бес жасар балдырған Абай өлеңін жатқа оқып, жүлде алды
«Мен де жұлдыз боламын» балалар байқауының биылғы бас тақырыбы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған екен. Жақында жас таланттарды іріктеп, оза шапқандарға арнайы жүлде беретін байқаудың ақтық сайысы өтті.
Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2020
Жұқпалы індетпен күрес Жетісуда қалай жүруде?
Жұқпалы індеттің таралуы Жетісу жерінде де өршіп тұр. Қазірге дейін облыста коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 700 адамнан асты.
Қоғам • 28 Қыркүйек, 2020
Қашықтан қалай оқып жүр, интернетсіз ауыл баласы...
«Egemen Qazaqstan» газетінің тілшілер қосынына Алматы облысының Ұйғыр ауданындағы Кепебұлақ ауылының тұрғындары хабарласып, қашықтан оқуға қатысты мәселені баяндады. Ауылдағы ағайын елді мекенде интернет желісін былай қойғанда, ұялы телефон байланысының жоқтығына налиды. Ал мектеп оқушылары мен студенттер онлайн сабаққа қатысу үшін жол жағалап, телефон байланысы бар жер іздеуге мәжбүр болып отыр.