Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ
Табиғат МҰСЫЛМАНҚҰЛ«Egemen Qazaqstan»
1928 материал табылды

Аймақтар • 30 Қаңтар, 2023

Күйік шалғандар лайықты ем алды

Шалғайда жатқан Мойынқұм ауданының 26 және 54 жастағы екі тұрғынының денесін толықтай дерлік күйік шалған. Биназар ауылының тұрғындары дәрігерлердің жедел іске кірісуінің арқасында өмірге қайта келгендей күй кешіп отыр.

Аймақтар • 29 Қаңтар, 2023

Несібені арттыратын несие

Жамбыл облысында қолға алынған жергілікті халықтың табысын арттыруға бағытталған қанатқақты жоба енді «Ауыл аманаты» жобасы аясында жүзеге асырылады. Осылайша, өңір тұрғындары 2,5 пайызбен несие алу арқылы кәсібінің табысын еселеуге күш салады.

Аймақтар • 26 Қаңтар, 2023

Газбен толық қамтылған аудан

Облыс орталығы Тараз қаласынан 15 шақырым қашықтықта жатқан Байзақ ауданы өңірдегі халық тығыз орналасқан аймақтардың қатарына жатады. Орталыққа жақын болған соң, жергілікті жұртшылықтың жағдайы жаман емес. Әйтсе де көгілдір отын мәселесі шешілген аудандағы кейбір елді мекеннің тұрғындарын ауыз су, электр энергиясы мәселесі мазалайды.

Аймақтар • 26 Қаңтар, 2023

Ақпараттық жүйедегі аймақ

Жамбыл облысында цифрландыру жұмыстары жоспарға сай жүзеге асырылып жатыр. Өңірдің геоақпараттық жүйесін құру жұ­мыс­тары бірер жыл бұрын басталып, уақтылы аяқталған болатын. Әйткенмен, алдағы уақытта жүйені жан-жақты ақпараттармен толықтыру бағы­тында толыққанды жұмыс­тар қолға алынбақ.

Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023

Баспанасыз қалған бұқара

Жеке сектордан үй рәсімдемек болған жұрт ақшасынан айырылып, баспанадан қағылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында «баспаналы боламыз» деп үміттенген тараздықтар әкімдіктегілерге алдандық деп дабыл қақты.

Ауыл • 25 Қаңтар, 2023

Ботамойнақтағы беймәлім таңба

Байзақ ауданына қарасты Ақбұлым ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 шақырым жерде орналасқан Ботамойнақ үңгіріндегі пиктограммалар туралы нақты деректерді табу – қиынның қиыны. Бір анығы, шатқалда орналасқан үңгірдің пішіні ботаның мойнына ұқсас болғандықтан, жергілікті жұрт «Ботамойнақ» деп атап кеткен екен.

Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023

Берекелі студенттер үйі

Соңғы жылдары аудан орталықтарында студенттерді жатын орынмен қамтамасыз ету жұмыстары мықтап қолға алына бастады. Бұған дейін Құландағы ауылшаруашылық бағытындағы колледж қасындағы бұрынғы жатақханаға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Өткен жылы Шу ауданында да студенттер үйі жастарға есігін айқара ашты.

Аймақтар • 23 Қаңтар, 2023

Жүргізушілерге сес болатын «Сергек»

Тараз қаласында «Сергек» аппараттық бағдарламалық кешені қосылатыны туралы ақпарат өткен жылы тарап үлгерген еді. Бейнебақылау жүйесінің нақты қашан іске қосылатыны туралы ел арасында сан түрлі қауесет те жүрді. Халық «Сергекті» алаңдай күткен еді...

Руханият • 23 Қаңтар, 2023

«Рахмет саған, туған ел» қалай жазылды?

Елі ерке ақын атап кеткен Нарша Қашағанұлының бақилық болғанына да біраз жылдың жүзі болды. «Елде тұрам» деп жырлаған ақынның «Ауыл ғана ауыспайтын астана» деген тіркесін таластық жерлестері аузынан тастамай айтып жүреді.

Аймақтар • 22 Қаңтар, 2023

Асанәлі орталығы салынады

Тараз қала­сында Халық әртісі Асанәлі Әшімов атын­дағы өнер орталығы салын­ады. Аталған орта­лық өңір руханиятын наси­­хаттаудағы бірден-бір ма­ңызды ны­санға айнал­мақ. Жаңа ны­санның жөн-жо­басын зерделеу мақса­тында абыз ақсақал көне шаһарға арнайы ат басын бұрды.