Спорт • 19 Мамыр, 2022
Шара десе, қазақтың маңдайына біткен биші қызы ойға оралады. Ал әңгімеміздің кейіпкері Шара Хамзина спорт саласында маңдай терін төгіп, халықаралық жарыстарда облыс былай тұрсын, ел намысын абыроймен қорғап жүр. Алысқа бармай-ақ қояйық, ержүрек қыз 12-15 мамыр күндері Түркияда өткен Әлем кубогында алтыннан алқа тақты. Осылайша, екінші рет аталған жарыста топ жарып отыр.
Қоғам • 19 Мамыр, 2022
Осыдан шамамен он жыл бұрын Павлодар қаласының әуежайына жақын аумақта үйлердің іргетасы салына бастады. Шенеуніктер ол жерде барлық инфрақұрылым жұмыстары жүргізіледі деп жар салған соң үй салуға асыққан ағайын жер алып, кірпіш тасып, шама-шарқынша әрекет етті. Тіпті сән-салтанаты келіскен коттедждер де бой көтерді. Өкініштісі сол, бір ауылға айналған аумақта әлі күнге дейін уәде етілген жылу құбырлары тартылған жоқ.
Қаржы • 18 Мамыр, 2022
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Біріккен Араб Әмірліктерінің инвесторлары Екібастұз қаласындағы шағын индустриялық аймақты дамытуға ниетті. Көмірлі шаһарды таңдауы бекер емес. Мұнда жарықпен жарылқайтын ірі электр стансалары орналасқан. Қала берді, моноқалаларды дамыту бағдарламасы шеңберінде бұл өңірге республикалық қазынадан қомақты қаражат бөлінеді.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2022
Павлодар педагогикалық университетінде «Академик Әлкей Марғұлан еңбектеріндегі қазақ халқының мәдени-тарихи мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Шара барысында «Әлкей Марғұлан және мәдени мұра» деген атаумен жарық көрген жаңа кітап таныстырылды.
Қоғам • 16 Мамыр, 2022
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қаңтар айындағы оқиғалардан кейін жұрт арасында еліміздің құқық қорғау саласы жиі әңгімеге арқау болғаны рас. Мақтаса – көңілге қонымды, даттаса ол да орынды. Не десек те, салаға үлкен реформа жасаудың сәті келген сияқты. Оның ауылы алыс емес. Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов цифрландыруға қадам басып, саланы барынша жаңарту жоспарда екенін айтты.
Қоғам • 16 Мамыр, 2022
Күн жылынса, құрылыс саласына қан жүгіретіні белгілі. Кейінгі жылдары Павлодар облысында бұл бағыттағы жұмыстардың ауқымы кең. Ажары келіскен жаңа ғимараттар бой көтеруде. Мәселелер де аз емес. Кадр тапшылығы, жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу бойынша түйткілдер жетерлік.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2022
Референдумды қолдау республикалық қоғамдық штабының Павлодар облысы бойынша өкілдігінің мүшелері Ақсу ферроқорытпа зауытының жұмыскерлерімен жүздесті.
Референдум • 16 Мамыр, 2022
Референдумның маңыздылығы жайлы кейбір тұрғындар біле бермеуі мүмкін. Бұл сөзді алғаш рет естігендер де бар. Осы ретте, Павлодар облысына жұмыс сапарымен келген Мәжіліс депутаттары Айгүл Нұркина, Вера Ким мен Анатолий Бойчин 3 маусымға дейін қала, аудандарды аралап, референдумға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.
Қоғам • 11 Мамыр, 2022
Сексен жастың ауылына қадам басса да таяқ ұстамай, велосипедке секіріп мінетін қарияларға қайран қаласың. Жуықта Аққулы ауданының бір топ ардагері немерелерімен бірге велошеру ұйымдастырды.
Қазақстан • 11 Мамыр, 2022
Шаханға шаһардан көше бұйыра ма?
Осы жұрт 16 шумақ өлеңі үшін 18 жылға сотталған ақын, Қазақ КСР-нің халық әртісі Шахан Мусинді біле ме екен?.. Басқа-басқа, жерлестері – павлодарлықтар тарихи тұлғаны әспеттеп жүр ме? Солай болса, неге әлі күнге дейін облыс орталығында көше былай тұрсын, бір мәдени орталықтың есімі Шаханның есімімен аталмайды? Осы күнге дейін бірде-бір іс-шара ұйымдастырылғанын да естімедік, көрмедік. Туған топырағы – Май ауданының белсенділері неге үнсіз? Әлде алыстағы Алматыдан берілген қысқа көшеге шүкіршілік етіп отыр ма?