Әлем • 01 Қазан, 2020
Сәрсенбіге қараған түні АҚШ-тың Кливленд қаласында АҚШ президентіне үміткерлер арасында дебат өтті. Республикалық және Демократиялық партиялар өкілі Дональд Трамп пен Джо Байден арасындағы пікірталастың бұрынғы үміткерлер дебатынан өзгеше болғанын бірқатар БАҚ жарыса жазуда.
Білім • 30 Қыркүйек, 2020
Студенттерге арналған конкурс жарияланды
Қазақстан студенттерінің альянсы еліміздің үздік студенттерін анықтау мақсатында алғаш рет конкурс ұйымдастырып отыр. «Қазақстанның алтын жастары» сыйлығына ел студенттері бірнеше бағыт бойынша қатыса алады.
Сұхбат • 30 Қыркүйек, 2020
Қоғамды өзгертуді ауладан бастаған абзал
«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы талай талантты жасты елге танытты. Қабілетті жастар арқылы елімізде кеңінен қанат жайған салалардан жан-жақты хабардар болдық. Бірі ағаштан түйін түйген шебер болса, бірі – халықаралық аренада елімізді танытып жүрген дипломат. Бүгінгі кейіпкеріміз – Narxoz университетінің студенттер мәселесі бойынша деканы Дана Шаяхмет жастар саясаты, урбанистика мен креативті өндіріс саласындағы жетістіктерімен танымал. Жас ғалыммен әңгімеміз ғылыми зерттеудің маңызы мен жастардың азаматтық белсенділігі төңірегінде өрбіді.
Қоғам • 29 Қыркүйек, 2020
Көлік полициясымен күш біріктірді
«Волонтер жылында» еріктілер қозғалысын дамыту мақсатында Көліктегі полиция департаменті «Менеджмент және бизнес» колледжі волонтерлерінің қатысуымен «Патруль-ерікті» бірлескен іс-шарасын өткізді. Көлік полицейлері волонтерлермен бірлесе отырып «Нұр-Сұлтан-1» темір жол вокзалында және жолаушылар пойыздарында 500 бетперде таратты.
Сұхбат • 29 Қыркүйек, 2020
Шектеулі мүмкіндіктің шексіз әлемі
Волонтерлік тек мұқтаж жандарға көмек көрсету емес, бұл – өмір салты, үлкен мәдениет. Әдетте әр еріктінің осы жолға келуінің өз тарихы, хикаясы бар. Бүгінде «Өмір лимон берсе, лимонад жасап ал» деген пәлсапа жиі айтылады. Тағдырдың жазылғанына көніп, қарап қалмай, өзі өмір сүріп жатқан қоғамды жақсартуға тырысып жүрген адамдарды көргенде болашаққа үмітпен қарайсың. Бүгінгі кейіпкеріміз Гүлден Өтебалиева жолдасымен бірге спорт мектебін ашып, Атырау облысы Махамбет ауданындағы мүмкіндігі шектеулі адамдардың спортпен айналысуына жағдай жасап жүр. Гүлден спорттың мүмкіндігі шектеулі жандар үшін маңызы мен спортқа құштарлықтың адам өміріне әсері туралы әңгімелеп берді.
Оқиға • 23 Қыркүйек, 2020
Пандемия оқу жүйесіне ғана өзгеріс енгізіп қоймай, волонтерлік мәдениетін тағы бір сатыға көтергендей. Өйткені төтенше жағдай жарияланғалы ақ жүрек азаматтарымыздың ізгі істеріне талай мақала арналды. Жаңа оқу жылына «Ұлттық волонтерлік желі» де өздерінше қамданды. Бірі мектепке оралса да, республика оқушыларының жартысынан көбі қашықтан оқып жатқаны белгілі. Осы орайда ұйым аз қамтылған отбасыларға қашықтан оқуға мүмкіндік жасап, компьютерлер сыйлады.
Бағдарламалар • 22 Қыркүйек, 2020
Бес жылдық бағдарлама таныстырылды
Nur Otan партиясының Jas Otan жастар қанатының 2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы таныстырылды. Ұйым басшылары жастар саясатын дамытуға бағытталған жас қазақстандықтар өмірінің негізгі салаларын қамтитын жаңа бағдарлама арқылы азаматтардың өмір сапасы мен қоғамдық белсенділігін арттыруды көздеп отыр.
Экология • 21 Қыркүйек, 2020
Бүкіләлемдік экологиялық акция
Елордада Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің бастамасымен бүкіләлемдік «World clean up day» экологиялық акциясы өтті. Іс-шара аясында елордадағы триатлон-саябақта ағаштар отырғызылып, автомобиль жолдары бойындағы қоқыстар жиналды. Сенбілікке Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, Сенат пен Мәжіліс депутаттары, қоғам қайраткерлері, спортшылар мен қала тұрғындары қатысты.
Саясат • 21 Қыркүйек, 2020
Жергілікті билік өзге елдерде қалай сайланады?
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында жергілікті өзін өзі басқаруды дамытудың кезі келгенін, соған сәйкес жаңа тұжырымдама әзірлеу мен жергілікті басшылардың құзыреті мен жауапкершілігін арттырудың қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ Президент алдағы уақытта ауыл әкімдерін тікелей сайлауды ұсынды. Бұл тәжірибе бірқатар шет мемлекетте әлдеқашан қолданысқа енген. Осы орайда аймақ басшыларын халқы сайлайтын мемлекеттердің тәжірибесіне шолу жасап көрген едік.
Әлем • 21 Қыркүйек, 2020
Қытай үкіметі жеке ақпараттарға, қауіпсіздікке нұқсан келтіреді деп бірқатар мемлекетте тыйым салынған Tik tok қосымшасының АҚШ-пен жұмыс істеуіне қарсылық білдіретінін хабарлады.