Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ
Қалмаханбет МҰҚАМЕТҚАЛИ«Egemen Qazaqstan»
1132 материал табылды

Қазақстан • 19 Ақпан, 2020

Алматы облысында өндірілген жалпы өнім құны 3 триллион теңгені құрады

Өткен жылы Алматы облысындағы жалпы өңірлік өнім көлемі бұрынғыға қарағанда 4,5 пайызға өсіп, қаржылай түсім 3 триллион теңгеге жеткен. Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Талдықорған қаласында өтіп жатқан есеп беру жиынында баяндады.

Аймақтар • 19 Ақпан, 2020

Қауіп сейілмеді, сақтық күшейді

Алматы облысының Қытаймен шекаралас аудандарында коро­новирусқа қарсы сақтық шаралары күн тәртібінен түскен жоқ.

Экономика • 17 Ақпан, 2020

Талпақ танау да табыс көзі

Еліміздің ет өндірісі ішкі нарықты толық қамтып қана қоймай, сырт елдің сұранысына жауап беруі тиіс. Бұл үшін агроөнеркәсіп кешенін дамыту мен қаржылай қолдаудың барлық тетігі жұмыс істеп тұр. Әсіресе мал шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Өткен жылдан бастап саланы демеуге қажет 100 млрд теңге қаржы «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында игеріле бастады.

Аймақтар • 14 Ақпан, 2020

Тасқынның алдын алуға сақадай сай

Жетісу өлкесінде биыл қыс қаһары қатты болмады. Көктемнің лебі де ерте сезілуде. Қазір қасат қардың көбесі сөгіліп, ылдиға қарай аққан судың сылдыры естіле бастады. Яғни, шаруа баққан адам мен төтенше жағдай қызметінің елгезектік танытатын шағы келді.

Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Алматы облысы: Қаратал ауданының кітапханасы көшіп-қонып жүр

Қаратал аудандық кітапханасы 1934 жылы құрылған екен. Руханият шаңырағының қорында 50 мыңнан астам кітап бар. Өкінішке қарай, кітапхананың жеке ғимараты жоқ. Қазір ауданның библиографтары Үштөбе қаласындағы А.Пушкин атындағы орта мектептің бір бөлмесінде сығылысып отыр.

Аймақтар • 13 Ақпан, 2020

Алматы облысы: Бизнесмендер баспана сатып әперді

Қапшағай қаласында «7-20-25» бағдарламасы бойынша салынған «Teniz Towers» тұрғын үй кешені қолданысқа берілді. Жетпіс пәтерден тұратын жаңа кешен өңірдегі баспана мұқтаждығын шешуге бағытталған еңбектің жемісі.

Аймақтар • 12 Ақпан, 2020

Алматы облысы жасөспірімдерді жәбірлеу бойынша алдыңғы орында тұр

Алматы облысы жасөспірім қыздар арасындағы жүктілік пен балаларға қатысты зорлық-зомбылық оқиғаларының саны бойынша алдыңғы орында тұр.

Қазақстан • 12 Ақпан, 2020

Қылмыспен күресуде тұрғындардың да үлесі бар

Біз бұған дейін Алматы облысының Көксу ауданында мал ұрлығы мен басқа да қылмыстың азаймай отырғаны жайында жазған едік. Ахуалға алаңдаушылық білдірген тұрғындар пікірі аудан әкімінің есеп беру жиынында айтылып, құқық қорғау органының жұмысына бірқатар сын айтылған болатын. 

Аймақтар • 12 Ақпан, 2020

Жетісуға қызығушылар жетерлік

Алматы облысының отандық туризм саласындағы алатын орны ерекше. Табиғаттың таңғажайып сыйына бай өлкенің сұлулығына тамсанып, шипалы су мен саф ауадан жанға дәру іздеген адамдар қатары да жыл сайын артып келеді. Яғни Жетісуға келуші туристер саны өткен жылы 2 млн адамнан асыпты және облыс аумағына алғаш аяғы тиген адамдардың арасында алыс шетелдіктер көбейген екен.

Аймақтар • 11 Ақпан, 2020

Алматы облысы: Көксулықтар көктемгі су тасқынына дайын

Көксу – Жетісудың бір өзені. Бастауын таудан алатын арынды өзеннің әр көктем сайын мінез көрсетіп, жағасын көбік шайып, таситыны бар. Бұл кезде осы өзеннің бойын жағалай қонған ауданның шаруашылықтарына сел қауіпі төнеді. Әсіресе, биылғыдай тауға қар қалың түсіп, күн райы ерте жылынған кезде қатер екі еселенеді.