Қоғам • 12 Қыркүйек, 2022
Өткен жылдың желтоқсан айында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң шықты. Аталған заң осы жылдың 2 наурызында толыққанды күшіне енді. Жаңа заң қараусыз қалған иттерге жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Иесі табылғанша төрт аяқтыны өлтіруге тыйым салынады. Тіпті екі айға дейін оны уақытша ұстап, бағып-қағу қажеттігі де ескерілген. Алайда ересектер түгілі балаларды талап жатқан қаңғыбас иттер туралы қоғамда жиі айтылып жүр. Ит иелерінің жауапкершіліктен жалтаруы да талай рет талқыланды.
Руханият • 12 Қыркүйек, 2022
Ес білгелі ел ішінде жүріп, бірде Қордай, бірде Таразда тұрып, қазақ әдебиетінде өшпес образдар қалдырған жазушы Несіпбек Дәутайұлының ортамыздан кеткеніне, бақиға көшкеніне де жыл толды. Шерхан Мұртазаның өзі «Қордайдың қоңыр құлжасы» деп атаған қаламгер рухына арналған дөңгелек үстел отырысы Нескеңнің туған жерінде өтті.
Аймақтар • 12 Қыркүйек, 2022
Расында да, табиғаттың тамашасына тамсанудан жалықпайсың. Меркі ауданындағы Қарақыстақ жайлауында тұрған Көккөлдің құпиясы таңдай қақтырмай қоймайды. Жергілікті жұрт «Әулиекөл» атап кеткен Көккөлде айдаһар бар деген аңызды да жиі естиміз. Өзге елден келген туристер де Көккөлді көруге құлшынып тұрады.
Аймақтар • 11 Қыркүйек, 2022
Біраз жыл бұрын өңірде «Жол жылы» жарияланған кезде көне шаһар Тараздың жолдары біраз жаңаланып қалған еді. Одан бөлек шалғай аудандардағы елді мекен жолдары да айтарлықтай реттелген болатын. Енді, міне, Жамбыл өңірінде түрлі дәрежедегі жолдарды жөндеу жұмыстары жаңа қарқынмен қолға алынбақ. Өйткені өңір басшысы Нұржан Нұржігітовтің өзі саладағы жұмыстарды ширатуды шегелеп тапсырып отыр.
Қоғам • 07 Қыркүйек, 2022
Желіккен жасөспірімдер жаңа оқу жылы бастала салысымен құқық қорғау қызметкерлерінің назарына ілікті. Полиция қызметкерлері түн қатып қыдырған жасөспірімдерді құрықтады. Ойын-сауық ошақтары мен саябақтарда, тұрғын үйлердің аулаларында түнгі сағат 11-ден кейін еркін ойқастап жүрген ерке балалар жылдағы дәстүр бойынша рейдтік тексерулер жүргізілетінін қаперден шығарып алған секілді.
Аймақтар • 05 Қыркүйек, 2022
Тараз төрінде Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Мұхтар Шахановтың 80 жылдығына арналған «Ғұмыр-дария» атты әдеби кеш ұйымдастырылды. Іс-шараға әйгілі ақын арнайы келіп қатысты. Өңір басшысы Нұржан Нұржігітов облыс тұрғындары атынан алдаспан ақынға құрмет көрсетті.
Руханият • 05 Қыркүйек, 2022
«Біз екеуміз» қалай дүниеге келді?
2000 жылдардың бастапқы кезінде жарыққа шыққан «Біз екеуміз» әні бірден хитке айналып кеткен болатын. Таудың таңғы самалындай тыңдаған сайын жаныңды рахатқа бөлейтін ғажап әннің әрбір тармағынан романтикалық сипат сезіліп тұрады. Сөзі мен сазы үйлесе кеткен шығарма әнші Досымжан Таңатаровтың орындауында көпшіліктің көңілінен шыққанымен, туындының авторлары туралы жұрт көп біле бермейді.
Экология • 04 Қыркүйек, 2022
Қаумалдар жануарларға қорған болады
Жамбыл өңірінің сартап даласы да, жусанды қыры да, асқақ тауларының бөктері де табиғи байлыққа толы. Мұндағы пейзажға жұртшылық көзін суарудан жалыққан емес. Сылдырлап аққан өзен үні мен таудың таңғажайып самалы жаныңды рахатқа бөлейді. Ал байтақ даланың байлығы – жан-жануарлар...
Таным • 04 Қыркүйек, 2022
Облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы бұл жәдігерді бір қарағанда киіз үй деп ойлап қалғанбыз. Өйткені пішіні соған келіп тұр. Десе де бұл киіз үй пішіндес жәдігеріміз шырағдан болып шықты. Музейге келушілердің басым көпшілігі әуелде киіз үй деп ойлап қалады екен.
Спорт • 01 Қыркүйек, 2022
Мүмкіндігі шектеулі, қарымы шексіз
Адамы түгілі атына дейін (әйгілі «Абсент» үш бірдей Олимпия ойындарында жүлде алған) төртжылдықтың басты додаларында топ жарған Жамбыл өңірінде мүмкіндігі шектеулі болғанымен, қарымы шексіз спортшылар жетіп артылады. Оған дәлел ретінде «дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының» табыстарын айтсақ жеткілікті.