Қоғам • 12 Желтоқсан, 2022
Қыркүйек айында өңір басшысы Нұржан Нұржігітов пен «Қазсушар» РМК бас директоры Алтай Елжасов суару жүйелерін жаңғырту жұмыстарының барысымен танысып, бірқатар келеңсіздіктің орын алмауын жауапты тұлғаларға шегелеп тұрып тапсырған еді. Сол кезде Байзақ ауданына қарасты Сеңкібай арнасы да назардан тыс қалмаған болатын.
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2022
«Бекзат» әні қалай өмірге келді?
Екі мыңыншы жылды біздің ауылдың сол кездегі жасөспірімдері мүлде ұмытпайтын шығар. Құланның құлжалары сол жылы Сидней Олимпиадасында алтын жүлдені де, күміс медальды да еншілеген. Ермахан мен Ислам Байрамуков (бірі бокстан алтын, бірі еркін күрестен күміс жүлде) сынды саңлақтардың жеңісті жорығынан кейін біздің қатарластар еліктеді ме, солықтады ма, білмеймін. Спорт мектептеріне құстай ұшқан еді... Әйтеуір сол кезде Олимпиададағы табысты біздің құрдастар мүлде басқаша қабылдайтын...
Аймақтар • 09 Желтоқсан, 2022
Руханият • 07 Желтоқсан, 2022
Облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы «Аналар алқасы» мен «Анаға тағзым» орталығы арасындағы келісімге сәйкес өңірде «Әжемнің ертегісі» жобасы қолға алынды. Енді әжелер облыстың әр қиырында орналасқан балабақшаларға арнайы ат басын бұрып, балаларға ертегі айтып, олардың ой-өрісінің дамуына ықпал ететін болады.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2022
Облыстық көпсалалы ауруханаға қарасты перинаталдық орталықтың дәрігерлері күрделі операция жасап, сәбидің өмірін сақтап қалды. Қордай аудандық ауруханасында дүниеге келген періште жүктіліктің 36 апталық кезеңінде яғни, мерзімінен бұрын дүниеге келген. Аталған орталықтың мамандары бұған дейін де бірнеше мәрте балалардың өміріне төнген қауіпті дер кезінде тойтарған еді.
Аймақтар • 04 Желтоқсан, 2022
Шу бойында туған белгілі күйші-композитор, әйгілі «Ерке сылқым» күйімен миллиондардың жүрегінен жол тапқан Әбдімомын Желдібаевтың 85 жылдық мерейтойы облыс деңгейінде аталып өтілді. Баласағұн атындағы орталық концерт залға жиналған жұртшылық Әбекеңнің шығармашылығына арналған «Күмбірле күйім, елімде!» атты кештен рухани ләззат алды.
Аймақтар • 30 Қараша, 2022
Оқушылар отыз теңгемен қатынайды
Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы мен Луговой ауылы арасында қоғамдық көліктің тоқтап қалғанына да екі жылдың жүзі болған еді. Содан бері жергілікті таксилер бағаны көтеріп жіберген болатын. Мәселен, ауыл ішіндегі такси құны адам басына 100 теңге болса, Құланнан Луговойға жету үшін тұрғындар 150 теңге төлеп келген.
Таным • 29 Қараша, 2022
«Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының ұйымдастыруымен «Ортағасырлық Тараз» монографиясының авторы, тарих ғылымдарының кандидаты Таисия Сенигованың 100 жылдық мерейтойына орай «Жазба деректеріндегі Тараз» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция өтті.
Қоғам • 28 Қараша, 2022
Бірер жыл бұрын тараздық жас ақындар Арайлы Жақсылық пен Файзулла Төлтайдың бастамасымен қолға алынған «Авангард» поэтикалық жобасы Таразға қайта оралды. Көңілін күй күмбірімен тербеткен, жүрегін жыр жолдарымен жұбатқан жастар «Авангардты» аңсап қалыпты. «AYU» мейрамханасына жиналған олардың жүзінен сағыныш табын аңғарғандай болдық.
Экономика • 24 Қараша, 2022
Шілде айында өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттігін барлық деңгейдегі әкімдерге атап тапсырған еді.