Аймақтар • 10 Қазан, 2024
Әуелі Жамбыл облысында қанатқақты жоба ретінде басталған «Ауыл аманаты» жобасы кейіннен Президент пәрменімен еліміздің өзге де өңірлерінде жалғасын тапты. Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін, кәсіп бастауға ниетті елді мекен тұрғындарын қолдау мақсатында қолға алынған ауқымды жоба өз тиімділігін көрсетіп отыр.
Шаруашылық • 09 Қазан, 2024
Қазіргі кезде алтын бесік ауылда тұратын ағайынның кәсіп бастап, табыс табуына барлық жағдай қарастырылып жатқаны даусыз. Өңірдің ондаған ауылының тұрғындары «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген пайызбен несие рәсімдеп, төрт түлік мал өсіріп, ата кәсіпке ден қоя бастады.
Аймақтар • 09 Қазан, 2024
Облыс орталығы Тараз қаласында жыл сайын ауқымды жұмыс атқарылады. Жергілікті атқарушы билік қала халқының көкейкесті мәселелерін бірінші кезекте шешуді басты басымдық ретінде қарастырған. Нәтижесінде, ауызсу мен жол, көшелерді жарықтандыру секілді маңызды проблемалар біртіндеп шешімін таба бастады.
Өнер • 08 Қазан, 2024
Соңғы бірнеше жыл бедерінде Тараз төрінде «Күзгі әуен» атауымен классикалық әндер кеші тұрақты түрде ұйымдастырылып жүр. Сара күздің іңірі де салқын келеді. Соған қарамастан ашық аспан астында өтетін керемет кешті тараздық өнерсүйер қауым асыға күтеді. Олар үшін саябақтың салқынын алтын дауыс иелерінің өнері жылытып жіберетін секілді. Әйтеуір өнер кешін тамашалаушылардың саны ешқашан азайған емес.
Аймақтар • 08 Қазан, 2024
Облыс орталығы Тараз қаласын көгалдандыру, абаттандыру жұмысымен айналысатын «Жасыл ел – Тараз» кәсіпорнының техникалық базасын арттыруға жергілікті атқарушы билік айрықша назар аударып отыр. Кейінгі жылдары серіктестіктің техникалық базасы түрлі көлікпен толықты. Кәсіпорын жұмысының өнімділігін арттыру мақсатында күні кеше қала әкімдігі ұжымға тағы бірнеше жүк көлігінің кілтін табыстады.
Референдум 2024 • 06 Қазан, 2024
Олимпиада чемпионы Елдос Сметов саяси науқанға қатысты
Дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов республикалық референдумда өз таңдауын жасау үшін дауыс беру учаскесіне келді.
Аймақтар • 06 Қазан, 2024
Жамбыл облысының әкімі референдумда дауыс берді
Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев республикалық референдумға алғашқылардың бірі болып қатысып, өз таңдауын жасады6 деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақтар • 05 Қазан, 2024
Төрт түлікті өрісте өргізген шаруалар қыс пен көктем мезгілінің қабағын бағып, уақыты келген кезде мал азығын молынан жинап алуға ден қояды. Қиындыққа толы талай жылды бастан өткерген шаруалар биылғы ауа райының қарайласқанына шүкіршілік айтып отыр.
Өнер • 03 Қазан, 2024
Ұлы Жібек жолы бойында жатқан көне Тараз қаласы екі жыл бұрын дүниежүзілік қолөнершілер қаласының тізіміне енген болатын. Ықылым заманнан бері сауда-саттықтың ордасына айналған, тарихы тереңде жатқан қаланың мұндай мәртебе алуы – заңдылық. Байырғы дәуірде-ақ қолөнер шеберлерінің таңдаулы туындыларымен талай жұртты тәнті еткен Таразда халықаралық көрме ұйымдастыру кейінгі жылдары дәстүрге айналды.
Тағзым • 01 Қазан, 2024
Қара өлеңді қадір тұтқан жамбылдық жас таланттардың бас қоспағанына да біраз жылдың жүзі болған еді. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің бастамасымен сол олқылықтың орны толтырыла бастады. Біраз бұрын ақын Хамит Есаманның шығармашылық кешін өткізуге мұрындық болған облыс әкімі енді Шерхан Мұртаза туған Талапты топырағындағы қаламгердің қара шаңырағында жамбылдық жастардың басын қосты.