Өнер • 16 Тамыз, 2023
Біраз уақыттан бері «Авангард» деп аталатын поэзия клубын құрып, өздері іс-шара өткізіп жүрген жамбылдық жас ақындардың басын облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы қайта қосты. Қысқасы, жас ақындар жанға жылылық сыйлайтын, көңіл толқытатын өлеңдерін оқып, сайысқа түсті.
Аймақтар • 16 Тамыз, 2023
Ұзақ жылдар бойы баспаналы болуды армандаған тараздық көпбалалы, толық емес, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар «2-10-20» бағдарламасы аясында «Ұлы дала» шағын ауданына қоныстана бастады.
Саясат • 14 Тамыз, 2023
Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-министр Әлихан Смайылов жергілікті диқандармен жүздесіп, шаруаларды алаңдатқан өзекті мәселелерге ден қойды. Сондай-ақ ол Сеңкібай су арнасы құрылысы барысын тексеріп, вегетациялық кезеңде суды пайдалану тиімділігін арттыруға байланысты атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударды.
Аймақтар • 11 Тамыз, 2023
Тасөткелге телмірген балықшылар «нәпақамыздан қағылдық» деп дабыл қақты. Су қоймасына ау салатын күнді аңсаған алпыстан аса балықшы жергілікті биліктің тыйым салғанына наразылық білдіріп, бас көтерді. Олар бұл мәселенің жедел шешілгенін қалайды. Кіріс көзінен айырылдық деп шамданған кәсіп иелері биліктен уақытша болса да көлге кіруге рұқсат беруді талап етті.
Аймақтар • 10 Тамыз, 2023
Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы ұжымының ұйытқы болуымен қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Әкім Таразидің 90 жылдық мерейтойына орай «Бір өңір – бір кітап» акциясы аясында «Асыл сөздің ұстасы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Іс-шара барысында қаламгер шығармашылығын зерделеу айы ресми түрде ашылғаны хабарланды.
Қоғам • 09 Тамыз, 2023
Өңірде төрт түлік мал азығын әзірлеуге арналған цех ашу жұмыстары мықтап қолға алына бастады. Талас ауданына қарасты Ақкөл ауылындағы «Жан» шаруа қожалығының жетекшісі Жанай Сартаев бүгінде құрамажем өндіру жұмысын жандандырып отыр.
Білім • 08 Тамыз, 2023
Алты мектеп оқу жылына дайын емес
Білім ордаларына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу соншалықты қиын шаруа ма? Кім білсін... Жамбыл облысындағы алты мектептің білім алушылары 1 қыркүйекте алғашқы қоңыраудың сыңғырын естімейтін түрі бар. Шалғайдағы ауылдарды былай қойғанда, облыс орталығы Тараз қаласындағы №28 орта мектептегі жөндеу жұмыстары уақтылы аяқталмайтын болды.
Мәдениет • 07 Тамыз, 2023
«Тереземді ұрмаңдаршы, тамшылар»
Мелодия адам баласын еліктіріп қана қоймайды, кейде тіпті ерітіп, елжіретіп те жібереді. Өйткені сазда да сөз бар. Ал әні мен сөзі қатар үйлескен шығарма кімді де болсын, бейжай қалдырмайтыны анық. Оған ешкімнің таласы жоқ та шығар.
Балалар • 04 Тамыз, 2023
«Мөлдір бұлақ» балалар игілігіне берілді
Мемлекет басшысы өңірлердегі Президент резиденцияларын балабақша немесе сауықтыру лагерлеріне айналдыруды тапсырған болатын. Сол тапсырмаға сәйкес Жамбыл облысындағы ғимарат «Мөлдір бұлақ» оқу-сауықтыру орталығы болып қайта ашылды.
Денсаулық • 04 Тамыз, 2023
Шомылу маусымы бастала салысымен жұрттың өзен-көлді, бассейн, каналдарды жағалап кететіні белгілі. Оңтүстіктің ми қайнататын аптап ыстығында жергілікті жұрт тау суына түсіп, салқындайтыны да бар. Әйткенмен, тұрғындар кейде рұқсат етілмеген жерлерде суға түсіп, зардап шегіп жататыны ақиқат.